Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
11 сынып жаңа 2012.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
10.35 Mб
Скачать

1-сабақ Күні, айы________________

I. Сабақтың тақырыбы: Механикалық тербелістер.

ІІ. Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік. Механикалық тербелістер, олардың түрлері, тербеліс жүйесі, математикалық және серіппелі маятниктер, тербеліс теңдеуі және тербелмелі қозғалыс шамалары.

  2. Дамытушылық. Тербелмелі қозғалыс заңдылықтарын қайталай отырып еске түсіру.

  3. Тәрбиелілік. Тербелмелі қозғалысты қайталай отырып, электромагниттік тербеліс туралы мағлұматты беруге дайындау.

ІІІ. Сабақтың көрнекілігі: Плакат, электронды оқулық, жіпке ілінген шар, серіппеге ілінген жүк.

IV. Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

V. Әдіс-тәсілдер: Өткен сабақтарды қайталау, білім-білік дағдыларын тексеру.

VI. Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Өткен сыныптардағы білімі бойынша оқушылардың білім-білік дағдыларын тексеру.

  3. Жаңа тақырыпты баяндау.

  4. Өтілген тақырыпты бекіту.

  5. Сабақты қорытындылау, үй тапсырмасын беру.

III. Жаңа сабақтың қысқаша мазмұны:

Тербелістер қайталанатын қозғалыс. Тербелістердің екі түрі бар: еркін және еріксіз.

Еркін тербелістер деп дене тепе-теңдік күйінен шығарылғаннан соң сыртқы күштің әрекетінсіз болатын тербелістерді айтады. Ал еріксіз тербелістер дегеніміз – сыртқы периодты күштің әрекетінен болатын тербелістер.

Тербелістерді сипаттайтын негізгі шамалар. Толық бір тербеліс жасауға кеткен уақыт – период деп аталады . Бірлік уақыт ішіндегі тербелістер саны тербеліс жиілігі деп аталады. . .

1 Герц [1Гц = 1 = ].

Циклдік жиілік 2π с ішіндегі тербелістер саны.

.

Физикалық шаманың синус немесе косинус заңы бойынша өтетін уақытқа тәуелді периодты өзгерісі гармоникалық тербелістер деп аталады.

немесе

мұндағы дененің амплитудасы, яғни дененің тепе-теңдік күйден ең үлкен ауытқуы. - тербеліс фазасы, - бастапқы фаза. Тербеліс фазасы деп косинустың немесе синустың аргументін айтады. Ол тербелістегі шаманың берілген уақыт мезетіндегі сандық мәнін дәл анықтауға мүмкіндік береді.

мұндағы

Осы теңдеуден туынды алсақ, ол жылдамдықты береді, яғни

;

. .

Енді жылдамдықтан туынды алсақ, ол үдеуді береді.

;

.

Математикалық маятник деп созылмайтын салмақсыз жіңішке ұзын жіпке ілінген кішкентай ауыр шарды айтады.

Серіппелі маятник деп серіппеге ілінген жүктің тербелісін айтамыз.

Серпімді деформацияланған дененің, мысалы, сығылған немесе созылған серіппенің потенциалдық энергиясы оның деформациялану деңгейіне байланысты. Серіппе неғұрлым қатты сығылғанда немесе барынша созылғанда, оның потенциалдық энергиясы соғұрлым үлкен мәнге ие болады. Тепе-теңдік күйінен ең үлкен ауытқуға сәйкес келетін ығысу энергиясын былай жазуға болады:

.

Резонансқа сипаттама. Сыртқы мәжбүрлеуші күштердің жиілігінің тербелістегі жүйесі өзіндік А жиілігімен сәйкес келуінен А амплитуданың кенет артуы.

II. Сабақты бекіту.

Есеп шығару.

№ 1 есеп.

Бер: l = 4,9 м Шешуі:

m = 13кг

T - ?

№ 2 есеп.

Бер: Х = 5м Шешуі: x=Xcosωπt

Т = 0,4c ω = 2π/T = 5π

x=X(t)-? x = 5cos5πt

III.Жеке оқушылармен жұмыс. Өз деңгейлеріне сай тапсырмалар беру.

Дарынды оқушылармен жұмыс

Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс

1

2

3

4

5

IV.Қорытынды: Оқушыларды тиісінше бағалау.

V.Үйге тапсырма: Механикалық тербелісті қайталау.

2-сабақ Күні, айы________________

I. Сабақтың тақырыбы: Тербелмелі контурдағы электромагниттік тербелістер.

ІІ. Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік. Электромагниттік тербелістер туралы мағлұматтар.

  2. Дамытушылық. Электромагниттік тербелістердің формулаларын, графиктерін түсіндіру.

  3. Тәрбиелілік. Оқушыларды білімділікке, ұжымшылдыққа, топпен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

ІІІ. Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар, электронды оқулық.

IV. Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

V. Әдіс-тәсілдер: Салыстыра отырып түсіндіру.

VI. Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үй тапсырмасын сұрау.

  3. Жаңа сабақты баяндау.

  4. Жаңа сабақты бекіту.

  5. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру.

I. Жаңа сабақтың қысқаша мазмұны:

Электромагниттік тербелістерді алу үшін индуктивтігі L катушкамен тұйықталған сыйымдылығы С зарядталған конденсатордан тұратын тізбек пайдаланылады. Осындай электр тізбегі тербелмелі контур деп аталады.

Ток күші артқан сайын катушкадағы магнит өрісінің энергиясы артады да, ал конденсатордың электр өрісінің энергиясы кемиді. Контурдағы электромагниттік өрістің толық энергиясы тұрақты болып қалады.

Идеал тербелмелі контурда энергия шығыны болмайды. Сондықтан тербеліс өшпейді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]