Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
китап Перизат.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.84 Mб
Скачать

4.2. Дәрігерге дейінгі көмек.

Дәрігерлік жәрдемге дейінгі көмекті батальонның медициналық пунктінде көрсетеді, оның құрамына 1 фельдшер, 1 санитарлық инструк­тор, 2 санитар, 4 жүргізуші-санита­р кіреді. Басты тұлға фельдшер —батальонның медициналық пунктінің бастығы. Батальонның медициналық пунктінде медициналық жабдықтарды тасымалдайтын және шабуылдайтын ұрыста қолданатын, санитарлық машина УАЗ-452А, ұрыс алаңында жарақаттанғандарды іздеу, жинау мен тасымалдау үшін (екі тасымалдау немесе үш отыратын) 3 санитарлық транспортер ЛУАЗ-967М мен автотіркеме болады. Батальонның медициналық пункті келесі құралдармен жабдықталған: 80-100 жарақаттанға мен күйгенге; УЗ 50-60 зақымданғандарға; фельдшер мен санитарлық инструктор үшін; дәрігерге дейінгі көмекті қамсыздайтын фельд­шерлік әскери жиынтық. CMC санитарлар мен жүргізуші-санитарларға арналған: Б-1 жиынтығы (100 жарақаттанға арналған зарарсыздандырылған таңғыш құралдар); Б-2 жиынтығы (50 жарақаттыға арналған транспорттық шендеуіштер); өкпенің жасанды вентиляция аппараты ДП-11 (екі маска), екі маскаға екі литр КИ-4 баллондары бар кислородты ингалятор; басы жарақаттанғандарға арналған шлем; жамбасы мен омыртқа бағанасы жараланғанғандарға арналған НИВ-2 зембілі; санитарлық зембіл баулар, санитарлық зембілдер және т.б. жатады.

Батальонның медициналық пункті роталардағы жарақаттанғандарды және ауруларды іздеу, жинау және тасымалдау, оларға алғашқы медициналық және дәрігерлік жәрдемге дейінгі көмек көрсету, жарақаттанғандарды іріктеп, полктың медициналық пунктіне тасымалдауға даярлау, рота санинструкторларының медициналық шығын құралдары мен мүлкін толықтыру және т. б. мәселелерді шешеді.

Шабуылдау кезінде атқыш-санитарлар өздерінің взводтарында, санинструктор рота командирінің жанында болып, жалпы медициналық басшылық жасайды, санитарлық транспортерлар роталарға жақындап, оның артынан ілесе жүреді. Шабуылдаушы соғыста батальонның медициналық пункті бірден жұмыс істейді. Ол үздіксіз бата­льонның артынан ілесе, тек жарақаттанғандар «ұясында» жарақаттанғандарға дәрігерлік жәрдемге дейінгі көмек көрсету үшін аз уақытқа аялдайды. Қорғаныста батальонның медициналық пункті батальонның екінші эшелонының артында алдыңғы қатардан 3 км қашықтықта орналасады.

Тек қорғану соғысында батальонның медициналық пункті, дәрігерлік жәрдемге дейінгі көмек көрсетілетін (фельдшерлік), медициналық эвакуация кезеңі болады.

БМП көмек көрсету реті мен тасымалдау тәсілі туралы мәселені шешу үшін жарақаттанғандарды іріктеуден басталады.

Фельдшер мен санинструктор салынған таңғыштарды тексеріп, түзетеді. Таңғышты тек қан немесе сілекей қатты сіңгенде (әсіресе қыс уақытында), жарақаттан түсіп, оны жаппаса ғана ауыстырады. Ол үшін Б-1 жиынтығының құрамын қолданады. Таңғышты ауыстырғанда жарақат маңайындағы теріні йодтың спиртті ерітіндісімен өңдейді, ал егер жарақат ауыз қуысымен бірігіп жатса, теріні мацерациядан қорғау мақсатымен оған қосымша цинк майын жағады. Саливацияны басу мақсатымен ішуге атропин ерітіндісін немесе итжидек тұнбасын береді.

Қатты қан ағуды бұралған таңғышпен тоқтату мүмкіндігі болмаса, әскери фельдшер жиынтығын қолданып, жарақаттағы қан ағып тұрған тамырға қан тоқтататын қысқыш салады. Жоғарыда айтылғандай, қан аққан жақтағы ортақ күретамырға да қыспа таңғыш салуға болады.

Жоғарғы тыныс алу жолдарының өткізгіштігі бұзылған кезде ұрыс алаңында қолданылатын әдістер орындайды, мұнда жарақаттанғанның денесін ыңғайлы қалыпқа қояды: бір қырынан; басын жарақат алған жаққа бұрып арқасынан; маңдайы мен кеудесіне қандай да бір зат қойып ішіне жатқызады; бетін алдына еңкейтіп отырғызады. Дем алуды жақсарту мақсатымен ауақұбырын қолданады. Ең болмағанда қажеттілікке қарай тек ауыз қуысын тазалағаннан кейін, әскери фельдшер жиынтығын қолданып, тілді көлденең жазықтықта жібек бунақжіппен (лигатурамен) тігеді. Жоғарыда баяндалғандай, дем алу қалпына келгенше тілді алдына тартады, лигатураны мойнын айналдыра бекітеді немесе кеуде терісіне тігіп [Энтин Д.А., 1941], сол жерге лигатураның ұштарын байлайды (4.2 сурет).

Жарақаттанғандарға ДП-11 немесе КИ-4 көмегімен кислородпен дем алдырады.

Шокпен күресу мақсатымен әскери фельдшер жиынтығынан есірткі анальгетиктер мен жүрек-тамыр дәрілерін енгізеді. ДП-11, КИ-4 көмегімен кислородпен дем алдырады. Локальды соғыстарда фельдшерда пластмасс пакеттерде тамыр ішіне енгізетін қан ауыстырушы (полиглюкин, реополиглюкин) ерітінділер болады. Мұнда, пакеттегі қысымды жоғарылату үшін, оны тасымалдауда ыңғайсыз болатын штативке ілмей, жарақаттанғанның салмағын қолданып, пакетті арқасына немесе жанбасына салады. Мұндай жарақатталғандарды химиялық грелкалар, көрпелер, жатын қаптар мен ыстық сусындардың көмегімен жылытуға тырысады.

Жақсүйекке оқ тиіп сынған кезде Б-2 жиынтығын қолданып, сынған жақсүйекті стандартты бас таңғыш (мөлшерсіз тақия) пен қатты иек таңғыштан (тесіктері бар пластмасс науадан) құралған, стандартты транспорттық шендеуіш-сақпанша таңғыш көмегімен бекітеді.

4.2 суретте асфиксиян алдын алу үшін бекіту әдісі. А- жіп мойынға бекінген, б – жіп көкірек терісіне бекінген

Жақсүйекті бекіту алдында жарақаттыға резеңке түтігі бар астауды қолданып, шөлін қандыру қажет. Су ішіп жатқан уақытта жарақат алғандарға антибиотиктер беру ұсынылады. Бізге бұл ұсыныс өте даулы болып көрінеді, өйткені пайда болған анафилаксиялық шок жарақатты үшін, жарақаттың іріңдеу мүмкіндігімен ешбір салыстыруға келмейді, әрі өліммен аяқталуы мүмкін.

Жұтқыншақты немесе өңешті тесіп өткен жарақатқа күмәнданған кезде, су ішкізуге мүлде болмайды, тек еріндерін сулап, ауыз қуысының сілемейлі қабықшасы мен тілін суланған дәке түйіршіктерімен сүртуге болады.

Барлық жарақат алғандар мен зақымданғандарға сіреспеге қарсы 3000 АЕ сары су енгізеді.

УЗ (уландыратын зат) уланудың клиникалық белгілері табылған жағдайда әскери фельдшер жиынтығын қолданып, антидоттар шашады, ал дененің ашық жерлерін жеке таңба пакетінің құрамымен уды бейтараптау үшін өңдейді.

Жарақат алғандарды қарағаннан кейін фельдшер эвакуационды-транспорттық тасымалдау түрін (қайда, қандай күйде, қай кезекпен, қандай транспортпен) жүргізуі тиіс. Жеңіл жарақат алғандар санитарлық немесе жолшыбай транспортпен отырып тасымалданады. Орташа дәрежелі ауырлығы бар және ауыр жарақат алғандарды зембілге жатқызып санитарлық көлікпен тасымалдайды. Фельдшер өз бетімен көшіре алмайды. Жарақат алғандарды «өзіме» қағидасы бойынша полктік медициналық пункт санитарлық-транспорттық құралдарымен тасымалдайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]