Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
срс 1-2.pptx
Скачиваний:
2
Добавлен:
21.05.2020
Размер:
2.9 Mб
Скачать

«Сыбаға» бағдарламасы арқылы мал сатып алу

2018 жылға облысқа «Сыбаға» бағдарламасы аясында 750 бас асыл тұқымды немесе таза тұқымды импортталған МІҚ аналығын сатып алу жоспары бекітілген.

Осыдан «Аграрлық несие коорпорациясы» АҚ және «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы МІҚ малын сатып алуға несиелендіру бойынша 1370 басқа өтінім қабылданды. Осыдан 1312 бас МІҚ аналығын алуға несиелендіру мақұлданып, қаражат тауарөндірушілер есепшотына аударылды (қаржының бөлінуі 174.9% құрады). Жыл аяғына дейін 2 шаруашылықт 69 бас малды сатып әкелсе, 208 бас мал Ресейдің Алтай өңірінде сатушыда карантинге қойылды.

Бұдан өзге «Байқоңыр» ӘКК» АҚ арқылы және өз қаржысы есебінен репродуктор шаруашылық құру мақсатында 3 шаруашылық биылғы жылы 907 бас асыл тұқымды МІҚ малының қашарларын әкелу бағытында жұмыстар атқаруда.

Осыдан, «Бекарыс Агрофуд» ЖШС 307 бас «Қалмақ» тұқымды МІҚ малын сатып әкелді. Мал сатып алу жоспары 16% құрады.

Сонымен қатар Жалағаш ауданына қарасты «Таң ЛТД» ЖШС-гі Ресейден 200 бас «Қалмақ» тұқымды МІҚ малын алуды жоспарлап отыр.

Сонымен бірге Чехия республикасынан 300 бас «Абердин-ангус» және 100 бас «Симменталь» тұқымды асыл тұқымды МІҚ сатып алуға келісім шарт жасалды.

Бағдарлама арқылы қой малының аналық басын сатып алу бойынша облысқа 12 000 бас жоспар бекітілген. Жыл бойына несиелендіру серіктестіктеріне 19900 басқа өтінім түскен. Осыдан 12581 басқа түскен тапсырыстар мақұлданып, несие қаражаты тауарөндірушілердің есепшотына аударылып (қаржының бөлінуі 104.8%).

3. Материалды-техникалық ресурстар. Лизинг

OЛизинг — бұл лизинг берушінің (жалға берушінің) өзіне тиесілі құрал-жабдықтарды, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда-саттыққа және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға (жалгерге) лизингтік төлем төлеу шартымен, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру шарты.

Қорытынды

OРеспубликамыздың агроөнеркәсіп кешені экономиканың аса маңызды саласы және экономикалық дағдарысты жою, тамақ және жеңіл өнеркәсіптерін дамыту, саяси- әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету жолында шешуші рөл атқарады. Ауыл шаруашылығы – бұл еліміздің экономикасын биікке асқақтататын маңызды салалардың бірі болып табылады. Ауыл шаруашылығы дегенде еріксіз ойымызға кең байтақ жеріміз, төрт-түлік малымыз, егінді алқаптарымыз оралады. Осы табиғаттың берген сыйын жоғалтпау үшін ауыл шаруашылығының жағдайын жақсартатын бір әдіс- тәсілдер керек сияқты.

OҚазіргі кезде ауыл шаруашылығы жаңа туған нәресте тәрізді нәзік те, әлсіз. Сол нәрестені құшағына қысып, аялап, мәпелеп, аяққа тұрғызатын ананың рөлін атқаратын бұл – мемлекет болып табылады. Мемлекет барынша ауыл шаруашылығына көмегін аямау керек.

Назарларыңызға рахмет!

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]