Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11 сынып жаңа 2012.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10.35 Mб
Скачать

VI. Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

3.Жаңа сабақты түсіндіру.

4.Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма.

І.Үй тапсырмасын сұрау.

1. Жалпы қорытынды сұрақтар қою.

2. VІ – тарауға байланысты сұрақтар қою.

3. Деңгей бойынша есептер шығару.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Есептер шығару.

1. Фотонның энергиясы Е= 3,2 Дж. Оған қандай толқын ұзындығы сәйкес келеді?

2. Мына монохрамат жарық толқындарына 1) қызыл = 0,7мкм, 2) жасыл 𝜆2 =0,55 мкм-ге сәйкес фотонның энергиясын табыңдар.

3. Қуаты N=100 Вт электр шамының ішкі бетіне қандай қысым түседі? Шамды радиусы r = 5 см сфера деп есептеңдер. Шағылу коэффициенті ρ=0,1. Шам тұтынатын барлық қуат сәулеленуге жұмсалады деп алыңдар.

4. Шағылу коэффициенті ρ=0,7, ауданы S=10 см2 перпендикуляр бетке әр секунд сайын n=1018 фотон түседі. Толқын ұзындығы 𝜆=500 нм. Жарықтың қысымын анықтаңдар.

5. Балқыту пешін абсолют қара дене деп алып, оның ауданы S=8 см2 болатын бақылау терезесінен t=5 минутта шығатын энергияны табыңдар. Пештің температурасы Т=1000 К.

6. Абсолют қара дененің энергетикалық жарқырауын екі есе арттыру үшін оның температурасын неше есе арттыру керек?

7. Абсолют қара дененің сәулелену қабілеттілігінің максимумы 725 нм толқын ұзындығына сәйкес келеді. Бір секундта осы дене бетінің 1 см2 ауданы қанша энергия шығарады?

8. Фотоэффектінің қызыл шекарасы 500 нм болса, электрондардың натрийден шығу жұмысы қандай?

9. Абсолют қара дененің энергетикалық жарқырауының спектрлік тығыздығының максимумы 1,45 мкм толқын ұзындығына сәйкес келеді. Оның температурасы қандай?

10. Массасы m=1,66·10-30 кг фотонға сәйкес толқын ұзындығын табыңдар.

ІІІ.Қорытынды: Оқушыларды бағалау.

IV.Үйге тапсырма: VI тарауды жалпы қайталау.

49 - сабақ Күні, айы_______________

I. Сабақтың тақырыбы: Сызықтық спектрлер. Атомның ядролық үлгісі. Резерфорд тәжірибесі.

ІІ. Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік. Оқушыларға сызықтық спектрлер, атомның ядролық үлгісі жайлы түсінік беру.

  2. Дамытушылық. Өтілген материалдарды қайталай отырып, оқушылардың білімін дамыту.

  3. Тәрбиелілік. Оқушылардың дағдыларын қалыптастырып, икемді болуға тәрбиелеу.

ІІІ. Сабақтың көрнекілігі: Электронды оқулық, плакаттар, дидактикалық материалдар.

IV. Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

V. Әдіс-тәсілдер: Жаңа сабақты түсіндіру.

VI. Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

3.Жаңа сабақты түсіндіру.

4.Жаңа сабақты бекіту.

5.Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма.

І. Жаңа сабақты түсіндіру.

Сиретілген газдар немесе кез келген химиялық элементтің буларын қыздырғанда жарық шығара бастайды. Егер осы жарықтың жіңішке шағын призма арқылы өткізіп, спектрге жіктейтін болса, әр түсті, жіңішке жарқыраған айқын сызықтар көрінеді. Осындай сызықтардың жиынтығын сызықтық спектр деп атайды.

Швейцариялық ғалым Бальмер сутегі спектрінің көрінетін бөлігіндегі барлық сызықтардың жиілігін анықтайтын формуланы тапты.

Бұл Бальмер формуласы. Спектрлік сызықтардың жиынтығын Бальмер сериясы деп атайды.

Атомның планетарлық моделін Резерфорд жасаған. Атомның ішінде электр зарядтарының орналасу тәртібін анықтау үшін 1911 жылы Резерфорд өзінің шәкірттері Гейгер және Марсденмен бірге альфа-бөлшектер шоғын өте жұқа алтын фльгадан өткізіп, бірнеше тәжірибелер жасады. Осы тәжірибелерді зерделеу нәтижесінрде атомның ядролық, яғни планетарлық моделін өмірге әкелді.

ІІ.Сабақты бекіту:

1. Сызықтық спектрлер дегеніміз не?

2. Бальмер формуласы.

3. Бальмер сериясы дегеніміз не?

4. Атомның ядролық моделі.

5. Резерфорд тәжірибесі.

IІІ.Жеке оқушылармен жұмыс. Оқушылардың деңгейлеріне байланысты тапсырмалар беру. ҰБТ сұрақтарын оқушылармен талдау.

Дарынды оқушылармен жұмыс

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс

1

2

3

4

5

ІV.Қорытынды: Оқушыларды бағалау.

V.Үйге тапсырма: §7.1. §7.2. Сызықтық спектрлер. Атомның ядролық үлгісі. Резерфорд тәжірибесі.

50 - сабақ Күні, айы_______________

I. Сабақтың тақырыбы: Бор постулаттары. Сутегі тектес атом үшін Бор теориясы.

ІІ. Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік. Оқушыларға Бор постулаттарын, сутегі тектес атом үшшін Бор теориясын түсіндіру.

  2. Дамытушылық. Өтілген материалдарды қайталай отырып, оқушылардың білімін арттыру.

  3. Тәрбиелілік. Оқушыларды білімділікке, біліктілікке баулу.

ІІІ. Сабақтың көрнекілігі: Электронды оқулық, плакаттар, дидактикалық материалдар.

IV. Сабақтың түрі: Баяндау.

V. Әдіс-тәсілдер: Топтап оқыту.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]