- •Беті, лор-мүшелері мен мойны жарақаттанғандарға медициналық эвакуация кезеңдерінде медициналық көмек ұйымдастыру.
- •4.1. Алғашқы медициналық көмек.
- •4.2. Дәрігерге дейінгі көмек.
- •4.3. Алғашқы дәрігерлік көмек.
- •4.4. Квалификациялы(білікті) хирургиялық көмек.
- •4.5. Арнайы хирургиялық көмек.
- •5 Тарау
- •5.1. Жақ сынықтарының уақытша иммобилизациялау әдістері.
- •5.2. От жарақатынан кейінгі жақ сынықтарының тұрақты (емдік) иммобилизациясының консервативті әдістері.
- •5.3. Жақтың отжарақаты сынықтарын оперативті бекіту әдістері. (остеосинтез).
- •5.3.1. Жоғарғы жақ остеосинтезі.
- •5.3.2. Жоғарғы жақты бассүйектің зақымдалмаған сүйектеріне бекіту (Адамс әдісі).
- •5.3.3 Жоғарғы жақты ғаныш қалпақшасы, тістік шендеуіштер және байламдар арқылы репозициялау және бекіту (Дингман әдісі)
- •5.3.4 Киршнер біздері арқылы иммобилизациялау.
- •5.3.5 Сынықтарды сүйекүсті металлды шағын табақшалар және бұранда шегемен бекіту.
- •5.3.5 Сынықтарды сүйек тігісі арқылы ажырату.
- •5.3.6 Төменгі жақ остеосинтезі
- •5.3.8. Сынықтарды сүйекті тігіспен бекіту
- •5.3.9. Металл шағын пластинкалар мен бұранда шеге көмегімен иммобилизациялау
- •5.3.10. Сынықтарды металл қапсырма арқылы алдын ала берілген қасиеттері бойынша бекіту.
- •5.3.11 Ауыз сыртылық аппараттардың жiктелуi
- •5.3.12. Сүйек сынықтарын статикалық аппараттар арқылы бекіту.
- •5.3.13 Компрессиялық-дистракциялық аппараттар көмегiмен остеосинтездеу
- •5.4. Төменгi жақ оқ жарақаттарын хирургиялық өңдеу.
- •5.5. Жоғары жақтың оқжарақатын хирургиялық өңдеу.
- •5.6. Реперативті регенерацияны дәрі-дәрмекпен коррекциясы
- •5.6.1. Жақтың репаративті процесін оптимизациялау
5.3.11 Ауыз сыртылық аппараттардың жiктелуi
Төменгi жақ сынықтарын бекiту үшiн ауыз сыртылық аппараттардың бiрнеше модельдерi бар, олардың сүйекке бекiтілуiне байланысты екi үлкен топқа бөлген жөн. Бiрiншi топқа арнайы қысқыштары (клеммалары) бар аппараттарды қосуға болады, олар төменгi жақтың беткейiне бекiнедi, ал сыртқа шығып тұрған бөлiктерiн сынған жақтың бөлігін бекiту үшiн қолданады. Екiншi топтағы ауыз сыртылық аппараттар үшiн біздерді қолданады, олардың бiр жақ ұшын төменгi жақтың бойы арқылы өткiзедi, ал сыртта қалған екiншi жағын сынықтарды бекіту үшін пайдаланады.
Сынықтарға әсер ету әдiсiне байланысты бұл аппараттарды статикалық (берiлген қалыпта сынықтарды пассивтi ұстау), компрессиялық ( бiрдей қысым жасаушы - компрессия, қысу - сынық ұштарын) және компрессиялық-дистракциялық (алдыға қойған мақсатқа байланысты сынық ұштарын қысу немесе созу - сүйек мозолiнiң дистракциясы).
5.3.12. Сүйек сынықтарын статикалық аппараттар арқылы бекіту.
1949 жылы В.Ф.Рудько алғаш рет төменгi жақтың ақауы болған жағдайда сынықтарды бекiту үшiн статикалық аппаратты ойлап тапты. Кейiнiрек сынықты репозициялауға арналған Вернадский, Панхочи сияқты аппараттар пайда болды. Бұл және басқа да авторлардың аппараттары бір принцп бойынша ұйымдастырылған, бірақ жеке бөлшектерінің конструктивті шешімінде аз ғана айырмашылықтар бар. Әрбiр аппаратта әр сыныққа арналған сүйекүсті қысқыштары бар оларды винтті құрылғы көмегімен төменгi жақ денесiнiң негiзiнен кiшкене биiгiрек жерiне бекітеді. Әмбебап қысқыштар мен топсалар сүйекүстi қысқыштарды штангы арқылы байланыстырып біріңғай мықты жүйе қалыптастырады. Рудько аппаратына толығырақ тоқтасақ, ол бұл топтардың iшiндегi классикалық аппарат өкiлi.
Рудько аппараты ілмек түріндегі сүйекүстi қысқыштардан (клеммлардан) және әрбiр iлмектің каналындағы қысылатын винттен, төменгі жақтың үздікіздігін қамтамысыз ететін ілмек пен штанганы байланыстыратын әмбебап қысқыштардан тұрады (5.37 - сур). Бұл остеопластика үшiн құрылған аппаратты кейінірек сынған жерде тістері жоқ сызықты және жарқыншақтық сынықтарды емдеуге қолдана бастады. Сынған төменгi жақтың остеосинтезi үшін ілмегінің басы үшкірленген сүйекүсті қысқыштары қолданылады, ол жұмсақ тіндерге жасалған аз ғана тілік арқылы тінге кіруді жеңілдетеді.
Операция алдында науқастың бетiне бояудың көмегімен сынық саңылауының бағытын , жақтың негізін және сынық саңылауының 2 см аралықтағы клеммалардың енгізу орнын белгілейді. Өткiзгiштiк және инфильтрациялық жансыздандыруды қолдана отырып 1 – 1,5 см ұзындықтағы алғашқы сызықты тілікті жақ негізіне бойлай сүйекке дейін жасайды, оның центрінен жоғары тері мен тері асты шел май қабатына (ұрт бұлшықетіне дейiн) сондай ұзындықтағы екінші тілікті жүргізеді. Бiз Т-тәрiздi тiлiк жасауды ұсынамыз, себебi жұмсақ тiндер көбiнесе аппараттардың клеммалары мен төменгi жақ арасында қысулы қалады. Үшкiр емес аспаппен жақтың негізіндегі және ішкі беткейіндегі тіндерді ажыратады. Қолмен немесе крампонды қысқыштар көмегiмен сүйекүстi қысқыштың ілмегін жара iшiне енгiзiп, оның үшкір жағын жақтың денесінің ішкі беткейіне дейін жеткізеді де, ол беткеймен және жақ негiзiмен мiндеттi түрде жанасуын көздейдi. Тұтқыл кiлт көмегiмен қысылатын винттi жақтың сыртқы беткейiне жанасуы үшiн тығыз бұрайды.
5.37
- сур. Жинаулы түрдегi
Рудько аппараты.
Жақ сынығын қолмен ұстап тұрып, қысқышты тербете отырып оның сүйекке бекітілуінің беріктілігін тексереді. Дәл осы әдiспен жаққа екiншi клемманы бекiтедi. Егер қысқыштың жанында кiшкене жарақаттар сақталса, оларды тiгедi. Үлкен каналы бар әмбебап қысқышты клемманың сыртқы арқасына кигізеді, ал кішкентай каналға сүйекүсті қысқыштарды біріктіретін штанганы енгізеді. Сынықтар репозициясынан кейiн (тiстемдi қалыптастыруды бақылау) гайкаларды әр әмбебап қысқышта қатты байлап тастайды. Кiшкентай жаралар және сүйекүсті қысқыштарының айнласындағы теріні күн сайын ауыстырып тұратын йодоформды марлімен басып қояды. Керек болған жағдайда тiгiс салады.
Қойылған аппарат тұрақты күтiмдi, клеммалар және олар айналасындағы терiні антисептикалық ерiтiндiлермен (йод ерiтiндiсi, хлоргексидин және басқа да) тиянақты өңдеудi талап етедi. Себебi қысқыш және терi арасындағы қуысты аймақтарда жұмсақ тіндер мен сүйектің инфицирленуі мүмкін. Операциядан 8-10 күннен кейiн сүйекүстi қысқыштың үшкір бөлiктерiнiң сүйекпен жанасуынан және көп күш түсуіне байланысты бұл жерлерде сүйек тiндерiнiң резорбциясы басталып, сүйекүстi қысқыштардың қозғалтқыштығы пайда болады. Оларды жою үшiн торцалы кiлтпен қысылатын винттердi тартады. Сүйек тiндерiнiң басталып кеткен сорулары тоқталмайды және винттерді әр 5- 6 күн сайын және одан да көбiрек бұрауға тура келедi.
Көбiнесе аппаратты 4-5 аптадан кейiн шешедi. Бiрақ та интенсивті сүйек резорбциясы кезiнде қысқыштар орнында тесікті дөңгелек формалы өзгерiстер пайда болады, аппарат және сынықтар қозғалмалы болып, оны алдын ала шешуге тура келедi. Аппаратты алып тастау алдында әмбебап қысқыштар мен штангаларды демонтирлейдi. Инфильтрациялық жансыздандыру астында клемма айналасында пайда болған тыртықтарды кесіп, клеммаларды босатып, доға тәрiздi қозғалыспен алып тастайды, ал жараны тiгiп, асептикалық жапсырмамен жауып қояды.
Статистикалық аппараттар ішіндегі негізгісі ЕК [Ермолаев И.И., Кулагов СИ., 1979] және А.А.Дацко (1988) құрастырған аппарат болып саналады. Олардың сүйекке беку элементті ретінде қысқыш емес, спица қолданылады. Бұл оларды клемді аппараттардан қолайлылығымен, бекіткіш элементтерді енгізу жолымен және сүйекке белгілі бір жүктемені беретін бөгде заттарға деген реакциясымен ерекшелендіреді. Сүйекке үдемелі жүктеменің түсуі оның сорылуына алып келетіні айқын белгілі. Сүйек бойымен өткізілген спицаның жалпы ауданы, сүйекпен нүктелі байланысы бар сүйек үстілік қысқыштан үлкендеу, сондықтан бірлік ауданға түсетін жүктеме аз және спица айналасындағы сүйек резорбциясы сирек туындайды. Бұл жағдайдың жиі туындау себебі, спицаны енгізу технологиясының бұрыстығы, қызып кетуі мен сүйек күйігі болып табылады.
ЕК аппаратында төменгі жақсүйектің әрбір сынығына біреулеп, ал сирегірек екеулеп горизонтальды жазықтыққа спицаны қатарлап енгізеді. Оларды созылған шектеулі формасы бар штангімен, планкамен және гайкамен байланыстырады (5.38 - сурет).
А.А.Дацко аппараттың үш моделін жасады. Бұл аппаратта төменгі жақтың негізіне және сыртқы беткейіне жұптасып енетін спицтер доға тәрізді планкаға бекітіледі. Өз кезегінде олар шарнирлі біріктірілген түзусызықты планка көмегімен, әлде Рудьконың екі параллельді доғалы аппаратымен және Ю.И.Вернадскийдің (1957) модернизацияланған қысқышты қолданылуымен немесе төменгі жақтың орташа көлеміне қарай қисаюы кезінде металды қаптамаға байланыстырады.
Аппараттың конструкциясында компрессионды-дистракциялық түйін қарастырылған, бірақ автор сипаттама бойынша олардың мүмкіндіктерін қолданбаған. Сүйек ақаулары кезінде де ол жергілікті тіндердің остеопластикасынан КДА көмегімен жүзеге асыруға болатын күдікті бос остеопластиканы қалады. Төменгі жақсүйектің оқжарақатынан дамыған сүйек тініндегі ақауы кезінде Рудько аппараты сынықтарда тіс болмағанда салынуы мүмкін.
