Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
китап Перизат.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.84 Mб
Скачать

5.3.6 Төменгі жақ остеосинтезі

Төменгі жақ сынықтарын иммобилизациялау үшін ошақты остеосинтез (сүйек тігісі шуруптары бар сүйекүсті шағын пластинкалар, арнайы қажырмалар, остеопласт желімі, тез қатаятын пластмасса, қызылиекүсті шендеуішсіз қоршаған тігістер , сүйекішілік стерженьдер мен кейде Киршнер бізі), жабық ошақты остеосинтез (Киршнер бізі, қоршайтын тігіс), жабық ошақ сыртындағы остеосинтез (қоршалған тігіс, S-тәрізді және унификацияланған ілмектер, ауыздан тыс клеммді және біз аппараттар) және ашық ошақ сыртындағы остеосинтез (шендеуіші бар қоршалған тігіс, ауыз сыртындағы клеммді және бізді құрылғылар) қолданады.

Негізінен остеосинтезді емдеудің консервативтік әдісі қалаған нәтиже бермегенде немесе науқасты тексеріп болғаннан кейін консервативтік әдіс адекватты репозицияны қамтамасыз етпегенде және сынықтарды тиімді бекітпеген жағдайда қолданады.

Остеосинтезге көрсетім: сүйек тінінің ақауы бар немесе ақаусыз төменгі жақтың кез келген жерде орналасқан жаңа, ескірген, дұрыс өспейтін сызықты немесе жарықшақтық сынықтары. Төменде остеосинтезге көрсетімдердің толықтай сипаттамасы берілген: 1) тіс қатарының шегінде екі жақта берік орналасқан тістер санының жеткіліксіз болған жағдайдағы сынықтары; 2) тіс қатарындағы үлкен тіссіз сынықтардың пайда болғандағы сынықтар; 3) тіс қатарындағы санаулы түрде сынықтардың орын ауыстыруымен пайда болған сынықтар және оларды басқа жолдармен репозициялау болмаған жағдайда; 4) тіс қатарының артында сынықтардың орын ауыстыруымен пайда болған сынықтар; 5) ісіктің немесе созылмалы остиомиелиттің нәтижелерінен пайда болған патологиялық сынық; 6) төменгі жақ денесі мен бұтағының үлкен және кіші сынықтары; 7) айдаршық өсіндісі зақымданбайтын жақтың дене және бұтақ бұзылыстары; 8)төменгі жақ остеопластикасы; 9) туа пайда болған және жүре пайда болған бұзылыстары кезінде пластикалық операциялар.

Ашық остеосинтез түрін қолданған кезде әрқайсысына қосымша нұсқаулық беріледі.

Төменгі жақ остеосинтезін өткізгіштік, соның ішінде бағаналық және инфильтрациялық анестезиямен немесе төменгі мұрын жолы арқылы интубациялық наркозбен жасайды.

5.3.8. Сынықтарды сүйекті тігіспен бекіту

Жоғарыда көрсетілгендей сүйек тігісі үшін диаметрі 0,6-0,8 мм сымды қолданады. Соның ішінде сынықтарда каналдарды жасау үшін бормашинаның ұштықтары мен керек диаметрлі бұрғыларды немесе №9,11,13 фиссур борды қолданады, олардың ұштарын 3 қырлы пирамида түрінде тас ұштағышпен ұштайды. Лигатуралар ұштарын сынықтардың ішкі беткейінен каналдарға өткізіп, 10-15см сыртқа қарай сымды өрген дұрыс.

Остеосинтезге көрсетімдердің ішінен сүйек тігісін салу үшін төменгі жақтың ұсақ жарқыншақтық және қисық сынықтары мен сүйек ақауы бар сынықтарды алып тастау керек. Ұсақ жарқыншақтық сынықтарды жақты мүсіндегенде бұл сынықтардың жұмсақ тіндермен байланысы үзіледі, оларды алып тастау керек. Себебі олар міндетті түрде секвестрлерге айналып кетеді, сынықтарды жұлу жақ бұзылыстарын туындатуы мүмкін. Сүйек бұзылыстары кезінде сүйек тігісін жасау - сынықтардың бірігуін, тістүйістің бұзылысын, жақтың өзгерісін, сонымен қатар науқас бетінің өзгерісін туындатады.

Әрбір жақтың сынықтары кезінде, жұмсақ тіндерді бөлшектегенде сүйекүстінің сыртқы, ішкі беткейлерінен тіліп, көрінген сүйек сынықтары мен қан ұйындыларын жояды. Сынықтың орын ауыстыруы мен бағыттарын анықтайды, себебі ол арқылы трепанациялық каналдардың сынықтарда орналасуын, сым лигатуралардың бағытын және кезекті бұрылуларын көрсетеді.

Жарақат сынықтарын біріктіріп, тістүйістің қайта қалпына келуін міндетті түрде бақылайды. Бұл уақыт өте маңызды болып саналады, себебі кейбір жағдайларда жара сынықтарының дұрыс проекциясы тістүйісті қалпына келтірмейді. Көбінесе сынықтарды бекіту үшін 2 лигатураны қолданады.

Сынықтың аралас күшіне айналуының біреуі қарсы әрекет жасайды. Сондықтан репонирлеуші деп аталуы мүмкін. Басқа лигатураны сынықты дұрыс орнына бекітеді, сондықтан бекітілмеген лигатуралы болып саналады. Репонирленген лигатура ұштары бірінші болып бұралады, кейін бекітіледі. Келесі лигатураны бұрау әдісі дұрыс емес ( қате) орналасуы - сынықтардың бұралуына әкеп соғуы мүмкін. Сүйек тігістерінің репонирлену мен бекітілу деп бөлінуі әдейі біліп жасалынған және олардың әрқайсысының остеосинтез процессінде рөлін, мақсатын көздейді. Остеосинтез процесінің рөлдері – сүйек тігістерін бөлу-репонирлеуі мен бекітілуін біліп жасау. Кейбір жағдайларда сүйек каналдары мен лигатуралардың орналасуын қолданады, ал ол репонирлеуші-бекітуші сүйек тігістерін пайда қылдырады.

Жоғарыда есептелендей сынықтар каналдарын бұрғылайды, соның қуыстарынан екі жақты 0,8-1,0 см алыстатып, кейін төменгі жақтың ішкі беткейіне жұмсақ тіндерді сақтап қалу үшін металл шпатель мен распатор өткізеді. Сүйек тігістер салған соң жараны резеңке шығарғышпен 1-2 күнге қабаттап тігеді. Екі, үш, көпжақты сынықтар кезінде операция тактикасы басқаша болады. Бір сынықтың орнына сынық бөліктерін жалаңаштап біткен соң, ішіне қарай каналдарды бұрғылайды және лигатуралы сымдарды қояды, ұштарын оңай бұрап, ал жара ұштарын бір провизорлы тігіспен стерильді салфеткалармен жабады.

5.17-сур.Төменгі жаққа сүйек тігісті біріктіріп орнату нұсқалары. Ең соңғы аймағын өзектерді бұрғыланынан кейін сымды лигатураларды еңгізу үшін сынық репозициясын жасайды, тістемнің және жараның қалпына келтіруін, олардың жанасуын бақылай отырып, кезекті сынық лигатураларын бұрып қояды.

Операцияға дейін сынықтарды бұрғылау оңай болу үшін тістерге Айви бойынша жақаралық бұрғылау жасауға болады.

Сүйек тігістерін және тісүсті шендеуіштерді комбинирлеп пайдалану. Остеосинтезге кіріседі. Жақ доғасының аймағындағы сынық сызығын жалаңаштағаннан кейін сынық бөліктерін тістемге сәйкес орналастырады, 2,3 сынық аймағын бекіту мақсаты бойынша ауыздан шығып тұрған сымды лигатура ұштарын бұрайды. Кейін сынық каналдарын бұрғылайды және сүйек тігістерін жақ бұрышы аймағына қарай жасайды.

Төменгі жақтың оқ жарақат сынықтары кезінде сүйек тігісін және кейбір жағдайларда ғана жүзеге асырмайтын сынық болған кезде сызықты өте сирек сынықтардың пайда болуын қолданады.

Көбінесе сүйек тігістерін шешпейді. Бірақ, травматологиялық остеомиелит немесе остеомиелит белгілерінсіз жыланкөз дамыса, ағзаға әсер ететін бөгде заттар реакциясы жүрсе, оларды жою керек.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]