- •Беті, лор-мүшелері мен мойны жарақаттанғандарға медициналық эвакуация кезеңдерінде медициналық көмек ұйымдастыру.
- •4.1. Алғашқы медициналық көмек.
- •4.2. Дәрігерге дейінгі көмек.
- •4.3. Алғашқы дәрігерлік көмек.
- •4.4. Квалификациялы(білікті) хирургиялық көмек.
- •4.5. Арнайы хирургиялық көмек.
- •5 Тарау
- •5.1. Жақ сынықтарының уақытша иммобилизациялау әдістері.
- •5.2. От жарақатынан кейінгі жақ сынықтарының тұрақты (емдік) иммобилизациясының консервативті әдістері.
- •5.3. Жақтың отжарақаты сынықтарын оперативті бекіту әдістері. (остеосинтез).
- •5.3.1. Жоғарғы жақ остеосинтезі.
- •5.3.2. Жоғарғы жақты бассүйектің зақымдалмаған сүйектеріне бекіту (Адамс әдісі).
- •5.3.3 Жоғарғы жақты ғаныш қалпақшасы, тістік шендеуіштер және байламдар арқылы репозициялау және бекіту (Дингман әдісі)
- •5.3.4 Киршнер біздері арқылы иммобилизациялау.
- •5.3.5 Сынықтарды сүйекүсті металлды шағын табақшалар және бұранда шегемен бекіту.
- •5.3.5 Сынықтарды сүйек тігісі арқылы ажырату.
- •5.3.6 Төменгі жақ остеосинтезі
- •5.3.8. Сынықтарды сүйекті тігіспен бекіту
- •5.3.9. Металл шағын пластинкалар мен бұранда шеге көмегімен иммобилизациялау
- •5.3.10. Сынықтарды металл қапсырма арқылы алдын ала берілген қасиеттері бойынша бекіту.
- •5.3.11 Ауыз сыртылық аппараттардың жiктелуi
- •5.3.12. Сүйек сынықтарын статикалық аппараттар арқылы бекіту.
- •5.3.13 Компрессиялық-дистракциялық аппараттар көмегiмен остеосинтездеу
- •5.4. Төменгi жақ оқ жарақаттарын хирургиялық өңдеу.
- •5.5. Жоғары жақтың оқжарақатын хирургиялық өңдеу.
- •5.6. Реперативті регенерацияны дәрі-дәрмекпен коррекциясы
- •5.6.1. Жақтың репаративті процесін оптимизациялау
4.5. Арнайы хирургиялық көмек.
Алғашқы хирургиялық өңдеу– беттің, ЛОР-ағзалары мен мойынның оқжарақатында— мамандандырылған көмекті сәйкес мамандар (нейрохирургтер, оторинола¬рингологтер, окулисттер менбет-жақсүйек хирургтер) тобы жеңіл жарақат алғандарға арналған әскери далалық госпиталінд МПГ көрсетеді. Одан басқа, емді ұзақ уақыт талап ететін жарақат алғандарды тылдағы госпитальдар мен ауруханаларға, жолдайды.
Жеңіл жарақаттанғандарға арналған әскери далалық госпиталі 500 төсекке есептелген. оның негізгі бөлімшелері нейрохирургиялық, ЛОР, офтальмологиялықпен тіс-техникалық зертханасы бар бет-жақсүйек хирургия бөлімшесі. Жалпы хирургиялық аспаптардан басқа, ЗВ мен УЧ (бет-жақсүйек) жиынтықтары ОСМП майдан базасының госпитальдық басқармасының нейрохирургиялық тобының бет-жақсүйек хирургын жабдықтау үшін, НЧ (№ 2стоматологиялық) терімі бар. Бұл жиынтық екі дәрігерден тұратын дәрігерлік бригаданы жұмыспен және 30—40 операция жүргізуді қамтамасыздандырады.Одан басқа, ТП (100 жарақаттыға есептелген тіс-протезді) жиынтығы ментіс-техникалық (ТТ) жиынтықтар: ТТ-1 (құрылғы), ТТ-2 (аспаптар), ТТ-3 (заттар мен материалдар) бар. Осы кезеңде алғаш рет госпитальдің УО-1 мен УО-2 офтальмологиялық және УЛ отоларингологиялық бөлімшелері үшін немесе нейрохирургиялықтопты күшейту үшін жиынтықтарпайда болады.
офтальмологиялық және УЛ отоларингологиялық бөлімшелері үшін немесе нейрохирургиялықтопты күшейту үшін жиынтықтарпайда болады.
Медициналық іріктеу жүргізген соң, бірінші кезекте КРП жарақаттанғандарды, яғни радиациялық сәулелену алғандарды өңдейді. Бұл жарақат алушылардың жарақатына радикалды біріншілік хирургиялық өңдеу, сәулелі ауруы басталғанша 7-14 тәулікке созылатын алдауыш сәтті кезеңде жарақаттың тартылып үлгеруі үшін қажет. операциядан кейін бұл жарақат алғандарды сәулелі ауруы бойынша емдейтін, тылдағы әскери дала госпиталіне аударады. радиоактивті элементтермен ластанған жарақаттарды әдеттегі әдіс бойынша өңдейді.
Екінші кезекте тіндері көлемді бұзылған, тіндерінде ақауы бар, жай сынықтары бар және жұмсақ тіндері кішігірім зақымданған жарақат алғандарды өңдейді. Бұл ауқымды жарақаттары бар және пластикалық операциялар мен ұзақ емді қажет ететін жарақат алғандарды операциядан кейін тылдағы госпитальдарға, ал жеңіл жарақаттанғандарды — жеңіл жаралылар әскери дала госпиталіне эвакуациялауға қажет. Осы әдістен кейін жеңіл жаралылар әскери дала госпиталі емін жалғастыратын, үшінші кезекте операция жасалатын көптеген жарақаттанғандарға орын босатады.
Бұл жарақат алғандарға 90 тәулікке дейін созылатын медикаментозды, физио- мен диеталық емдеу жүргізеді. Емі аяқталған жарақат алғандарды денсаулық жағдайы мен әскери қызметкердің әскери қызметке жарамдылығы туралы қорытынды жасайтын ВВК отырысына жолдайды.Жарамды деп саналғандарды бөлімшесіне жібереді де, ал жарамсыз деп саналғандарды тылдағы госпитальға емін аяқтауға жібереді немесе әскерден босатады.
5 Тарау
БЕТІ ЖАРАҚАТТАЛҒАНДАРДЫ ЕМДЕУ.
Жарақаттың ауырлығына және тіңдердің зақымдалу көлеміне байланысты бет,құлақ,мұрын,жұтқыншақ мүшелерін жарақаттаған адамдар жеңіл жарақаттанғандар бөлімшесіне немесе арнайы ВПХГ бөлімшесіне жатқызылады. Бір айдан астам уақыт емделетін науқастарды тыл госпитальдеріне жатқызады. Бетке жарақат алғандардың емі жалпы және жергілікті емнен тұрады.Жергілікті емі біріншілік,қайталамалы,екіншілік жарақаттың хирургиялық өңдеуіне, сынған сүйектің сынықтардың иммобилизациясынан және жарақатты сыртқы зиянды әсерлерден изоляциялау мақсатымен жабудан тұрады. Жергілікті әсерлерге антибактериальды дәрі-дәрмектерді қолдануды жатқызады. Олар жарақатты некроздалған тіндерден тазартады,репаративті процесстердің өткізгіштігін ынталандырып, қанның реологиялық қасиеттерін және микроциркуляторлы жүйенің функционалдығын жақсартады. Организмге жалпы әсері жергілікті тіңдердің потенциясын жоғарлатуға, оның микробты агрессияға тұрақтылығына,сол агрессияның активті қарсыласуына және интоксикациямен күреске бағытталған. Жоғарыда аталған шаралардың ішінен бірінші орында,әрине жарақатты өңдеу мен сынған сүйектің иммобилизациясы жатады. Егер бұл шаралар орындалмаса немесе нашар жасалса, онда келесі іс –әрекеттердің пайдасы аз болады.
Жақтардың иммобилизациялау әдістері тұрақты және уақытша ауыз ішілік және ауыз сыртылық деп бөлінеді. Тұрақты әдістер тіңдердің зақымдалуымен байланысты емес консервативті және операциялық бөлімшелерінде жүргізілетін оперативті болуы мүмкін. Консервативті әдістер көп жағдайда БЖА хирургтарымен және сирек жағдайларда стоматолог-ортопедтермен жасалынады. Себебі қазіргі кезде оперативті әдістер жақсы дамыған. Жақ сынықтарының бекітілуі және сынықтардың бітісіп кетуі не болмауы мүмкін,не хирургиялық әдіспен жақсы орындалуы мүмкін,сол себепті ортопедиялық емді қажет етпейді.
