Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
срс 1-2.pptx
Скачиваний:
2
Добавлен:
21.05.2020
Размер:
2.9 Mб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ №1-2

Тақырыбы: Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені

Орындаған: Амантай Гүлманат Тексерген: Карсыбаева Қ.А.

Астана 2019

Жоспар

OКіріспе

O1. ҚР АӨК. Территориалдық және жер ресурстары және оларды пайдалану тиімділігі

O2. Аграрлық өндірістің негізгі және айналым капиталы

O3. Материалды-техникалық ресурстар. Лизинг

OҚорытынды

OПайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп қоюдын, өзі жеткіліксіз. Оны сақтап, сапалы түрде өңдегеннен кейін халыққа уақытында жеткізу керек. Ауыл шаруашылығы бұл мәселелерді басқа салалардың көмегінсіз шеше алмайды. Сондықтан оның қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп өндірістері мен ауыл шаруашылығының арасында тікелей байланыс қалыптасқан. Басқаша айтқанда, агроөнеркәсіп кешені пайда болды. Агроөнеркөсіптік кешеннің негізгі мақсаты - халықты азық-түлікпен, ал өнеркәсіпті қажетті шикізатпен қамтамасыз ету.

АӨК құрамында үш негізгі буын бар.

OАӨК-ке қызмет көрсететін, оны техникамен, тыңайтқыштармен қамтамасыз ететін салалар құрайды.

Oбұл ауыл шаруашылығы. Oтамақ және жеңіл өнеркәсіптері.

Олар ауыл шаруашылығы өнімдерін халық тұтынатын тауарларға айналдырады. Жұмыскерлердің саны жөнінен (2,4 млн адам) АӨК аса ірі салааралық кешен болып

табылады. Ол елдегі ішкі жалпы өнімнің 1/10 бөлігін береді. АӨК өнімдері барлық тауар саудасының 50%-дан артығын құрайтындықтан, халықтың әл-ауқатын жақсартуға әсерін тигізеді. Сонымен бірге өнімдері шет елдерге сатылады. Мысалы, бидай және ұн Қазақстанның маңызды экспорттық тауары.

1. ҚР АӨК. Территориалдық және жер ресурстары және оларды пайдалану тиімділігі

Жерлерді пайдалану және топырақтың құнарлылығын сақтау мәселелерінде белгілі теңгерімсіздік бар. Ұзақ мерзімді жалға берілген ауыл шаруашылығы жерлерінің мәнді көлемі мақсаты бойынша пайдаланылмауда немесе ең төмен дәрежеде пайдаланылуда. Жалға алушылар пайдаланатын ауыл шаруашылығы жерлерінде топырақтың құнарлылығын сақтау және жел мен су эрозиясының алдын алу жөніндегі жеткіліксіз тиімді іс-шаралар жүргізіледі. ҚР Өңірлік даму министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің деректері бойынша ҚР-да ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің 15%-ына дейін ұтымсыз пайдаланылады. Қазіргі таңда шамамен 125 млн. гектар жайылым суландырылмаған және пайдаланылмауда. Бұдан басқа, елді мекендерге жанасып жатқан 20 млн.гектардан астам жайылым ұтымсыз пайдалану салдарынан азып-тозған деп жіктеледі.

Топырақ құнарлылығын сақтау және қалпына келтіру, минералдық тыңайтқыштарды ұтымды пайдалану және осы негізде ауыл шаруашылығы өнімдерін орнықты өндіруге жағдай жасау мақсатында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде топырақ құнарлылығының тұрақты мониторингін жүргізу қажет. Бұдан басқа, жер, табиғат және басқа ресурстарды ұтымды пайдалануды ынталандыру мақсатында АӨК субъектілеріне салық салу жүйесін жетілдіру қажет.

2. Аграрлық өндірістің негізгі және айналым капиталы

O2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында 96,6 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда өсім 1,6%-ға артты.

OТамақ өнімдерін өңдіру көлемі қаңтар-қазан айларында 40,3 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,0 %-ға артты.

OАуыл шаруашылығының негізгі қорына салынған инвестиция көлемі есепті кезеңде 5 745,0 млн. теңгені құрап,өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 10,0%-ға артты.

OТамақ өнімдерін өндірудегі негізгі капиталға есепті кезеңде

O883,2 млн. теңге инвестиция салынып, өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда 27,3 % артты.

OАграрлық секторға көрсетілген мемлекеттік қолдауға 2018 жылы 10,7 млрд. теңге бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 15,1% артты.

OСтатистика мәліметтерге сәйкес азық – түлік тауарларының индексі 2018 жылдың желтоқсан айында өткен жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда 105,6 % құрады (республика бойынша – 105,3%).

OӨсімдік шаруашылығы саласы бойынша

O2018 жылы облыс бойынша 184,5 мың гектар жерге ауылшаруашылығы дақылдары орналасты. Оның ішінде дәндi дақылдар 95,3 мың га, майлы дақылдар 10,3 мың га, мал азықтық дақылдар 61,5 мың га, картоп, көкөнiс, бақша 17,4 мың га. Негізгі дақыл күрiштің көлемі 87,3 мың га.

OАуыл шаруашылығы дақылдарын жинау

OЕгілген күздік бидайдан 7483 тонна, жаздық бидайдан 2695 тонна, арпадан 368 тонна, дәндік жүгеріден 3849 тонна, тарыдан 1766 тонна өнім алынды. Орта өнім күздік бидайда 20,6 ц/га, жаздық бидайда 11,3 ц/га, арпада 8,3 ц/га, дәндік жүгеріде 37,4 ц/га, тарыда 28,2 ц/га алынды.

OНегізгі дақыл күріштен барлығы 473 422 тонна өнім жиналып орта өнім 54,5 ц/га алынды.

OСондай-ақ, картоптан 75 412 тонна, көкөністен 110 013 тонна, бақшадан 179 281 тонна өнім жиналды. Орта өнім картопта 174,5 ц/га, көкөністе 202,2 ц/га, бақшада 235,7 ц/га алынды.

OМайлы дақылдар бойынша: мақсарыдан 8 317 тонна және күнбағыстан 179 тонна өнім жиналып, орта өнім мақсары 9,6 ц/га, күнбағыс 13,7 ц/га құрады.

Мал азығын дайындау

Құнарлы мал азығын дайындау үшін ескі жоңышқа дақылы 2 рет орылып, барлығы 188 963 тонна, жаңа жоңышқадан 17 914 тонна, түйе жоңышқадан 60 тонна, барлығы 206,9 мың тонна шөп және 7 750 тонна сүрлем дайындалды.

Күзгі дала жұмыстары және тұқым дайындау

Қазіргі кезде ауыл шаруашылығы құрылымдары келесі жылдың егісі үшін қажетті 21,3 мың тонна күріш тұқымыннан, бүгінгі күнге 22,6 мың тн күріш тұқым (106 %) артығымен дайындалды.

Мал шаруашылығы

Облыс бойынша 2019 жылдың 1 қаңтарына статистикалық мәліметтерге сәйкес 324,0 мың МІҚ, 612,8 мың бас қой мен ешкі, 136,4 мың бас жылқы, 45,7 мың бас түйе, 1,9 мың бас шошқа және 127,1 мың бас құс тіркелген.

Мал басын өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда МІҚ 4,6%-ға, қой мен ешкі 4,5%-ға, жылқы 13,2%-ға, түйе 7,9%-ға, құс 12,7%-ға көбейді.

Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көрсеткіштерін былтырғы жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда ет өндіру 3,4%-ға, сүт өндіру 1,9 %-ға, жұмыртқа өндіру 23,8%-ға артты.

Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуға, мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялауға 2018 жылы жергілікті бюджеттен 2 248,8 млн. теңге қаржы бөлініп, толық игерілді.

Атап айтқанда, 1690 бас асыл тұқымды ірі қара, 12 984 бас қой, 389 бас жылқы малы сатып алынды. Сонымен қатар, 10 429 бас аналық сиырды қолдан ұрықтандыруға, сондай-ақ мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру бағыты бойынша 1 616 бас етке сойылған бұқашық, 78,7 тонна жылқы еті, 35,5 тонна түйе еті және 7060,7 тонна сиыр сүті, 31,4 тонна қымыз, 154,3 тонна шұбат өнімдері субсидияланды. Үстіміздегі жылдың 12 айында облыс бойынша 700 шаруашылыққа субсидия төленді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]