- •Оңтүстік қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы
- •Лабораториялық сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар
- •Шымкент
- •Сілтілі сулы сығындылардан органикалық еріткіштермен экстракцияланатын заттар
- •§ 32. Хинин
- •Хининді ашу
- •Апиын мен омпонон
- •Морфинді ашу
- •Морфинді ашу
- •Морфинді фотоклориметрия тәсілімен анықтау
- •Кодеинді ашу
- •Кодеинді анықтаудың экстракция
- •Папаверин
- •Папаверинді ашу
- •Галантамин
- •Галантимінді ашу
- •Анабазин
- •Анабазинді ашу
- •Анабазинді фотоколориметриялық анықтау тәсілі
- •Никотин
- •Никотинді ашу
- •Ареколин
- •Ареколинді ашу
- •Кониинді ашу
- •Атропин
- •Атропинді ашу
- •Скополамин
- •Кокаинді ашу
- •Стрихнин
- •Стрихнинді ашу
- •Бруцинді ашу
- •Резерпин
- •Резерпинді ашу
- •Пахикарпин
- •Пахикарпинді ашу
- •Секурининді ашу
- •Эфедрин
- •Эфедринді ашу
- •Аконитин
- •Аконитинді ашу
- •Орыс тілінде
Ареколин
А
реколин
(1-метил-1,2,5,6-тетрагид-роникотин қышқылының
эфирі) арек пальмасының жемістерінде
болатын алкалоидтарға жатады. Бұл
жемістерде ареколиннен басқа алкалоидтар
да (арекаидин,
норареколин, норарекаидин)
болады. Ареколин негізі – түссіз қою
май секілді сұйықтық, су буымен ұшады,
сумен және көптеген органикалық
еріткіштермен экстракцияланады. Ареколин
оптикалық активті емес.
Ареколин органикалық еріткіштермен сілтілік сулы ерітінділерден экстракциялайды. Ареколинның судағы ерітінділері күшті сілтілік орта көрсетеді. Бұған осы негізбен бірқатар ауыр металдар тұздары әрекеттескенде осы металдардың гидроксидтері тұнбаға түсуі дәлел болады. Ареколин негізі әсерінен күміс тұздары ерітінділерінен металдық күміс бөлінеді.
Қолданылуы. Денеге әсері. Ареколин гидробромиді негізінен мал дәрігерлігі практикасында іш және ішек құртын айдағыш дәрі ретінде, сонымен қатар, офтольмологияда пилокарпин мен эзерин орнына пайдаланады. Ареколин әсерінен сілекей бөлінуі күшейеді, қан қысымы төмендейді, тегіс бұлшық еттері қысқарады, қарашықтар кішірейеді. Ареколин аз мөлшерде орталық жүйке жүйесін қоздырады, ал көп мөлшерде оны жансыздандырады. Ол ас қорыту ағзаларына күшті әсер етеді, ас қорыту бездері секрециясын күшейтеді және ішек бұлшық еттерінің қысқаруына себепші болады.
Ареколинді биологиялық материалдан бөлу. Осы мақсатта су буымен айдау тәсілі, сонымен қатар, оны күкірт немесе қымыздық қышқылдармен қышқылданған сумен оқшаулауға негізделген тәсілдер пайдалануы мүмкін.
Ареколинді ашу
Ареколинді ашу үшін бірсыпыра реакциялар мен спектроскопия тәсілдерін қолданылады.
Драгендорф реактивімен реакциясы. Заттық шынысына 2-3 тамшы зерттелетін хлороформды ерітіндісін тамызады да, құрғағанша буландырады. Қалдықты бір тамшы 0,1 н. хлорсутек қышқылы ерітіндісінде ерітеді және бір тамшы Драгендорф ерітіндісін қосады. Осыдан кейін заттық шынысын дымқыл камераға 10-30 мин енгізеді. Ареколин болса ромб немесе параллелограмдар тәріздес сарғыш-қызыл кристалдардың өсінділері түзіледі. Ашу шегі: сынамада 0,2 мкг ареколин.
Пикрин қышқылымен реакциясы. Заттық шынысына 2-3 тамшы зерттелетін заттың хлороформды ерітіндісін тамызып, оны құрғағанша буландырады. Құрғақ қалдықты бір тамшы 0,1н тұз қышқылы ерітіндісінде ерітіп, оған бір тамшы 0,5 %-тік пикрин қышқылы ерітіндісін қосады. Бірнеше минуттан соң жасыл кристалдар (уақыт өтуімен жекелеген призмалық кристалдарға ажырайтын сферолиттер) пайда болады. Ашу шегі: сынамада 0,2 мкг ареколин.
Ареколинді УК – және ИҚ – спектор бойынша ашу. Ареколин негізінің спирттегі ерітіндісінің жұту максимумы 214 нм толқын ұзындығында жатады. Ареколин негізінің (калий бромидті диск) негізгі шыңдары спектрдің ИҚ – аймағында 1712, 1262 және 1135 см мәндерде байқалады.
КОНИИН
К
ониин
– шұбар убалдырғанын немесе шұбар
цикутаның басты алколоиды. Бұл өсімдіктерде
басқа алкалоидтар да (N
– метилкониин, коницеин, конгидрин және
т.б.) болады. Алколоидтардың осындай
қоспасы кокорыш өсімдігінде табылған.
Убалдырған климаты қоңыр салқын аймақта
өсетін кең таралған өсімдік. Оның улылығы
ертеден белгілі. Кониин және басқа
алкалоидтар убалдырғанның барлық
бөліктерінде болады, алайда, бұл
өсімдіктің пісіп жетілмеген жемістері
кониинге байырақ болады.
Кониин – түссіз, тышқан несебін еске түсіретін жағымсыз иісті, май секілді сұйықтық. Күшті сілтілік орта көрсетеді. Кониин ауада ыдырайды, соның нәтижесінде қоңыр түске өзгереді. Ол су буымен ыдырамастан айдалады. Кониин негізі суда (1:100) ериді, хлороформда нашарлау ериді, этил спиртінде және диэтил эфирімен араласады. Температура артуымен конииннің суда ерігіштігі төмендейді. Сондықтан, конииннің қаныққан сулы ерітіндісін қыздырса, ол лайланады. Кониин органикалық еріткіштермен сулы ерітінділерден экстракцияланады. Оны қышқылданған сумен немесе сілтілі объектерден су буымен айдау арқылы оқшаулайды.
Қолданылуы. Денеге әсері. Жоғары улағыштығына байланысты кониин медицинада қолданылмайды. Конииннің улағыштық қасиеттері көне заманнан бері белгілі. Әдеби мағлұматтарға сәйкес, көне Грецияда кониин өлім жазасына кесілген бөтен ойлы адамдарды уландыру үшін қолданылған. Атап айтқанда, көрнекті көне Греция философы Сократ (469-399 ж.э. дейін) кониинмен уландырылған.
Қазіргі кезде кониині бар өсімдіктермен кездейсоқ уланулар кездеседі. Бұл убалдырған тамырын (ақжелкек орнына) немесе оның жапырақтарын (петрушка орнына) пайдаланғанда болатын жәйт. Анис жемістерінің орнына қателесіп убалдырған жемістерін қолдануда улану оқиғалары кездеседі. Жасшөп жеген малдардың улануы кездесіп тұрады, бұған сол шөптер арасында конині бар шөптердің болуы себепші болады.
Кониин асқазаннан қанға жылдам сорылады. Қанға кониин сорылғаннан кейін, ол қимылдатқыш жүйке талшықтарын жансыздандырады. Кониин әсерінен тыныс әуелі жиілейді, кейін әлсірейді. Кониинді қабылдағаннан кейін сілекей ағуы күшейеді, лоқсу, құсу, іш өту, бас айналу, көру нашарлауы пайда болады. Кониин бақаға курарин тәрізді әсер етеді. Кониинмен уланғанда өлім тыныстың тоқтауы болады.
Кониинмен уланудың ерекше патологоанотомиялық көрінісі жоқ. Кониин денеден несеппен және шыққан деммен бөлінеді. Кониин метаболиттері зерттелмеген.
