Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
китап Перизат.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.84 Mб
Скачать

5.3.10. Сынықтарды металл қапсырма арқылы алдын ала берілген қасиеттері бойынша бекіту.

Қапсырма диаметрi 1,6 мм сым никель қоспасынан жасалған (50,8 ат %) және титаннан ( 49,2 ат %) жасайды. Осы қоспадан жасалған бұйым ерекшелiктерi (ТН -1ХЭ) терiс температуралы ортада болғанда олардың жұмсаруы және оңай өзгеруі.

5.22-сур. В.К.Поленичкин (1987) ұсынған төменгi жақты бекiтуге арналған қажырмалар: А тәрізді қапсырманы төменгi жақтың көлденең сынықтары үшiн; Б тәрізді қапсырманы - қисық (жылжымалы) сынықтары үшiн.

Қапсырма жануардың жылуқанды дене температурасы кезiнде өзiнiң алғашқы қасиетін қалпына келтіреді (формасы мен берiктiгiн). Титан никелиді биологиялық тiндерге инерттiлiгiмен, жоғары коррозиялы тұрақтылығы мен, жақсы механикалық қасиетімен ерекшеленедi. В.К.Поленичкин (1987) алғаш рет қапсырманың 3 формасын алдын ала берiлген құрылысы бойынша бетсүйек сынықтарын иммобилизациялау үшiн жасады. Ең сәттi және қолдануға ыңғайлы болып 5.22-суреттегi қапсырмалар саналады. 5.22-суретте көрсетiлген қапсырмалар астында төменгi жақтың көлденең сынықтарының аздаған сынық қуысының қисаюы; Б әрпінің астындағы қапсырмаларды өте қатты қисық сырғымалы сынықтарда салады, себебi ұзын иық 2сыныққа кiрiп, олардың сырғуына кедергi келтiредi.

А қапсырмасы остеосинтездеу кезiнде жергiлiктi немесе жалпы анестезиямен төменгi жақтың аймағында тiндерді тіліп, сынықтарды сыртқы жағынан мүсіндейдi. Сынық қуысынан 1-1,5см алыстатып, тесіп өтетін каналдарды бұрғылайды, 15-20 минут аралығында хлорэтилмен қапсырманы қойған кезде салқындатады, қапсырманы 2 крампон қысқышпен созып, алдын ала репозицияланған сынықтардың сүйек каналдарына қапсырманың ұштарын кигiзедi. Крампон қысқыштарды тез шешедi де, оң қолдың бiрiншi саусағымен 30-40с бойы қапсырманы басады. Алдын ала берiлген қасиеті бойынша қапсырманы қыздырғанда өзiнiң бастапқы формасын қалпына келтiредi, ұштары бір-біріне жақындайды, 7,0+0,2кгс -ке тең сынықтардың компрессиясын туындатады. Сынық саңылауының тегiс емес беткейлерiн бар күшпен қысқанда, сынықтардың жылжуына кедергi келтiредi.

5.23-сур.(а,б,в) төменгi жақтың көлденең сынығы кезiнде А қапсырмасын қою.

Төменгi жақтың өте қисық сынықтары кезiнде сынықтардың бiр-бiрiне жылжуы бұл жақ жартысын қысқартады. Осындай жағдайларда бiр-бiрiнен 1,5-2 есе ұзынырақ ұштары бар қажырмаларды қолданады. Жақтың төменгi беткейiнiң және сыртқы сүйекүстiн сөгiп бiткен соң екі каналды бұрғылайды. Жасалынған ұзын канал үшiн жақтың негiзгi сынықтарының бiреуiнен басталып, сынық қуысы тiк бұрышта қиылысып , басқасына кiредi. Екiншi канал жоғарыда айтылған әдiс арқылы басқа сынықта жасалынады.

Салқын хлорэтилдi ағыммен қапсырманы крампон щипсылармен және ұзын ұшын жақтың негiзiгiндегi каналға кiргiзедi,ал қысқа ұшын басқа сынық каналына еңгiзедi. Осы әдiспен сүйекiшiлiк-сүйекүстiлiк сынық бекiтуiн компрессленушi құрылғымен жасайды (5.24). Жараны қабаттап тiгедi және дренаждайды.

5.24-сур. Төменгі жақтың қиғаш сынығы кезінде Б скобасын қою кезеңдері.

Никельді титан қапсырманы алдын ала берiлген құрамы бойынша оң сапалы сүйекүстi шағын пластиналармен (жақтың бiр жақты жалаңаштануымен), сүйекiшiлiк біздерімен және компрессирлеушi аппараттарының оң нәтижелi айырмашылыққа ие болуы ауызсыртылық үлкен конструкциялардың жоқ болуынан туындайды.

Тағы бiр Киршнер біздерін қолдануды В.В.Донский (1976) төменгi жақ аймағы бұрышының сынықтарын бекiтудi ұсынған. Автор ретромолярлы аймақты жасап, жартылай трапеция тәрiздi лоскутты қабаттап, ақыл тiстi және сынық қуысының сүйек сынық бөлшектерiн жұлуды ұсынды. Сынықтар репозициясынан кейiн Киршнер бізін параллельдi , молярлар мойыны деңгейiне орналастырып, төменгi жақ бұтағына 1,5-2см тереңдiкке еңгiзедi.

Кейiн 2 жарты плоскогубцылар көмегiмен төменгi тiс қатары бойы біздердің ұшын бос майыстыру керек, ал артықтарын кусачкалармен жұлып тастайды. Сынықтар иммобилизациясы тiске лигатурлы сыммен біздердің ұштарын иiп байлағаннан кейiн жүредi. Жақ негiзiнде орналасқан бiрiншi саусақпен iлмектi терi арқылы басып, оның тілін төменгi жақ денесiнiң iшкi беткейiне енгiзедi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]