Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

СОЖ 9

.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.05.2020
Размер:
28.03 Кб
Скачать

Бәсекелестік және бәсекеге қабілеттілік

Жоспар

Кіріспе.........................................................................................................................3

  1. Тауардың сапасы және бәсекеге қабiлеттiлiгi............................................4

  2. Тауар саясатындағы сервис............................................................................4

Қорытынды.................................................................................................................6

Пайдаланылған әдебиеттер.......................................................................................7

Кіріспе

Бәсекелестiкке қабiлеттiк - бірнеше деңгейде қарастырылатын экономикалық категория: тауардың (қызметтің) бәсекелестікке қабілеттілігі; тауар өндірушінің (немесе фирманың) бәсекеге қабілеттілігі; салалық бәсекеге қабілеттік; елдердің бәсекеге қабілеттілігі. Бұл деңгейлердің арасында тығыз іштей және сырттай тәуелділік бар: елдік және салалық бәсекеге қабілеттілік діттеп келгенде нақтылы тауар өндірушінің бәсекеге қабілетті тауар шығаруына байланысты. Тауардың бәсекеге қабілеттілігінің астарында оның ішкі және сыртқы нарықта табысын анықтайтын тауардың түтынушылык, багалық, сапалық сипаты жатыр.

Тауардың бәсекеге қабілеттілігі тек соған ұқсас тауарлармен салыстыруда ғана анықталады. Тауарлық бәсекеге қабілеттілік әртүрлі факторларга байланысты анықталады. Олардың арасында өнімдердің бағасы мен сапасына әсер ететін өндіріс шығындары, еңбектің өнімділігі мен қарқындылығы аса маңызды болып табьшады. Жаһанданушы әлемде әлемдік бәсе¬кеге қабілеттілікте алдыңғы орынға әнімнің баға факторы емес, тауар сапасы, жаңалығы, ғылымилығы, зияткерлігі шығып отыр. Сондықтан да әлемнің көптеген елдері әз тауарларының бәсекеге қабілеттігін инновациялар, жоғары технологиялық өнімдердің есебінен арттырып отыр. Ондай өнімдерді ғылыми-техникалық әлеуетті дамытпай шыгару мүмкін емес. Оны бағалау үшін инновацияға кеткен шығынның көрсеткіші қолданылады. Бүл көрсеткіш елдің инновациялық қызметке қабілеттілігін, ғылыми техникалық қамтуга шыққан шығынмен қоса дизайнға, маркетингке жұмсалған қаржы, ғылыми саладағылардың саны, елдің ішінде және шетелдерде алынған патенттер саны, зияткерлік қүқықтың қорғалу дәрежесі, білім саласының қаншалықты дамығандығын есепке алады. 

Тауардың бәсекеге қабілеттілігі тек соған ұқсас тауарлармен салыстыруда ғана анықталады. Тауарлық бәсекеге қабілеттілік әртүрлі факторларга байланысты анықталады. Олардың арасында өнімдердің бағасы мен сапасына әсер ететін өндіріс шығындары, еңбектің өнімділігі мен қарқындылығы аса маңызды болып табьшады. Жаһанданушы әлемде әлемдік бәсекеге қабілеттілікте алдыңғы орынға әнімнің баға факторы емес, тауар сапасы, жаңалығы, ғылымилығы, зияткерлігі шығып отыр. Сондықтан да әлемнің көптеген елдері әз тауарларының бәсекеге қабілеттігін инновациялар, жоғары технологиялық өнімдердің есебінен арттырып отыр. Ондай өнімдерді ғылыми-техникалық әлеуетті дамытпай шыгару мүмкін емес. Оны бағалау үшін инновацияға кеткен шығынның көрсеткіші қолданылады.

  1. Тауардың сапасы және бәсекеге қабiлеттiлiгi

Өнiмнiң сапасына және бәсекеге қабiлетiлiгiне қазiргi фирмалар көп көңiл бөледi. Себебi, сапа және бәсекеге қабiлеттiлiгi деген ұғым елдiң, әр өндiрушiнiң тауар мен қызметтердi өндiру, өңдеу , өткiзу мүмкiндiктерiнiң жиынтығын анықтаушы көрсеткiш болып табылады.

Нарықтық экономикада өнiм сапасы тауар өндiрушiлердiң нарықта "өмiр сүру" шарты болып табылады және олардың шаруашылық әрекеттерiнiң нәтижелiлiгiнiң, мемлекеттiң экономикалық жағдайының өлшемi болады.

Тауардың бәсекеге қабiлеттiгi дамыған бәсекелестiк нарықта оның коммерциялық табысын көрсететiн маңызды факторы болады. Тауардың бәсекеге қабiлеттiлiгi дегенiмiз тауардың нарықтағы табысын анықтайтын тұтыну және құнды сипаттамаларының жиынтығы, яғни бәсекелес ұқсас тауарларды молынан ұсыну кезiндегi бiр тауардың басқаларға қарағанда артықшылықтары.

Тауардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн зерттеу жұмысы үзiлiссiз және жүйелi түрде, тауардың өмiршеңдiк кезеңiнiң фазаларына сәйкес жүргiзiлуi қажет.

  1. Тауар саясатындағы сервис

Бәсекелiк нарықта сервис дегенiмiз өнiмдердi тұтынушыға сату және пайдаланумен байланысты қызметтер жиынтығын қамтамасыз ететiн фирманың маркетинг әрекеттерiнiң қосалқы жүйесi болып табылады.

Сервис қызметi сатқанға дейiн, сатқаннан кейiн сервис түрiне бөлiнедi. Сатқанға дейiн сервис сатып алушыға кеңес беру, өнiмдi сатуға дайындау, қажеттi құжаттармен қамтамасыз ету, тауарды сату орнына жеткiзген кезде пайда болған кемшiлiктердi жою жұмыстарын қамтиды. бұл сервис түрi тегiн жүргiзiледi.

Сатқаннан кейiнгi сервистiң өзi екi түрге бөлiнедi: кепiлдемелi және кепiлдемелiден кейiнгi. Кепiлдемелi сервисте белгiлi уақыт аралығында сервис тiзiмiнде көрсетiлген жұмыстар тегiн орындалады. Себебi бұл жұмыстардың және оған қажет қосалқы заттардың құны өнiмнiң сату бағасына қосылған. Ал кепiлдемелiден кейiнгi сервис қосымша төлем арқылы жүргiзiледi. Бұл сервис түрiнiң көлемi және бағасы келiсiм шартымен анықталады.

Сервис қызметiн әртүрлi жүргiзуге болады:

  • өндiрушi фирма бөлiмшесiнде;

  • жабдықтаушы фирма бөлiмшесiнде;

  • арнайы сервис фирмаларында;

  • өнiмдi сататын агенттер арқылы;

  • сатып алушы фирманың арнайы дайындалған қызметкерлерi арқылы.

Сервистi тиiмдi ұйымдастырудың 8 ережесiн Жак Горовиц тұжырымдаған:

  • Стратегия.

  • Тұтынушымен байланыс

  • Фирма өзiнiң қызметкерлерi алдына қоятын талаптарын анық көрсету

  • Жабдықтау жүйесiн дәл ұйымдастыру

  • Сервис бөлiмшесiнiң қызметкерлерiн арнайы дайындау

  • Мақсат қою

  • Клиентi анықтау

  • Творчестволық қызмет.

Практикада қолданылатын баға стратегиялары:

1. Жоғары баға стратегиясы. Алғашқыда өндіріс шығындары жоғары болады, одан кейін ол төмендейді. Бұған жаңа тауарлар жатады. Сапасы жоғары тауарлардың бағасы да жоғары болады.

2. Төменгі баға стратегиясы немесе нарыққа өту стратегиясы. Бұл сұранымды ынталандыру мақсатында іске асады.

3. Сараланған баға стратегиясы барлық жеңілдіктер қарастырылған, алдын-ала белгіленген бағалар.

4. Жеңілдіктегі бағалар стратегиясы сатып алушылармен жұмыс істеу, яғни кәсіпорынға деген ынтасын арттыру үшін оларға тауар жеңілдетілген бағамен сатылады.

5. Икемді баға стратегиясы. Бағалар сатып алушылардың мүмкіндіктеріне қарай белгіленеді.

6. Тұрақты, стандартты, өзгермейтін баға стратегиясы.

7. Дөңгелексіз баға стратегиясы, яғни сатып алушы 100 теңгенің тауарын 99 теңгеге сатып алады.

8. Жаппай көтере сатып алу стратегиясы, яғни көтерме баға.

Бағаның турлері:

1. Анықтама баға анықтамалық басылымдарда, каталогтарда, журнал және газеттерде жарияланады.

2. Контракты баға сатушылар мен сатып алушылар арасында келіссөздер барысында тағайындалатын баға.

3. Жылжымалы баға шарттар өзгерген жағдайда, келіссөздерде белгіленген бағалар қайта қаралады.

4. Өзгермелі баға дайындалатын бұйымдарға сауда мәмілесінде ұзақ уақыт белгіленетін баға, осы бұйымдарды дайындау үшін қажетті уақыт ішінде өндіріс шығынының өзгеруін есепке алуға мүмкіндік беретін өзгермелі принципке негізделген.

Қорытынды

Нарықтағы бәсекенің күшеюінен баға төмендей бастайды. Оның мәні тауарды сатып алуда басты фактор ретінде өсе түседі. Сондықтан да, бәсекелестер арасындағы баға құрылымы мен нарық бөлігін бөлу айтарлықтай тұрақтанады. Бәсеке нәтижесінде жалпы сала бойынша толық пайда қысқарып, тауардың жиынтық есебінде жеңілдіктер беру етек жаяды. Жарнама аясының жалпыламалығы және қарқындылығы өзінің шарықтау шегіне жетеді. Тауарды жылжыту бәсекелі сипатта өтеді. Бұл кезеңдегі маркетинг міндеті ТӨЦ-тің ұзартуға бағытталған мынадай іс- шаралар жүргізуге арналған:

• нарықты терең сегменттеуді іске асыру керек және жаңа нарықты, әсіресе, соның ішінде халықаралық нарықты игеру қажет;

• нарыққа тауардың жаңа қасиеттерін ұсына отырып, оның ассортиментін дифференциялау;

• имидж, сұрансты және бағаны ынталандыру сияқты мнркентингтік өгермелілерді (переменные) пайдалана отырып, бәсекелік артықшылыққа қол жеткізу;

• тұтынушыларды тауарды жиі тұтынуға ынталандыру;

• бағаларды төмендету.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Панкрухин А.П. Маркетинг: Учебник.-М.: ИМПИЭ им А.С.Грибоедова, 1999

  2. Березин И. Маркетинг сегодня. -М.:Менеджмент, 1996

  3. Все о маркетинге.-М.:Азимут-центнер, 1992

  4. 2-х т.: Нер с англ. 11-го изд. Т.1.-М.: Республика, 1992.-339с.

  5. Эванс Дж., Берман Б. Маркетинг: Сокр.пер. с англ. –М.: Экономика, 1993.- 335с.

7

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]