Добавил:
Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СОЖ 6.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
21.05.2020
Размер:
36.85 Кб
Скачать
  1. Кәсiпорын нарықтары

Бизнесте табысқа жету үшiн, тек қана ашық қажеттердi қанағатандырып қана қоймай, сонымен бiрге бүркемелi түрлерiн де зерттеп, қанағаттандыру жолдарын табу қажет.

Қорыта айтқанда, қажеттердi зерттеу барысында келесi мүмкiндiктерге жол ашылады:

    • қажеттердiң пайда болу себептерiн, даму және өзгеру

бағытын анықтайды;

    • олардың құрылымын және өзара байланысын белгiлейдi;

    • олардың болашағын және қанағаттандырудың комерциялық мүмкiндiктерiн анықтайды.

Қоғамның дамуына байланысты оның мүшелерiнiң қажеттерi өсiп және кеңейiп отырады. Сондықтан маркеетингтiк зерттеудiң тағы бiр бағыты - тұтынушылардың сатып алу себептерiн анықтау болады.

Кәсiпорын нарықтарын зерттеу кезiнде нарықтың үш түрiн белгiлеуге болады:

  • өнеркәсiп тауарлары нарығы;

  • арадағы сатушылар нарығы;

  • мемлекеттiк мекемелер нарығы.

Өнеркәсiп тауарлары нарығы дегенiмiз өндiру процесiнде қолданатын тауарларын сатып алатын адамдар және ұйымдар жиынтығы болады. өнеркәсiп тауарлары нарығын мына салалар құрайды:

  • ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы және балық шаруашылығы;

  • өңдеу өнеркәсiбi;

  • тау-кен өндiрiсi;

  • құрылыс;

  • жүк көлiгi;

  • байланыс;

  • коммуналды шаруашылық;

  • банк, қаржы және сақтандыру iстерi;

  • әртүрлi қызмет көрсету саласы.

Бұл нарықтың сипаттамасы мынадай көрсеткiштермен анықталады:

  • сатып алушылар саны шамалы;

  • алайда олар iрi сатып алушылар;

  • олар географиялық тұрғыдан айтарлықтай шоғырланған;

  • ол тауарларына сұраныс екiншi қайтара сұранысы болып келедi;

  • бұл сұраныс тұтыну тауарларының сұранысына негiзделедi;

  • өндiрiсте тұтынатын тауарлардың сұранысы әдетте икемсiз;

  • оларды сатып алушылар негiзiнде мамандар, тауардың қасиеттерiн терең игергендер.

Арадағы сатушылар нарығы дегенiмiз тауарды ары қарай сатып пайда табу үшiн сатып алатын тұлғалар мен ұйымдар жиынтығы. Бұл нарыққа бөлшек сауда және көтерме сауда кәсiпорындары жатады.

Мемлекеттiк мекемелер нарығы дегенiмiз әлеуметтiк, саяси және басқа мәселелердi шешумен байланысты өздерiнiң мiндеттерiн атқаруға қажеттi тауарларды сатып алатын ұйымдар. Бұл нарықтың ерекшелiгi- мемлекеттiк және жергiлiктi бюджет көзi есебiнен сатып алу. Мемлекеттiк мекемелер сатып алатын тауар түрлерi өте көп: халық тұтынатын тауарлар мен ауыл шаруашылық тауарларынан бастап қару-жараққа дейiн. Бұл нарықтың тағы бiр ерекшелiгi- қоғам тарапынан бұл салаға көңiл бөлiнiп, бақылау жасалады.

  1. Кәсiпорын тұтынушылары мiнез-құлықтарын зерттеу

Кәсiпорын-тұтынушыға қажеттi тауарларды сатып алумен кәсiпорындағы арнайы бөлiмше айналысады, ол "сатып алу орталығы" деп аталады.

Сатып алу орталығы дегенiмiз жалпы мақсаты қалыптасқан және барлық тәуекелдi өзiне жүктейтiн сатып алу туралы шешiм қабылдау процесiнде қатысатын тұлғалар мен топтар жиынтығы. Оған мына қызметкерлер кiредi:

• бастапқы топ- сатып алу туралы ұсыныс беретiн өнiмдi пайдаланушылар мен ұйымның әртүрлi қызметкерлерi;

• өнiмдi пайдаланушылар тобы- өнiмдi немесе қызметтi пайдаланатындар.

• шешiмге әсер ететiндер тобы- техникалық қызметкерлер.

Сатып алу орталығы қызметкерлерi саны орташа алғанда 3-тен 5-ке дейiн болады.

Кәсiпорын тұтынушыларының сатып алу туралы шешiм қабылдау процесiнде бiрнеше ерекшелiктерi болады және бұл процесс бiрнеше сатылар тұрады:

1. Қажеттiлiктi анықтау, оны сипаттау мақсатында бұл сатыда компания қызметкерлерi өндiрiс мәселесiн және мұқтажын қандай тауарды сатып алумен қанағаттандыруға болатынын ұғынады. Содан кейiн сатып алушылар қажеттi тауар санын және оның сипаттамаларын анықтайды.

2. Жабдықтаушыларды iздестiру сатысында өнiмнiң қасиеттерiн анықтағаннан кейiн керектi жабдықтаушыны iздеу басталады. Ол үшiн сауда анықтамалары, электронды техниканың көмегiмен ақпараттар iздеудi ұйымдастырады.

3. Жалпы сұраныс деңгейiн белгiлеу сатысында жалпы сұраныс деңгейiн бiлу үшiн сатып алушы бiлiктi жабдықтаушылардан ұсынысын беруге өтiнедi.

4. Жабдықтаушыны таңдау сатысында жалпы сұраныс деңгейiн бiлу үшiн сатып алу орталығы жабдықтаушыларды таңдауға кiрiседi. Олар әр түрлi кандидаттың тауарды уақытында жеткiзу немесе қызметтi өз уақытында көрсету қабiлеттiлiгiн және қажеттi сипаттамаларын немесе олардың салыстырмалы маңыздылық деңгейiн анықтайды.

5. Жабдықтаушыны таңдағаннан соң сатып алу орталығы жабдықтаушыға тапсырыс берумен айналысады. Ол өнiмнiң техникалық сипаттамаларын, керектi санын, сауда уақытын, есептесу шарттарын, сауда кепiлдемесiн көрсетiп, оған тапсырыс бередi.

6. Жабдықтаушының жұмысын бағалау сатысында жоғарыда айтылған процестердiң барлығын орындағаннан кейiн сатып алушы жабдықтаушының жұмысын бағалайды. Ол үшiн сатып алушы өзiнiң түпкi тұтынушыларынан өнiм сапасы туралы пiкiрiн сұрауы мүмкiн, немесе жабдықтаушының нашар жұмысынан шеккен шығындарын есептеуi мүмкiн. Соғын байланысты қарым-қатынасты одан әрi жалғастыруы немесе келiсiм-шартқа түзетулер енгiзудi ұсынуы немесе жабдықтаушыдан бас тартуы мүмкiн. сАтып алушылар жабдықтаушылардың жұмысын тұрақты қадағалап, оларға өз пiкiрiн хабарлап отыруы керек.

Қорытынды

Кәсіпорынның маркетингілік қызметінің барлық бағыттары бойынша тәптіштелген жоспарлар әзірлеу. Мұндай маркетинг-жоспарлардың құрылымында негізгі көрсеткіштердің тізбесі, рыноктардың, олардың негізгі бөліктерінің, тұтынушылардың (сатып алушылардың), бәсекелестердің сипаттамасы, бәсекенің салдарынан болатын ықтимал қиындықтарды талдау, бәсекелестік артықшылықтар, жоспарлы кезеңде фирма қол жеткізуге тиіс тұжырымдалған мақсаттар, маркетинг стратегиясын — оның барлық кешені, мақсатты рыноктар, шығындардың деңгейі бойынша қызметінің бағдарламалары, оның барлық ұстанымдары бойынша нақты іс-қимылдары, болжалды пайданың есебі, жоспардың орындалуы барысына бақылау жасау қамтылады. Фирма өнімнің (тауарлардың) бірнеше түрлерін, алуан түрлі сұрыпталымдық топтарды өндіретін, түрлі рыноктарда жұмыс істейтін жағдайда әрбір жайғасым бойынша жеке маркетинг-жоспар жасалады.

Қайсыбір жергілікті тауар рыногінің жай-күйін, даму беталысын, әдетте, өнімді тұтынушылардың кездейсоқ таңдалған тобының пікірлерін қорытындылау негізінде зерделеу; маркетингтің аса маңызды атқарымы. Маркетингілік зерттеу рынокты зерттеумен ғана шектелмейді, жаңа тауар идеяларын іздестіруден бастап оны түпкілікті тұтынушының пайдалануына дейінгі бүкіл маркетинг үдерісін қамтиды. Маркетинг қызметінің барлық түрлері мен салалары, тауар, рынок, өнімнің түр-түрі, өткізу мен бөлу арналары, іске асыру әдістері, жарнама, өткізуді ынталандыру, т.б. тиісінше зерттеледі. Осыған орай кез келген Маркетингілік зерттеу бес кезеңді қамтиды. Бірінші кезеңде мәселе дәл айқындалып, зерттеу мақсаты алға қойылады. Екінші кезеңде ақпарат жинау жоспары әзірленеді. Үшінші кезеңде ақпарат жиналады. Зерттеу пікірлерді анықтау нысанында не топтық талқылау нысанында жүргізілуі мүмкін. Төртінші кезеңде жалпылама көрсеткіштерді құрастыру, олардың арасындағы өзара байланыстарды анықтау үшін жиналған ақпаратқа талдау жасалады. Бесінші кезеңде зерттеулер мен ұсыныстардың негізгі нәтижелері сарабдал шешім қабылдау және кәсіпорындардың тауар рыноктарындағы іс-әрекетінің стратегиясын айқындау үшін кәсіпорындардың басқарушыларына беріледі.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Филип Котлер. “Маркетинг негіздері ”.

  2. Нысанбаев С.Н. Садыханова Г.А.“Маркетинг негіздері”.

  3. Сейітжан Сатыбалдыұлы “Маркетинг негіздері”.

10

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]