- •Оңтүстік қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы
- •Лабораториялық сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Шымкент
- •Сілтілі сулы сығындылардан органикалық еріткіштермен экстракцияланатын заттар
- •§ 32. Хинин
- •Хининді ашу
- •Апиын мен омпонон
- •Морфинді ашу
- •Морфинді ашу
- •Морфинді фотоклориметрия тәсілімен анықтау
- •Кодеинді ашу
- •Кодеинді анықтаудың экстракция
- •Папаверин
- •Папаверинді ашу
- •Галантамин
- •Галантимінді ашу
- •Анабазин
- •Анабазинді ашу
- •Анабазинді фотоколориметриялық анықтау тәсілі
- •Никотин
- •Никотинді ашу
- •Ареколин
- •Ареколинді ашу
- •Кониинді ашу
- •Атропин
- •Атропинді ашу
- •Скополамин
- •Кокаинді ашу
- •Стрихнин
- •Стрихнинді ашу
- •Бруцинді ашу
- •Резерпин
- •Резерпинді ашу
- •Пахикарпин
- •Пахикарпинді ашу
- •Секурининді ашу
- •Эфедрин
- •Эфедринді ашу
- •Аконитин
- •Аконитинді ашу
- •Орыс тілінде
Пахикарпинді ашу
Бушард реактивімен реакциясы. Заттық шынысына бірнеше тамшы зерттелетін заттың хлороформдағы ерітіндісін тамызады да құрғағанша бөлме температурасында буландырады. Құрғақ қалдықты 1-2 тамшы 0,1 н. хлорсутек қышқылы ерітіндісінде ерітеді. Алынған ерітіндіге 1-2 тамшы Бушард реактивін қосады. Ерітіндіде пахикарпин болса, 5-10 мин кейін (осы препараттың мөлшері тым аз болса 30-40 мин кейін) сұйықтық жиектерінде пішіні емен жапырағын еске түсіретін алтын-сары не алтын-жасыл кристалдар өсінділері пайда болады. Ашу шегі: сынамада 3,5 мкг пахикарпин.
Кобальт роданидімен реакциясы. Пахикарпин кобальт роданидімен кристалдық тұнба береді.
Реакцияның орындалуы. Заттық шыныға бірнеше тамшы зерттелетін заттың хлороформдағы ерітіндісін тамызады да, құрғағанша бөлме температурасында буландырады. Құрғақ қалдыққа 1-2 тамшы 0,1 н. хлорсутек қышқылы ерітіндісін және осындай көлемдегі реактив қосады. Пахикарпин болса, көгілдір призмалық кристалдар өсінділері пайда болады. Біраз тұрса, осы кристалдар іріленеді және бұтақты дендриттер түріне енеді. Ашу шегі: сынамада 1,5 мкг пахикарпин.
Пикрин қышқылымен реакциясы. Пахикарпин 0,5 %-тік пикрин қышқылы ерітіндісімен кристалдық тұнба түзеді (сарғыш-жасыл призмалық кристалдар өсінділері). Ашу шегі: сынамада 5 мкг пахикарпин. Бұл реакция да, алдынғы сияқты орындалады.
Пахикарпиннің броммен тотығуы. Өзінің йодсутекті тұзынан пахикарпинді ашу үшін келесі реакцияны қолданады:пахикарпин гидроиодидін суда ерітеді, ерітіндіні аммиакпен сілтілейді, ал кейін осы алкалоид негізін 2-3рет хлороформмен (әр жолы 5 мл) экстракциялайды. Хлороформды сығындыларды біріктіріп, көлемі 1 мл болғанша буландырады. Буландырылған хлороформды сығындымен сүзгі қағаздың тілігін (2-3 см) ылғалдайды да, бөлме температурасында кептіреді. Кейін сүзгі қағазды бромы бар ыдыстың тесігі үстінде айқын сары бояу пайда болғанша ұстайды. Бояу пайда болғаннан соң 20-30 мин кейін қағазды аммиак бар ыдыс тесігі үстінде бояу жоғалғанша ұстайды. Осындан кейін қағазды фарфор тостағаншаға салады да, оны қайнаған су жылытқышында қыздырады. Қағазда алқызыл не қызыл түстің пайда болуы, зерттелетін ерітіндіде пахикарпин барлығын көрсетеді. Ашу шегі: сынамада 0,25 мг пахикарпин гидроиодиді.
Препаратдағы иодид-иондарды ашу. Пахикарпин негізінін хлороформмен экстракциялаудан қалған аммиакты сулы ерітіндіні қышқылдық реакцияға дейін (лакмус бойынша) 10 %-тік күкірт қышқылы ерітіндісімен қышқылдайды. Осы ерітіндіге 2-3 тамшы 1 %-тік натрий нитриті ерітіндісін, 3 мл хлороформ қосып, шайқайды. Иод иондары болса, хлороформ қабаты күлгін түске боялады.
СЕКУРИНИН
Секуринин-жартылай бұта секуринегада болатын алкалоид. Медицинада практикасында суда жақсы, этил спиртінде қиын еритін секуринин нитраты қолданылады. Секуринин органикалық еріткіштермен сілтілі сулы ерітінділерден экстракцияланады.
Қолданылуы. Денеге әсері. Секуринин орталық жүйке жүйесін қоздырады, жұлынның рефлекторлық қозуын арттырады. Әсері жағынан секуринин стрихнинге жақын, бірақ оның улағышттығы стрихниннен 8-10 есе кем. Ол медицинада сергітуші дәрі ретінде қолданылады. Секуринин жылдам шаршайтын неврастенияда, жүрек қызметі нашарлағанда және кейбір басқа ауруларда қолданылады.
