- •1. Менеджменттің теориялық және әдістемелік негіздері
- •2. Өндірісті басқару ғылымының мазмұны
- •3. Басқару әдістерінің жиынтығы
- •1. Менеджменттің теориялық және әдістемелік негіздері
- •2. Өндірісті басқару ғылымының мазмұны
- •3. Басқару әдістерінің жиынтығы
- •2. Менеджер және оның функциялары
- •3. Америкалық және Жапон менеджменті: ерекшелектері мен өзгешеліктері
- •2. Әкімшілік немесе классикалық мекетеп
- •3. Адамдар арасындағы қарым-қатынас мекетебі
- •4. Басқару ғылымы немесе математикалық мекетеп
- •2. Ұйымдағы басқару процесі
- •3. Менеджмент жүйесіндегі кәсіпкерлік
- •2. Ұйымның сыртқы ортасы
- •3. Тура әсер ету ортасы
- •4. Жанама әсер ету ортасы
- •2. Коммуникация процесі
- •3. Қарым-қатынас кедергісі және оны жою әдістері
- •4. Ұйымдық қарым-қатынас кедергілері және оны жою әдістері
- •2. Экономикалық ынталандыру
- •3. Экономикалық басқару жүйесіндегі баға белгілеу
- •4. Фирманың қаржылық саясаты
- •2. Басқарудың әлеуметтік әдістері
- •3. Басқарудың психологиялық тәсілдері
- •2. Бұөт түрлері
- •3. Бұөт негізгі сипаттамалары
- •2.Стратегиялық жоспарлау
- •3. Фирма ішіндегі жоспарлау
- •2. Ұйымдастыруда өзара тиімді әрекеттестікті табыстау
- •3. Ұйымдастырудағы жауапкершілік
- •2. Мотивацияның мазмұндық теориялары
- •3. Мотивацияның процессуалдық теориялары
- •2. Бақылаудың түрлері
- •3. Бақылау процесі
- •2. Ұйымдық қайшылықтардың негізгі түрлері
- •3. Шиеленістің төрт методикалық құрылымы
- •Минцбергтің белгілеуі бойынша басшының 10 түрлі рөлі
- •2. Басқару кадрларының жұмыс принциптері
- •1. Басқару қызметінің мәдениеті
- •2. Корпоративтік мәдениет сипаттамасы
- •1. Басқару қызметінің мәдениеті
- •2. Корпоративтік мәдениет сипаттамасы
2. Ұйымның сыртқы ортасы
Ұйымның сыртқы ортасы ұйымның ішіндегі қабылданатын шешімдерден немесе ұйым қызметінің нәтижелерін тұтынушысы болып табылатын топтар. Сыртқы ортаға ұйымнан тыс бола отырып, оған маңызды әсер ететiннiң бәрі жатады. Ұйымға жүйелі баппен қарау оны сыртқы ортамен байланыстыратын кірістер мен шығыстарды айқындауды талап етеді Ол үшін сыртқы ортаның жүйелі әсер ететін маңызды компоненттерін айқындау қажет. Ұйымға әсет ететін факторларды екі топқа бөлуге болады:
тура әсер ету факторлары және жанама әсер ету факторлары.
Тура әсер ету факторларға: жабдықтаушылар, тұтынушылар, бәсекешілер, заң және мемлекеттік пен қоғамдық органдар жатады.
Жанама әсет ету факторларына: саяси, экономикалық, әлеуметтік –мәдени, ғылыми – техникалық, табиғи, халықаралық және т.б. факторлар жатады. Экономиканы түбегейлі өзгерту заманында ұйым дамуының стратегиялық беталысын анықтайтын экономикалық және саяси факторлар үлкен роль атқарады. Нарықты экономика құру басты міндет болғандықтан сыртқы ортамен өзара қатынасын, іс әрекетін құруда ұйымның шешуші ролін атап өткеніміз жөн. Ұйымның сыртқы ортасына байланысты міндеттер:
Ұйым ашық жүйе ретінде сыртқы ортаға ресурстар, кадрлар, энергия, тұтынушылар мен жабдықтаушылар бойынша тәуелді болғандықтан, менеджерлерге ұйымнан тыс факторлар қозғалысын ескеру қажет;
Менеджерлерге ұйымына әсер ететін айналадағы факторларды анықтап алуы және сыртқы ықпалға бейімділік амалдары мен әдістерін таңдай алу керек;
Ұйым өміршеңдігі үшін және тиімділігін сақтау үшін ортаға бейімделуге мәжбүр.
Сыртқы ортаның маңызды сипаты – факторлардың өзара байланыстылығы. Кез келген бір фактордың өзгеруі қалғандарының өзгеуіне әкеп соғуы, олардың өзара байланыстығын көрсетеді.
Сыртқы ортаның келесі бір сипаты оның қозғалымдығы, яғни ұйым айналасындағы болатын өзгерістер жылдамдығы. Сыртқы ортаның қозғалымдығына, ең алдымен ғылым және техника жетістіктері ең күшті әсер етеді.
Соңғы бір сипаты – оның анықсыздығы. Анықсыздық дегеніміз қоршаған ортанын информация саны мен оның сенімділігінің функциясы ретінде қарауға болады. Ұйымның сыртқы орта жайлы информациясы неғұрлым аз және дәлдігі төмен болса, соғұрлым сыртқы орта анықсыздығы жоғары және неғұрлым сыртқы орта анық емес, соғұрлым тиімді дұрыс шешім қабылдау қиын
Барлық аталған сыртқы орта сипаттамалары тура және жанама әсер ету факторларын бейнелеуге қатысады.
3. Тура әсер ету ортасы
Ұйым мен оны қоршаған шартты жағдайларды комплексті қарастыру жүйелік көзқарастың құндылығын көрсетеді. Жүйелік көзқарас біржақты және факторлардың шектелген санын қарастыруға жол бермейді. Басқарудың көптеген теориялық және практикалық мәселелерін зерттеуде ұйымды үлкен жүйе ретінде зерттейді. Бірақ барлық ішкі және сыртқы байланыстарды тұтас бейнелеу және зерттеу өте қиын. Демек, сыртқы орта факторларын зерттеуде бір фактордан екіншіге кезекпен ауыстыру жолын жүргізу керек. Сондықтан, оларға жеке жеке тоқталайық.
Жабдықтаушылар – ұйымның мақсаттарына жетуге қажетті ресурстармен қамтамасыз етушілер. Ресурстардың қолда барлығы мен бағасы ұйымның қызметіне ықпал етеді, міндеттер мен жоспарды жасағанда ескеріледі. Материалдың бір түрін басқасымен алмастыру жабдықтау жүйесінде өзгерістер тудыруы мүмкін. Ұйым табысы үшін материалдар жабдықтары емес, сонымен қатар капитал да маңызды. Потенциалды инвесторлар қатарына банктер, бюджет қорлары, акционерлер, жеке тұлғалар және т.б жатады. Олар инвестицияларды тек пайда кепілдігі болған жағдайда ғана жасайды. Ең соңында, ұйымның тиімді қызмет етуі тиісті біліктілігі бар мамандар, материалды, капиталды және технологияны қозғалысқа келтіруге қабілеті бар кадрларсыз көз алдына елестету мүмкін емес.
Кәзір ұйымдарда жоғары білікті мамандар, соның ішінде менеджерлер жетіспейді. Сондықтан, жұмысшылар мен бақарушы кадрлар біліктілігін жоғарылату және дайындау инвестициялаудың тиімді салаларының бірі болып есептелінеді. Ұйымда кәсіподақтың болуы сыртқы ортаның тағы бір айнымалысымен есептесүдің қажеттігін көрсетеді: кәсіподақпен келіссөздер жүргізіліп, тарифтік келісімдер, коллективтік шарттар т.б шаралар жасалуы керек.
Тұтынушылар. Басқару теориясында бизнестің жалғыз нағыз мақсаты тұтынушыларды құру деген көзқарас орын алған. Мұнда үлкен мағына жатыр – ұйымның «өмір сүруі», табысы өз қызметі мен өнімдеріне тұтынушыларды табу қабілеттігіне байланысты. Тұтынушылар белгілі бір баға бойынша берілген товарлар мен қызметтерді пайдалана отырып, ұйымның іс – әрекетінің табыстылығын анықтайды. Ұйым өз қызметін тұтынушылардың белгілі бір тобына бағыттай отыра, ол сыртқы ортаның осы факторына әсер ететіндігін және де өзінің оған тәуелділігін ескерткенін байқатады.
Бәсекелестер. Ұйым басшысы өнім рыногындағы өзгерістерге қарай қимылдау керек. Бәсекешілер рыногқа өнімдердің жаңа түрлерін алып шығады, өз жарнамаларын күшейте түседі, өз өнімдері бағаларын төмендетіп немесе клиенттерге қызмен көрсету көлемін кеңейтеді. Қай жағдайда болмасын, егер басшы пайдасын немесе рыногтағы үлесін төмендеткісі келмесе әр өзгеріске өз жағынан әрекет жасау керек. Егер рыногтың жаңа жағдайларына басшы өз уақытында бейімделмесе, мұндай басшы акционерлер наразылығына ұшырауы күмәнсіз. Бүгінгі күнде өнім бағасына байланысты бәсеке оның сапалық бәсекесімен ауыстырылып отыр. Сонымен егер де ұйым бәсеке, күрес үстінде табысқа, жеңіске жетем десе, ол ең алдымен жаңалықты еңгізу және тиімді жұмыс істеуді көздеу керек.
Заң және мемлекет органдары. Ұйым қызметі түрлі заңдармен реттеледі. Бұл заңдар оның мемлекен мекемелерімен, жалданушы жұмыскерлермен арақатынасын, салық төйлеу тәртібін және т.б мәселелерді анықтайды. Заңдылық қозғалымдығымен қатар, кейде анықсыздығымен сипатталынады. Ұйымдар тек республикалық заңдар мен жергілікті маслихат шешімдерін ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік реттеудің түрлі органдарының талаптарын орындауы қажет, мысылы қоршаған ортаны қорғау, тұтыну товарлары сапасы, еңбекті сактау бойынша талаптар және т.б. Түрлі органдардан шығатын талаптар, кейде бір біріне қарама-қайшылықта болады. Сонымен қатар реттеуші қызметтерін жергілікті билік мекемелері де жүргізеді.
