Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
китап Перизат.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.84 Mб
Скачать

4 – ТАРАУ.

Беті, лор-мүшелері мен мойны жарақаттанғандарға медициналық эвакуация кезеңдерінде медициналық көмек ұйымдастыру.

Соғыс уақытында медициналық қызметтің індеттерінің бірі- , әскерлерді емдік-эвакуациялық қамтамасыз етуді ұйымдастыру (ЕЭҚ). ЕЭҚ негізін тағайындау бойынша эвакуацияланатын жарақат алғандар мен зақымданғандарды кезеңмен емдеу жүйесі құрайды.

Алғаш рет ЕЭҚ жүйесін Н.И.Пирогов (1866) ұсынған. Барлық әскерлердің ЕЭҚ жүйесінің басты элементі - эвакуация әдісінің кезеңділігі. Медициналық эвакуация кезеңіне эвакуация жолдарында кездесетін (жолдар, теміржол стансалары, әуежайлар, теңіз бен өзен порттары және т.б.), медициналық қызметтің құралдары мен күштері, және жарақат алғандарды қабылдауға арналған медициналық іріктеу, медициналық көмек көрсету, эвакуацияға даярлау мен жарақат алғандарды эвакуациялау жатады. Медициналық эвакуация кезеңдерінің негізгі мақсаты жарақат алғандар мен зақымданғандардың өмірін сақтау. Алайда, әрбір кезеңнің мүмкіндігі әртүрлі, ол түрлі диагностикалық және емдік-эвакуациялық шараларды жүргізуге мүмкіндік беретін маман мен жабдықтың болуымен анықталады. Әрбір медициналық эвакуация кезеңі айқындалған медициналық көмек көлемін көрсету үшін тағайындалған.

Қазақстан Республикасы Қарулы күшінің Әскери-медициналық доктринасы ұйымдастыру, эвакуациялық, емдік, профилактикалық, гигиеналық, эпидемияға қарсы жүйелерден және басқа бөлімдерден тұрады. Мұнда жарақат алғандар мен зақымданғандарды емдеу кезеңін ұйымдастыруды қарастырады. Келесі көмек түрлерін: алғашқы көмекті, дәрігерге дейінгі көмекті, алғашқы дәрігерлік, квалификациялы (хирургиялық, терапиялық) және мамандандырылған (хирургиялық, терапиялық) көмекті көрсетуді жоспарлайды. Әскери аумақта, мұнда соғыс алаңынан бастап, көмектің алғашқы үш түрін көрсетеді. Осы көмектің түрлері белгіленген тәртіп бойынша көрсетілуі тиіс, бірақ тез өзгеретін әскери және медициналық жағдай қарастырылған кейбір кезеңдерді қалдырып, жарақат алғандар тасымалданғанда өзінің түзетулерін енгізуі мүмкін.

Азаматтық дәрігерлерге, курсанттарға, Қазақстанның жоғары оқу орындарында институтта, академия мен университетте білім алушыларға кішігірім ескерту. Төменде жазылғандардың барлығы әскери әрекеттерге байланысты, алайда біздің өмірімізде экстрималды жағдайлар толып жатыр, сондықтан азаматтық дәрігерлерге әлі көп уақыт жарақат алғандар мен зақымданғандарға көмек көрсетуіне тура келеді. Әскери медициналық эвакуация кезеңдерінің барлығын азаматтық мекемелерге ауыстыруға болады. Сөйтіп, алғашқы көмек бейбітшілік өмірде кенет немесе жоспарланған оқжарақатта, аң аулауда, көлік оқиғасында, техногендік немесе табиғи апатта және т.б. жарақат алғанда қажет болуы мүмкін. Дәрігерлік жәрдемге дейінгі көмек фельдшер-акушерлік пунктте, алғашқы дәрігерлік көмек кішігірім ауыл ауруханасында немесе кішігірім қаланың ауруханасында және т.б. көрсетілуі мүмкін.

Әрбір медициналық эвакуация кезеңінің алдында тұрған жеке міндеттері, бұл диагностикалық және емдік-эвакуацялық шаралар жүргізуге арналған түрлі мүмкіндіктермен анықталады. Ұлы Отан соғысы кезінде Б.Д.Кабаков (1953) пен И.А.Бегельман (1951) жүргізген жарақат алғандарды емдеу нәтижесін талдау барысында жарақатты неғұрлым аз кезеңнен өтсе, соғұрлым соңғы емдеу нәтижесі жақсы болатынын растайды. Вьетнамдағы АҚШ медициналық бөлімшелерінің жұмыс тәжірибесі өте пайдалы, соғыс алаңынан жарақат алғандарды бірден медқызметкерлері бар арнайы жабдықталған тікұшақтарда госпитальға тез эвакуациялау (0,5—2 сағат ішінде тасымалдау) есебінен жарақат алғандар арасындағы өлім−жетімді екінші дүниежүзілік соғыс кезеңімен салыстырғанда 5 есе төмендетуге қол жеткізді [Журавлева Г. П., 1980].

Алайда, медициналық қызметкерлердің жұмыс істейтін жағдайы қолайлы бола бермейді, әрқашанда тікұшақ пен басқа техниканы қолдану мүмкіндігі болмағандықтан, медициналық көмекті кезеңмен көрсетуге мәжбүр болады.

Әрбір жарақат үрей туғызбау үшін, өзіне немесе қаруласына көмек көрсету қиын мәселеге айналмау үшін, әрбір әскери бөлімшеде әскери қызметкерлерді өзі-өзіне немесе өзара көмек көрсетуге даярлау бойынша сәйкес жұмыс атқарылуы тиіс. Осы жұмысты атқаруға жауапты - полк медицина қызметінің бастығы. Ротада мұндай жұмысты санитарлық инструктор, батальонда — фельдшер МПБ бастығы орындайды. Барлық әскери қызметкерлер жарақат алғандардың кейіпсізденген сырт келбеті жарақат ауырлығымен жиі сәйкес келмейтіні туралы жақсы хабардар болуы тиіс. Әрбір жарақат алғандардың мойнындағы күретамырлық артериясының пульсін пальпациялаумен анықтап, тыныс алуын кеуденің қозғалуымен, аузы мен мұрнынан будың шығуы мен ірі дыбысы бойынша мұқият қаралуы тиіс.

Жеке құрам қан ағуды ірі тамырларда саусақпен басып және бетте жиі кездесетін: құлақ бүртігінің алдындағы – самайдың беткейлік артериясын, төменгі жақсүйектің қырында шайнау бұлшықетінің алдындағы – бет артериясын, жұтқыншақ шодырының сыртындағы –ортақ күре тамырды 6-омыртқаның ұйқы төмпешігіне жеткенше тіндерді терең басып тоқтатуды білуі тиіс.

Алайда, авторлардың жеке тәжірибесі көрсеткендей, мұндай тамырды басып көмек көрсетуге күш тек 10 минутқа әрең жетеді. Бұл уақыт қан тоқтату үшін жеткіліксіз. Одан басқа, бір қолдың саусақтарымен тамырды басып тұрып екінші бос қолмен жарақат алғанды тасымалдау мүмкін емес.

Сондықтан жеке құрам оң жақтағы немесе керісінше, көтерілген қолдың иығын қолданып, жарақат алған жағындағы күретамырға қыспа таңғышты салуды білуі қажет.

Барлық әскери қызметкерлерге жара таңғышты таңуды үйрету қажет. Төменгі жақсүйек жарақаттанғанда қатты, қыспа таңғыш салуға мүлде болмайтынын есте сақтау керек, өйткені одан төменгі жақсүйек бөлшектері жылжиды және жарақаттанғанды тұншықтырады. Сонымен қатар мойынға бұрау салуға мүлдем болмайды.

Әскери қызметкерлер сынған жақсүйекті немесе омыртқа бағанының мойын бөлігін жай иммобилизациялауды, олар асфикцияны ойдағыдай жеңіп, қажет болған жағдайда, «ауыздан ауызға» және «ауыздан мұрынға» жасанды дем алдырып, жүрекке жабық массаж жасауды меңгеруі тиіс. Қатты ауырғанда, шоктың алдын алу үшін немесе дамыған шокта, УЗ зақымданғанның алғашқы белгілері пайда болғанда, әскери қызметкер жеке дәріқобдишадағы жансыздандыру құралының инъекциясын енгізе білуі тиіс.

Медэвакуация кезеңдері

Рота

Батальон

Полк

Дивизия

Денсаулық Министрлігі-нің тылдық

госпиталь-

дары

А

Ш

©

©

mi)

Алғашқы медициналық көмек

Дәрігерлік жәрдемге дейінгі (фельдшерлік) көмек

Алғашқы

дәрігерлік көмек

Білікті медициналық көмек

Мамандандырылған медициналық көмек, мамандардырылған ем

4.1- сурет. Медициналық эвакуация кезеңдері мен оларда көрсетілетін көмек көлемі.

Осындай даярлықты, азаматтық қорғаныс жоспарымен тұрғындарға да алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйретуге даярлаудың үлкен мәні бар, өйткені әртүрлі төтенше жағдайларда, сонымен қоса әскери әрекеттерде көмегі тиюі мүмкін.

4.1- суретте ҚР Қарулы Күштерінің медициналық эвакуация кезеңдері мен әрқайсысында көрсетілетін көмек көлемі ұсынылған. Мұнда көмек көлемі қатаң қағидалармен, жабдықтармен, аспаптармен, персоналмен және т.б. регламенттелгенін айта кеткен жөн. Алайда бұл көмек көлемі белгілі бір жағдайларда (қорғану немесе шабуылдау операциясында, жарақаттанғандар жаппай түскенде және т.б.), жоғары тұрған медицина бастығының бұйрығы бойынша өзгеруі мүмкін. Опель ұсынған медициналық эвакуацияның классикалық түрін қарастырайық. Қазіргі жағдайда әскери әрекеттердің екі кезеңді медициналық эвакуациясы қолайлы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]