- •Оңтүстік қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы
- •Лабораториялық сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Шымкент
- •Сілтілі сулы сығындылардан органикалық еріткіштермен экстракцияланатын заттар
- •§ 32. Хинин
- •Хининді ашу
- •Апиын мен омпонон
- •Морфинді ашу
- •Морфинді ашу
- •Морфинді фотоклориметрия тәсілімен анықтау
- •Кодеинді ашу
- •Кодеинді анықтаудың экстракция
- •Папаверин
- •Папаверинді ашу
- •Галантамин
- •Галантимінді ашу
- •Анабазин
- •Анабазинді ашу
- •Анабазинді фотоколориметриялық анықтау тәсілі
- •Никотин
- •Никотинді ашу
- •Ареколин
- •Ареколинді ашу
- •Кониинді ашу
- •Атропин
- •Атропинді ашу
- •Скополамин
- •Кокаинді ашу
- •Стрихнин
- •Стрихнинді ашу
- •Бруцинді ашу
- •Резерпин
- •Резерпинді ашу
- •Пахикарпин
- •Пахикарпинді ашу
- •Секурининді ашу
- •Эфедрин
- •Эфедринді ашу
- •Аконитин
- •Аконитинді ашу
- •Орыс тілінде
Атропинді ашу
Алкалоидтарды тобымен тұнбаға түсіретін реактивтермен реакциясы. Атропин Бушард, Драгендорф, Майер және т.б. реактивтермен тұнбалар береді.
Витали – Морен реакциясы. Бұл реакцияны атропинді азот қышқылымен қыздырғанда оның ыдырауына негізделген. Мұнда тропин мен троп қышқылы түзіледі:
Зерттелетін заттың хлороформдағы ерітіндісін енгізеді және құрғағанша бөлме температурасында буландырады. Құрғақ қалдыққа 1 мл концентрленген азот қышқылын қосып, сұйықтықты қайнап тұрған су жылытқышында құрғағанша буландырады. Мұнда құрғақ қалдық сары түске енеді. Құрғақ қалдықтың бір жақ шетіне 3-5 тамшы ацетон, екінші жақ шетіне 1-2 тамшы күйдіргіш натрийдің спирттегі 10 %-тік ерітіндісін тамызады. Көрсетілген ерітінділерді құрғақ қалдықпен түйістіргенде тез жоғалатын күлгін бояу пайда болады, ол ерітіндіде атропин барлығын көрсетеді. Ашу шегі: сынамада 1 мкг атропин.
Атропиннен басқа бұл реакцияны гиосциамин, скополамин, вератрин күшала және басқа заттар береді. Аталған заттар болса, бояу реңкі өзгешелеу болады және атропин бояуына қарағанда, жылдамырақ жоғалады.
п-диметиламин бензальдегидпен және күкірт қышқылымен реакциясы. 2-3 мл зерттелетін ерітіндіге 3-5 тамшы концентрленген күкірт қышқылындағы 5 %-тік п-диметиламинбензальдегид ерітіндісін қосады. Атропин болса, қызыл бояу пайда болады, ол әуелі қызыл, кейін күлгін түске өтеді.
Бұл реакцияны гиосциамин мен скополамин де береді. Морфин мен кодеин болса, күлгін түске өтпейтін қызыл бояу пайда болады. Кокаин п-диметиламинбензальдегидпен бояу бермейді.
п-диметиламинбензальдегидпен және күкірт қышқылымен реакция ең алдымен дәрілік қоспалардағы атропинді ашу үшін және оны кокаиннен айыру үшін пайдаланылады.
Рейнеке тұзымен реакциясы. Зерттелетін заттың құрғақ қалдығын бір тамшы 0,1 н тұз қышқылы ерітіндісінде ерітеді. Алынған ерітінді жанына бір тамшы жаңа дайындалған 1%-тік Рейнеке тұзын (NH4[Cr(NH3)(SCN)4]) ерітіндісін орналастырады.Осы ерітінділерді біріктіргенде,жылдам кристалға өтетін, көкшіл түсті аморфты тұнба түзіледі. Ұшы ромб тәріздес кристалдар өнімдерінің пайда болуы сынамада атропин барлығын көрсетеді. Ашу шегі: сынамада 0,1 мкг атропин.
Пикрин қышқылымен реакциясы. Атропин 0,5 %-тік пикрин қышқылының ерітіндісімен ашық-сары пластинкалар немесе олардың өсінділері түріндегі кристалдық тұнба береді. Бұл тұнба 15-20 мин кейін пайда болады. Пикрин қышқылымен реакцияны, Рейнеке тұзымен қалай орындалса, тап солай орындайды.
Атропинді хроматография тәсілімен ашу. Атропинді силикагельдің жұқа қабатында хроматография тәсілімен ашу үшін, кодеинді ашуға қолданған тәсілдемені пайдаланады. Хроматография пластинкасындағы атропин дақтары қызғылт-қоңыр түске боялады (Rf=0,26-0,01).
Атропинді УК-және ИҚ-спектрлер бойынша ашу. 0,1 н. күкірт қышқылы ерітіндісіндегі атропин 252, 258 және 264 нм толқын ұзындықтарында жұту максимумдарын береді. Атропин негізінің (калий бромидті диск) негізгі шыңдары 1720, 1035 және 1153 см мәндерде көрінеді.
