Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11 сынып жаңа 2012.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10.35 Mб
Скачать

IV. Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

V. Әдіс-тәсілдер: Жаңа сабақты түсіндіру.

VI. Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

3.Жаңа сабақты түсіндіру.

4.Жаңа сабақты бекіту.

5.Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма.

І. Жаңа сабақты түсіндіру.

1. Қыздырылған денелердің жарық шығаруын жылулық сәуле шығару немесе температуралық сәулелену деп атайды. Сәулеленіп тұрған дене бетінің аудан бірлігінен барлық бағытта шығатын сәулелену қуатын дененің интегралдық энергетикалық жарқырауы деп атайды. Сәулелену қабілеті

Спектрлік жұту қабілеті деп дененің жұтқан энергия ағынының оған түскен сәулелік энергия ағынына қатынасына тең шаманы айтады.

2. Стефан – Больцман заңы

Винн заңы

Әр кванттың энергиясы жиілікке пропорционал

3. Люминесценция деп берілген температурада жылулық сәуле шығарудан басым және жарық шығару ұзақтығы жарық тербелістерінің периодынан ұзақ болатын тепе – тең емес сәулеленуді айтады.

Люминесценция түрлері:

1. Катодолюминесценция.

2. Электролюминесценция.

3. Хелилюминесценция.

4. Фотолюминесценция.

5. Флуоресценция.

6. Фосфоресценция.

ІІ.Сабақты бекіту:

1. Жарық шығару дюегеніміз не?

2. Жарық шығарудың заңдарын ата.

3. Люминесценция түрлері.

IІІ.Жеке оқушылармен жұмыс. Өз деңгейлеріне сай тапсырмалар беру. Тестпен жұмыс.

Дарынды оқушылармен жұмыс

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс

1

2

3

4

5

ІV.Қорытынды: Оқушыларды бағалау.

V.Үйге тапсырма: §6.1. §6.2. §6.3. Жылулық сәуле шығару Стефан – Больцман және Винн заңдары. Люминесценция. 193 – беттегі есептер.

43 - сабақ Күні, айы_______________

I. Сабақтың тақырыбы: Фотоэффект. Фотоэффекттің қолданылуы.

ІІ. Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік. Оқушылардың білім – білік дағдыларын қалыптастыру.

  2. Дамытушылық. Фотоэффект құбылысын оқушыларға тереңдетіп түсіндіру.

  3. Тәрбиелілік. Оқушылардың дағдыларын қалыптастырып, икемді болуға тәрбиелеу.

ІІІ. Сабақтың көрнекілігі: Электронды оқулық, плакаттар, дидактикалық материалдар.

IV. Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

V. Әдіс-тәсілдер: Жаңа сабақты түсіндіру.

VI. Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Үй тапсырмасын сұрау.

3.Жаңа сабақты түсіндіру.

4.Жаңа сабақты бекіту.

5.Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма.

І.Үй тапсырмасын сұрау.

1. Сәулелену дегеніміз не?

2. Жарқыраудың заңдары.

3. Люминесценция.

4. Люминесценцияның түрлері.

ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Фотоэффект деп түскен жарықтың әсерінен заттан электрондардың ұшып шығу құбылысын айтады.

Фотоэффект заңдары:

1. Фотоэлектрондардың максимал жылдамдығы түскен жарықтың интенсивтігіне тәуелді емес, ол тек жарықтың жиілігіне тәуелді.

2. Қанығу фототок күші түскен жарықтың инсивтігіне пропорционал өседі, бірақ жарықтың жиілігіне тәуелді емес.

3. Әр металл үшін фотоэффектінің қызыл шекарасы, яғни одан төменгі жиілікте фотоэффект байқалмайтын шекті ең аз жиілік бар.

Эйнштейн теңдеуі

Бұл теңдеу фотоэффекттің қызыл шекарасы.

ІІІ.Сабақты бекіту:

Есептер шығару.

№ 6.4.1.

Бер: 𝜆0 = 500·10-9 м Шешуі:

А - ?

IV.Жеке оқушылармен жұмыс. Оқушылардың деңгейлеріне байланысты тапсырмалар беру. Тестпен жұмыс.

Дарынды оқушылармен жұмыс

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс

1

2

3

4

5

V.Қорытынды: Оқушыларды бағалау.

VI.Үйге тапсырма: §6.4. §6.5. Фотоэффект. Фотоэффекттің қолданылуы. 203-беттегі есептер.

44 - сабақ Күні, айы_______________

I. Сабақтың тақырыбы: Фотондар.

ІІ. Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік. Оқушыларға фотондар жайлы түсіндіріп, білімін тереңдету.

  2. Дамытушылық. Оқушылардың білімін өткен материалмен байланыстыра отырып дамыту.

  3. Тәрбиелілік. Оқушылардың білім – білік дағдыларын қалыптастыру.

ІІІ. Сабақтың көрнекілігі: Электронды оқулық, плакаттар, дидактикалық материалдар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]