Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
4 фх.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
466.43 Кб
Скачать

Оңтүстік қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы

Медициналық және фармацевтикалық факультеті

Фармацевтикалық және токсикологиялық химиялар кафедрасы

Лабораториялық сабаққа арналған әдістемелік нұсқаулар

Бөлім: Зерттелетін объекттерден сілтіленген спиртпен немесе сілтіленген сумен оқшауланатын заттар тобының химия-токсикологиялық (сот-химиялық) талдауы. Дәрілік заттар

Тақырыбы: Алкалоидтар мен олардың синтетикалық аналогтарының химия-токсикологиялық талдауы (ХТТ)

Курс : 4

Мамандығы: 051103- «Фармация»

Шымкент

2010

Кафедра мәжілісінде бекітілді

Хаттама № 12 « 12 » 04 2010 ж

«Бекітемін»

__________________

Фарм. и токс. химия каф. меңг., фарм.ғ. д., профессор

Арыстанова Т.А.

Тақырыбы: Алкалоидтар мен олардың синтетикалық аналогтарының химия-токсикологиялық талдауы (ХТТ)

Мақсаты: Биоматериалдағы алкалоидтар мен олардың синтетикалық аналогтарын зерттеу объектісінен бөліп алуды, оларды соэкстрактивті заттардан тазарту, идентификациялау мен сандық мөлшерін анықтаудың жеке әдістерін жүргізуді үйрету.

Оқыту міндеті:

  • биоматериалдан алкалоидтар мен олардың синтетикалық аналогтарын оқшаулау;

  • соэкстрактивті заттардан тазарту;

  • алкалоидтар мен олардың синтетикалық аналогтарын химиялық және физико-химиялық әдістермен табу және анықтау;

  • химия-токсикологиялық талдау қорытындысына баға беру;

  • сот-химиялық зерттеу актін құрастыру.

Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Биологиялық материалды қышқылданған суда немесе қышқылданған этил спиртінде тұндыру арқылы алынған сілтілі сығындыдан органикалық еріткішпен экстракцияланатын қандай токсикологиялық заттарды білесіңдер?

  2. Алкалоидтардың пиридин және пиперидин туындыларының агрегатты жағдайын ескере отырып қандай оқшаулау әдістеі қолданады?

  3. ХТТ-да қандай алкалоидтық топтық тұндыру реактивтері қолданылады?

  4. Омнопонды апиыннан қандай реакциялар көмегімен ажыратуға болады?

  5. Морфинді кодеиннен қандай реакциялар көмегімен ажыратуға болады?

  6. Хининге эритрохинді және толеохинді реакциялар қалай жүргізіледі?

  7. Анабазинді никотиннен қандай реакциялар көмегімен ажыратуға болады?

  8. ХТТ-да Виталий-Морен реакциясы қандай мақсатпен жүргізіледі?

  9. Стрихнин және бруцинді бір-бірінен қандай реакциялар көмегімен ажыратуға болады?

  10. ХТТ-да эфедринді анықтау үшін қандай реакциялар қолданылады?

  11. Биоматериалдан алынған азотты қосылыстарды экстракционды-фотометриялық, фотометриялық әдіспен анықтау?

Оқыту мен сабақ беру тәсілдері: Жұппен жұмыс жасау (бастапқы білімін бақылау, лабораториялық жұмыс, талдау сараптамасының қорытындыларын жазу және қорғау)

Оқу объектісі:

1. Атропин

2. Хинин

3. Резерпин

4. Папаверин

Жұмыс орны №1 Атропинге толық химия-токсикологиялық талдау жүргізу.

Жұмыс орны №2 Хининге толық химия-токсикологиялық талдау жүргізу.

Жұмыс орны №3 Резерпиге толық химия-токсикологиялық талдау жүргізу.

Жұмыс орны №4 Папаверинге толық химия-токсикологиялық талдау жүргізу.

Лабораториялық сабақты өткізуге 180 минут бөлінеді, ол төмендегіше үлестіріледі;

Сабақ кезеңдері

Уақыты

(мин.)

1

Студенттердің бастапқы білім деңгейін анықтау (ауызша)

5

2

Жұмыс орындарына сай лабораториялық сабақты жүргізуге дайындығын тексеру

15

3

Студенттердің лабораториялық жұмыстарды орындауы

90

4

Сараптамалық қорытындыны жазу

10

5

Сраптамалық қорытыныды бойынша жұмысты қорғау

30

6

Студенттердің жалпы білімін бағалау (тесстлеу)

20

7

Сабақты қорытындылау

10