- •Беті, лор-мүшелері мен мойны жарақаттанғандарға медициналық эвакуация кезеңдерінде медициналық көмек ұйымдастыру.
- •4.1. Алғашқы медициналық көмек.
- •4.2. Дәрігерге дейінгі көмек.
- •4.3. Алғашқы дәрігерлік көмек.
- •4.4. Квалификациялы(білікті) хирургиялық көмек.
- •4.5. Арнайы хирургиялық көмек.
- •5 Тарау
- •5.1. Жақ сынықтарының уақытша иммобилизациялау әдістері.
- •5.2. От жарақатынан кейінгі жақ сынықтарының тұрақты (емдік) иммобилизациясының консервативті әдістері.
- •5.3. Жақтың отжарақаты сынықтарын оперативті бекіту әдістері. (остеосинтез).
- •5.3.1. Жоғарғы жақ остеосинтезі.
- •5.3.2. Жоғарғы жақты бассүйектің зақымдалмаған сүйектеріне бекіту (Адамс әдісі).
- •5.3.3 Жоғарғы жақты ғаныш қалпақшасы, тістік шендеуіштер және байламдар арқылы репозициялау және бекіту (Дингман әдісі)
- •5.3.4 Киршнер біздері арқылы иммобилизациялау.
- •5.3.5 Сынықтарды сүйекүсті металлды шағын табақшалар және бұранда шегемен бекіту.
- •5.3.5 Сынықтарды сүйек тігісі арқылы ажырату.
- •5.3.6 Төменгі жақ остеосинтезі
- •5.3.8. Сынықтарды сүйекті тігіспен бекіту
- •5.3.9. Металл шағын пластинкалар мен бұранда шеге көмегімен иммобилизациялау
- •5.3.10. Сынықтарды металл қапсырма арқылы алдын ала берілген қасиеттері бойынша бекіту.
- •5.3.11 Ауыз сыртылық аппараттардың жiктелуi
- •5.3.12. Сүйек сынықтарын статикалық аппараттар арқылы бекіту.
- •5.3.13 Компрессиялық-дистракциялық аппараттар көмегiмен остеосинтездеу
- •5.4. Төменгi жақ оқ жарақаттарын хирургиялық өңдеу.
- •5.5. Жоғары жақтың оқжарақатын хирургиялық өңдеу.
- •5.6. Реперативті регенерацияны дәрі-дәрмекпен коррекциясы
- •5.6.1. Жақтың репаративті процесін оптимизациялау
5.3.5 Сынықтарды сүйек тігісі арқылы ажырату.
Сүйек тігісі - остеосинтездің ежелгі түрі болып табылады. Б.э.д. 4000 жыл бұрын бір Египет мумиясы тірі кезінде алтын сыммен тігілген сүйек тігісін анықтады. Сүйек тігісін жоғарғы жақты бекіту үшін қолдану –сүйекүсті шағын пластинкаларды қолдануға мүмкіндік берді және олар үшін негіз жасап шығарылды. Сүйек тігісіне қарағанда сүйектің шағын пластинкалары берік жақсы жасалды, сондықтан оны көбірек қолдана бастады.
Сүйек тігісін салуға арналған көрсетімдер болып жаңа сынықтар мен оңай түзетілетін сынықтар саналады. Сүйек тігісі үшін маркасы 1Х18Н9Т,ЭП-400,ЭЯТ -1 тантал, болат, тат баспайтын темір сымдарды, диаметрі 0,6-0,8мм капрон жіпті қолданады. Сынықтарда жасалған каналдар арқылы сымдарды өткізу үшін олардың сыртқы және ішкі жақтағы ұштарын жалаңаштайды. Ол айтарлықтай сүйек трофикасын бұзады және остеогенезді күрделендіреді.
Лефор І типі бойынша жоғарғы жақ сынғанда бетсүйек доғасы және бет-маңдай тігісі аумағынан қастың ұзына бойы, шашты алдын ала алып тастап тіледі (5.3.2 бөлімін қараңыз). Сүйекті мүсіндейді, кейін бет-маңдай қуысының аймағына кіргізіп, сүйекүстін тіледі және көз клетчаткасын сөгеді. 1 см қуыстан алысырақ тұрып, бор немесе бұрғыш арқылы керек диаметрлі сымды сүйек каналдарын бұрғылайды. Көз ішіндегі сұйықтықты тегіс құралмен қорғайды. Сымды (немесе капрон лигатураларды) сүйек каналдары арқылы өткізіп, сынық репозициясын жүргізіп, тек жараның ғана емес, сонымен қоса тістемнің орналасқанын бақылайды. Кейін ұштарын сыммен бекітеді. Сым артықтарын жұлып, 0,5см сүйекке майысқан ұштарын қондырады. Жарақаттарды тігіп, 1 күнге резеңкелік дренаж қояды.
Лефор ІІ типі бойынша жоғарғы жақ сынғанда тігісті үнемі көзасты қырға қарай қояды. Жұмсақ тіндер тігісі сол секілді 5.3.6. бөлімнің суретіндегідей. Бұл операция шағын пластинкалардан ерекшелінеді, көзасты қырынан сүйекүстіне дейін сөгіп, төмен көз қабырғасынан 1 см сынық қуысынан алысырақ тұрып, өзектерді бұрғылайды, оларға сымды кіргізеді. Жара сынықтарының репозициясынан кейін тістер қатарының жанасуын бақылап, сым ұштарын бұрап, қысқалау қылып қиып, сүйекті майыстырып, кейін жарасын тігеді. Лефор ІІ,ІІІ типі бойынша сынғанда бет-альвеолярлы айдаршық аймағына қарай кейде сүйек тігісін жүргізуге болады. Ол үшін шырышты қабаттан және параллель ауыз қуысының кіреберісіндегі төмен тігісіне қарай сызықты тілік жасайды. Бет-альвеолярлы айдаршықты скелеттейді, 2 ұрт жақты сызықтың жоғары-төмен бағытта каналдарын бұрғылайды. 1 каналға сымды пинцетпен еңгізеді, ал басқасына арнайы сыммен еңгізеді. Сынықтарды репонирлеп сүйек тіндерімен бекітеді. Бұл жерде көп жағдайда сүйек тігістерді жасауға мүмкіндік болмайды, себебі сынық қуысы өте биік немесе өте төмен өтеді. Пайда болған каналдар арқылы сымдарды өткізуге мүмкіндік болмайды. Сондықтан бұл операцияны бастамас бұрын сынық қуысының орнын біліп алған жөн. Сүйекүсті шағын пластинкалардың бір артықшылығы – сүйек тігісін жасағанда керек болатын қарама-қарсы өзек ұшының әдістерін бекітуді талап етпейді.
