Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

СОЖ 11

.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.05.2020
Размер:
25.04 Кб
Скачать

Маркетингтегі өткізу саясаты

Жоспар

Кіріспе......................................................................................................................3

  1. Өткізу саясатының мәні және негізгі құраушылары..........................4

  2. Бәсекелестерді жіктеу және функциялары...........................................5

  3. Үлестіру арналары: ұғымы, маңызы және функциялары..................6

  4. Логистика. Логистика түрлері................................................................7

Қорытынды.............................................................................................................8

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.........................................................................9

Кіріспе

Маркетинг (ағылш. marketіng — рынок‚ базар‚ өткізу‚ сауда) — кәсіпорынның (фирманың, бірлестіктің‚ т.б.) тауар өндіру-өткізу және сауда жасау қызметін ұйымдастыру мен басқару жүйесі.

Маркетинг нарық дамуының жай-күйі мен келешегін зерделеуге негізделеді, тұтыну мен өндіріс өніміне (тауарға‚ көрсетілетін қызметке) сұранымды қалыптастырады, табыс алу мақсатымен рынокта тауарлардың өткізілуін тездетуге бағытталады.

Маркетинг — сұранымды жан-жақты зерделеп‚ болжау‚ жарнаманы пайдалану‚ өндірісті ынталандыру‚ сақтау мен тасымалдаудың осы заманғы тәсілдерін‚ тауарлардың тұтынушыға жетуіне жәрдемдесетін тех. және басқа түрлерін қолдану негізінде кәсіпорынның жаңа өнімді әзірлеу‚ өндіру мен өткізу жөніндегі ұйымдық-техникалық‚ қаржы‚ коммерциялық және басқа қызмет түрлері жатады.

  1. Өткізу саясатының мәні және негізгі құраушылары

Тауарлық, бағалық коммуникациялық және сервистік саясаттарды әзірлеумен салыстырғанда өткізу саясатына кәсіпорындар дәстүрлі түрде аз көңіл бөледі. Жоғарыда аталған сфераларда бәсекелік артықшылықтарға қол жеткізу мүмкін болмағанда ғана кәсіпорынның көзқарасы өткізу саясатына аударылады.

Өткізу саясаты – фирма өз тауарын үлестіру арналарын құру және тауарлардың уақыт пен кеңістікте орнын ауыстыру сферасында ұстанатын қызметтік жалпы принциптері.

Басқа айтқанда өткізу саясаты тауарды үлестіру бойынша қызметтің саналы басқарылуын білдіреді.

Өткізу саясатының негізгі принциптеріне сәйкес өткізу стратегиясы және сонан соң тактикасы әзірленеді.

Өткізу стратегиясы – бұл өткізу арналарын, сондай-ақ рынок жағдайларында тауарлардың уақыт пен кеңістікте физикалық орнын ауыстыру процестерін құру және өзгерту бойынша ұзақ және орта мерзімді шешімдер.

Өткізу стратегиясы әр түрлі рыноктар, әр түрлі тауарлар (егер фирма бірнеше тауар шығарса), тауарлардың өмірлік циклінің сатылары үшін әзірленеді.

Өткізу тактикасы – қысқа мерзімді және бір реттік сипатты шаралар.

Тактикалық шаралар өндірістік құрылымдардың және рыноктық конъюнктураның ойда болмаған өзгерістері, басқарушы персоналдың қателері салдарындағы қызметте пайда болатын, деформацияны жоюға бағытталған.

Барлық өткізу саясатының мәні стратегиялық және тактикалық әрекеттерді жоспарлау және іске асыру процесінде ашылады.

  1. Бәсекелестерді жіктеу және функциялары

Нарықтық қатынастар жүйесіндегі делдалдық кәсіпорындарды екі топқа бөлуге болады: тәуелсіз және тәуелді делдалдық ұйымдар. Өнімді дайындау-шылар мен қабылдаушылар үшін тәуелсіз ұйымдар, кейіннен тұтынушыларға өткізу арқылы тауарларды меншігіне сатып алатын, дербес ұйымдар болып табылады. Дистрибьюторлар, сауда маклерлері.

Тәуелді делдалдар орындалатын қызметтер үшін комиссиялық сыйақыға жұмыс істеп, тауарларға меншік құқығына үміттенбейді. Оларға әр түрлі өткізу агенттері, брокерлер, комиссионерлер, сатып алу конторалары, өнеркәсіптік агенттер жатады; өткізу агенттері, яғни өндірушілер мен тауарды сатып алуда мүдделі субъектілердің мүдделерін «түйістіруді» ғана жүзеге асырады.

3. Үлестіру арналары: ұғымы, маңызы және функциялары

Өнімді үлестіру арналарын таңдау күрделі басқарушы шешім болып табылады, өйткені арналар таңдалған, олар маркетинг сферасындағы барлық  басқа шешімдерге тікелей әсер етеді.

Өнімдерді үлестіру көптеген жағдайларда делдалдар арқылы жүргізіледі, олардың әрқайсысы   сәйкес  үлестіру арнасын құрайды.

Үлестіру арнасы тауарды өндірушіден тұтынушыға баратын жолда нақты тауарға меншік құқығын өзіне алуға және әлдебір басқаға беруге қабылдайды. Үлестіру арнасын тауарлардың өндірушілерден  тұтынушыларға жылжу жолы (маршруты) ретінде түсіндіруге болады.

Үлестіру арналары үш түрлі болуы мүмкін: тура, жанама, аралас.

Тура арналар тауарлар мен қызметтердің делдалдық ұйымдардың қатысуынсыз орын ауыстыруымен байланысты.

Жанама, олардың арасында бір немесе бірнеше делдалдар болғанда.

Аралас арналар тауар қозғалысының алғашқы екі арнасының ерекшеліктерін біріктіреді. Сонымен, машина жасау кешенінің кәсіпорындары жеткізушілермен тура қатынастардың артықшылықтарын аз пайдаланады, олар өнімді делдалдар жүйесі арқылы өткізеді.

Үлестіру арналарын олардың деңгейлерін құрайтын әрбір типтың саны бойынша да сипаттауға болады.

Үлестіру арнасының деңгейі – бұл тауарды жақындату бойынша сол немесе өзге жұмысты және соңғы сатып алушыға меншік құқығын орындайды.

Үлестіру арнасының ұзақтығы ондағы аралық деңгейлердің санымен анықталады.

Үлестіру арналарының функциялары көп санды, бірақ олардың негізгісіне келесілерді жатқызуға болады:

-  тасымалдау: тауардың оны өндіру орнынан тұтыну орнына орын ауыстыруы бойынша кез келген әрекеттер;

-  «ұсақтау»: тауардың соңғы сатып алушылардың қажеттіліктеріне сәйкес келетін мөлшерде лайықтылығын қамтамасыз ету;

-  сақтау: тауарды соңғы сатып алушылар сатып алған сәтте оған  қатынасты қамтамасыз ету;

-  қатынасты орнату: сатып алушылардың қашықтағы және көптеген топтарына қатынасына мүмкіндік туғызатын әрекеттер;

-  ақпараттық байланыстар жасау: рыноктың қажеттіліктері және бәсекелік алмасу жағдайларындағы білімді дамыту.

4. Логистика. Логистика түрлері

Логистика миссиясы талап етілетін тауарды тиесілі күйінде барынша аз шығын кезінде керекті орынға жеткізу.

Логистика функцияларына: айналымды болжау және үлестіруді жоспарлау; өндіріс қажеттіліктерін жоспарлау, ол үшін сатып алу; жүктердің түсуін басқару және оларды жеткізу; клиенттердің тапсырыстарын өңдеу; өндірістік қоймаландыру; орау және заводтық қоймаландыру; жөнелту; тасымалдау және клиенттен сыртқы қоймаландыру; клиентке сервис көрсету.

Логистиканың басты проблемаларының бірі өнімді қоймаландыру болады.

Мысалы, жапондық «Кан бан» («дәл-уақыт») жүйесі белгілі, ол қоймалық жайларды минимумдандыруға және өнімді тікелей сату сәтіне оны жасауға бағытталған.

Қорытынды

Маркетинг атқарымы - іс-қимылдардың өзара байланысты кешені. Онда кәсіпорын іс-қимыл жасайтын ішкі және сыртқы ортаны, рыноктарды, тұтынушыларды талдау, бәсекелестер мен бәсекені, тауарларды зерттеу; жаңа тауар тұжырымдамасын қалыптастыру, маркетингілік зерттеулер негізінде тауар өндірісін жоспарлау, тауар қозғалысын, өткізім мен сервисті жоспарлау, баға саясатын тұжырымдап, іске асыру, маркетингілік бағдарламаларды әзірлеп, іске асыру, маркетингіні ақпаратпен қамтамасыз ету, маркетингіні басқару (қауіп-қатерді, пайданы, тиімділікті бағалай отырып, маркетинг шараларын жоспарлау, іске асыру және бақылау) қамтылады.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. А. Б. Рахимбаев – «Маркетинг теориясы жəне практикасы», Алматы, 2009 жыл

9

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]