- •1. Менеджменттің теориялық және әдістемелік негіздері
- •2. Өндірісті басқару ғылымының мазмұны
- •3. Басқару әдістерінің жиынтығы
- •1. Менеджменттің теориялық және әдістемелік негіздері
- •2. Өндірісті басқару ғылымының мазмұны
- •3. Басқару әдістерінің жиынтығы
- •2. Менеджер және оның функциялары
- •3. Америкалық және Жапон менеджменті: ерекшелектері мен өзгешеліктері
- •2. Әкімшілік немесе классикалық мекетеп
- •3. Адамдар арасындағы қарым-қатынас мекетебі
- •4. Басқару ғылымы немесе математикалық мекетеп
- •2. Ұйымдағы басқару процесі
- •3. Менеджмент жүйесіндегі кәсіпкерлік
- •2. Ұйымның сыртқы ортасы
- •3. Тура әсер ету ортасы
- •4. Жанама әсер ету ортасы
- •2. Коммуникация процесі
- •3. Қарым-қатынас кедергісі және оны жою әдістері
- •4. Ұйымдық қарым-қатынас кедергілері және оны жою әдістері
- •2. Экономикалық ынталандыру
- •3. Экономикалық басқару жүйесіндегі баға белгілеу
- •4. Фирманың қаржылық саясаты
- •2. Басқарудың әлеуметтік әдістері
- •3. Басқарудың психологиялық тәсілдері
- •2. Бұөт түрлері
- •3. Бұөт негізгі сипаттамалары
- •2.Стратегиялық жоспарлау
- •3. Фирма ішіндегі жоспарлау
- •2. Ұйымдастыруда өзара тиімді әрекеттестікті табыстау
- •3. Ұйымдастырудағы жауапкершілік
- •2. Мотивацияның мазмұндық теориялары
- •3. Мотивацияның процессуалдық теориялары
- •2. Бақылаудың түрлері
- •3. Бақылау процесі
- •2. Ұйымдық қайшылықтардың негізгі түрлері
- •3. Шиеленістің төрт методикалық құрылымы
- •Минцбергтің белгілеуі бойынша басшының 10 түрлі рөлі
- •2. Басқару кадрларының жұмыс принциптері
- •1. Басқару қызметінің мәдениеті
- •2. Корпоративтік мәдениет сипаттамасы
- •1. Басқару қызметінің мәдениеті
- •2. Корпоративтік мәдениет сипаттамасы
2. Экономикалық ынталандыру
Экономикалық ынталандыру — жұмыскерлердің экономикалық мүдделерінде көрініс табатын өндірісті басқарудың әдісі. Оның негізін ЖҰӨ жаппы табысына қосқан үлесіне қарай өндірістік ұжымның және әрбір қатынасушының табыстарын қалыптастыруды құрайды.
Экономикалық ынталандыру мынадай негізгі принциптерге сүйенеді:
экономикалық ынталандырудың мақсаттарын қоғамды дамытудың мақсаттарымен орналастырып (келісімге келтіріп), өзара байланыстыру;
қоғамдық өндірістің құрылымындағы жоспарланған өз- гертулерді жүзеге асыруға бағытталған экономикалық ынталандыруды саралау;
ұжымдық және жеке мүдделердің бірыңғай болуын қам- тамасыз ететін алғышарттарды жасау;
экономикалық ынталандыруды моральдық ынталанды- румен ұштастыру;
кәсіпорындардың және лауазымды түлғалардың мате- риалдық жауапкершілігін қарастыратын экономикалық санкцияларымен экономикалық ынталандыруды ұштастыру.
Экономикалық ынталандырудың маңызды элементіне материалдық ынталандыру жатады. Ол әр түрлі формада жүзеге асырылады, оны ең алдымен әрбір жұмыскердің еңбекақысы түрінде және ұжымның еңбек нәтижелерін ынталандыру турінде жүзеге асыруға болады.
Еңбекақы материалдық тұрғыдан ынталандыратын жүйеде жетекші орын алады.
Шаруашылық жургізудің іс-тәжірибесінде бірыңғай еңбек етуге және шұғыл міндеттерді (тапсырмаларды) қабылдап, орындауға ұжымның материалдық тұрғыдан мүдделілігін тудыратын әдістерді әзірлеу ісі маңызды мәнге ие. Экономикалық ынталандырудың көтермелеу қорын қалыптастырушы тетігі қорды қалыптастыратың көрсеткіштердің тандауын, пайдадан аударылатын (ұсталатын) аударымдардың нормативтерін белгілеуді, қор мөлшерін анықтайтын әдістерді әзірлеуді қарастырады. Нақ осы бағытта ғана ол ұдайы жетілу үстіңде болады.
Басқару тетігінде фирмалардың, бірлестіктер мен салалардың өндірістік-шаруашылық кызмет нәтижелеріне және олардың басқару органдарының басқарушылық тиісті (міндетті) істерді қалай орындағанына экономикалық тұрғыдан жауап берудің, яғни экономикалық жауапкершілік әдістері маңызды орын алады.
3. Экономикалық басқару жүйесіндегі баға белгілеу
Басқару тетігінің әр түрлі экономикалық тұтқаларының ішінен басты орынды фирманың экономнкалық қызметін барлық жағынан бейнелей алатын баға және баға белгілеу алады. Нарықты монополиялық тұрғыдан реттеудің осы заманғы жағдайында бағаның рөлі мен мәні, оны қапыптастырудың шарты мен даму теңденцнясы елеулі өзгеріске ұшырады. Бұл реттеудің басы мен накты нарық күшін тоқайластыруды білдіретін барлық баға белгілеу тетіктерінің сапалы түрде өзгергенін айғақтайды. Бұл өзгерістердің елеулі жағына бағаның өндірісті тікелей реттеуші ретіндегі рөлінің әлсіреу салдарынан кұн заңы әрекет ететін салалардың шектеліп қалуы жатады, яғни құн заңының ықпалына бағынатын салалар санының кемуі елеулі өзгеріс болып табылады.
Сыртқы контрагенттермен есеп айырысқанда фирма көбінесе бағаның жарияланатын және есептесу деп аталатын екі түрін пайдаланады. Жарияланатын бағаға берік тіркелген бағалар жатады: прейскуранттық; анықтамалық; биржалық баға белгілеудін бағалары (цены биржевых котировок); аса ірі фирманың әлемдік нарықтағы нақты мәмілелік бағалары, яғни аса ірі фирманың әлемдік нарықта жасаған нақты мәміледе белгіленген бағалар. Мұның мәліметі баспасөз беттеріне дайын жұртқа хабарланады.
Есептесу бағалары - бұл күрделі өнеркәсіп құралына немесе стандартты емес өнімге белгіленетін, жеке тапсырыс бойынша дайындалатын жабдықтаушының бағалары. Яғни, күнделікті тұрмыста (тіршілікте) сирек ұштасатын өзгеше өнім түріне, құрылымы күрделі құралға немесе арнайы біреудің тапсыруы бойынша жабдықтаушының ұсынатын (белгілейтін) бағасы болып табылады.
Жарияланатын бағалар әдетте әлемдік бағаның деңгейін көрсетеді. Оның ішіндегі ең кеңінен тараған - стандартталған түпкілікті өнімге белгіленетін прейскуранттық бағалар.
Анықтамалық бағалар да әлемдік нарықтағы бір текті өнімдердің бірыңғай (біркелкі) деңгейін және салыстырмалы тұрақтылығын айрықшалап көрсетеді, өнеркәсіптік шикізат тауарларының анықтамалық бағалары көбінесе базистік деп аталатын бағаларды, яғни белгілі бір сапасы мен саны өзіндік ерекшелігі және мөлшері бар тауардың бағаларын білдіреді.
