Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Менеджмент.каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
628.74 Кб
Скачать

2. Өндірісті басқару ғылымының мазмұны

Өндірісті басқару процесінде адамдардың мақсатты қызметінің формалары мен әдістерін, міндетті істерін (функцияларын), принциптерін әзірлеу, заңдар мен заңдылықтарды анықтау басқару ғылымының мазмұны болып табылады.

Өндірісті басқару ғылымының міндеті - өндірісті басқару қатынастарының тетіктерін түсіндіру және нақты міндетті тиімді шешудің жолдары мен амалдарын іс жүзінде табуға жәрдемдесу.

Өндірісті басқару теориясы - кешенді білім жүйесі. Ол мына бөлімдерге бөлінеді:

• Өндірісті басқарудың әдістемелік негіздері. Мұнда басқарудың мәні, оның мазмұны, басқарудың заңдылықтары мен принциптері ашып көрсетіледі.

  • Өндірістің басқару жүйесі туралы ілім. Бұл бөлімде басқару жүйесінің ұйымдастыру формалары, басқару функциясы мен кұрылымы, басқарудың әр түрлі деңгейлерін ұштастыру сөз болады.

  • Ықпал етудің тұтқалары мен кұралдарының жиынтығы ретінде басқару әдістері мен тетіктері туралы ілім. Мұнда басқарудың әлеуметтік-психологиялық, ұйымдастырушылық-басқарушылық экономикалық тетіктері, олардың жиынтығы және ықпалдасуы қарастырылады,

  • Басқару процестері, олардың ерекшеліктері, басқару процесінің динамикасы, әдістері туралы ілім; басқару процесінің синтезі секілді ақпаратпен қамтамасыз ету және шешім.

  • Басқарудың сапасы мен тиімділігі туралы ілім. Мұнда басқарудың стилі мен мәдениеті, басқару өнері, сондай-ақ тиімділікті бағалау мен оны арттырудың жолдары сөз болады.

Өндірісті басқару ғылымы теориясының даму негізін құрайтын іс-тәжірибенің талап етуі арқылы пайда болады. Өндірісті баскару теориясының мазмұны объектілер арқылы анықталады. Басқару - бұл ғылым мен өнер, онда объективтілік пен даралық (индивидуальность) ұштастырылады.

Тұтастай алғанда XX ғасырдағы басқару туралы ғылымның дамуын шартты түрде мына кезеңдерге бөлуге болады:

  • 50-ші жылдары - таза басқарушылық шешімдер кезеңі;

  • 60-ші жылдары - фирма ішіндегі ұзақ мерзімді жоспарлау;

  • 70-ші жылдары - стратегиялық жоспарлау;

  • 80-ші жылдары - стратегиялық менеджмент;

  • 90-ші жылдары - стратегиялық процестерді зерттеуге көшкен басқару ғылымы дамуының жаңа кезеңі туады.

3. Басқару әдістерінің жиынтығы

Кез келген ғылым секілді басқару ғылымының өз мазмұны, теориясы және әдістемесі

болады.

Әдістеменің міндеті - осы саладағы білімнің өмір кұбылыстарын (қолданысын; көрінісін) зерделеу мен қорытындылаудың әр түрлі құралдары мен тәсілдерінің жүйесін жасау болып табылады.

Басқару теориясы мен іс-тәжірибесінде көптеген әдістемелер қолданылады, оған жататындар:

  • Диалектикалық әдістеме. Басқару ісінде барлық диалектикалық заңдар мен категориялардың өз орындары бар.

  • Нақты-тарихи тәсілдеме - өндірісті басқару мәселелерін ғылыми тұрғыдан әзірлеуге қойылатын міндетті талап.

  • Кешенді тәсілдеме - басқару бойынша ұсыныстарды тиімді зерделеу және әзірлеу шарттарының бірі.

  • Аспектілік тәсілдеме - басқару қатынастарының бір қырын, бір ерекшелігін зерттеу. (Аспектілер: саяси-экономикалық, әлеуметтік, философиялық және т.б.).

  • Жүйелі тәсілдеме - ол басқарушы жүйені және басқарылушы жүйені өзара байланыстыруға мүмкіндік береді. Жүйелі тәсілдемені жүзеге асырудың шарты – жүйелі талдаудың әдістемесі болып табылады. Жүйелі талдау басқарудың ұйымдастырушылық құрылымын жобалаудың әдістемелік негізінің бірі ретінде қызмет етеді.

  • Үлгілеу (моделирование) - басқару ғылымының тиімді әдістемесі. Ол атқарылатын объектіні немесе субъектіні басқарудың үлгілерін жасауға негізделген. Ал, үлгілер өз кезегінде объектілердің немесе субъектілердің ерекшеліктерін танып-білуді жеңілдетеді.

2-тақырып. Менеджменттің мәні мен қағидалары

1. Менеджмент ұғымы, мәні мен түрлері

2. Менеджер және оның функциялары

3. Америкалық және Жапон менеджменті: ерекшелектері мен өзгешеліктері

1. Менеджмент ұғымы, мәні мен түрлері

Менеджмент- кәсіпорынды ұйымдастырудың принциптері (заң жағынан) туралы, оны дамытудың стратегиясы (идеологиялық бөлігі) туралы, қызметкерлерді іріктеу туралы және олардың жұмысын оңтайландырудың тәсілдері туралы ілімдерді қамтитын кәсіпорынды тиімді басқару ғылымы.

Менеджментте басты нәрсе кез келген адамдық қарым-қатынастарға жарайтын баршаға ортақ басқару принциптерін іс-жүзінде бөлу, анықтау және қолдану болып табылады.

Менеджмент-нарықтық экономиканың қажеттіліктері мен жағдайына толығырақ жауап бере алатын басқару типі.

Менеджменттің жағдайы техника мен технологияның деңгейіне, жұмысшы күшінің сапасына әсер етеді. Осы заманғы менеджмент- бұл экономикалық қатынастардың ерекше саласы. Менеджмент анықтамасы менеджер қызметінің мазмұнымен тікелей байланысты. Танымал американдық менеджер Ли Якокка «Карьера менеджера» кітабында адамдармен қарым-қатынас жасай білу, олардың мінез-құлқын танып, жұмысқа ынталарын ояту, басқаларға тапсырма берудің тәсілдері сияқты оның негізгі элементтерін бөліп көрсетеді.

Басқару қызметінің әр түрлі салаларында пайдаланылатын менеджменттің сан алуан түрлері бар:

Ішкі менеджмент- ішкі мәселелердің басымдығын сыртқыдан айрықшалап көрсететін басқару типі. Ішкі менеджментті басқару қызметін бөлу процесінде пайда болатын басқарудың міндетті ісі ретінде қарастыруға болады.

Ұйымдастыру менеджменті: 1) тар мағынасында- басқарудың жалпы міндетті істерінің бірі- ұйымдастыруды жүзеге асыруға бағытталған басқару әрекеттерінің, амалдарының және процедураларының жиынтығы; 2) менеджменттің бір бағыты жалпы ұйымдастырудың принциптері мен ұйымдастырудың мәселелерін шешуді алдыңғы орынға қоятын басқарудың тәжірибесі және теориялық тұжырымдамасы.

Ұйымды біртұтас организм ретінде қарастырған әрі жұмысты дұрыс ұйымдастыра білетін әрбір менеджер жетістікке жетеді деп сенген Анри Файоль (1841-1925 ж.ж.)

Тәжірибе менеджменті- менеджмент тұжырымдамасы. Ол осы тұжырымдаманың негізгі ережелері мен принциптерін нақты пайдалануға бағдарланған. Тәжірибе менеджментінің тұжырымдамасын жасайтын екі тәсілдеме бар: 1-прагматикалық, 2-ғылыми.

Өндірістік менеджмент- менеджмент типі. Оның негізгі сипаты әлеуметтік менеджменттен бір айырмашылығы- басқару объектісінің ерекшелігін, яғни өндіріспен анықталады.

Стратегиялық менеджмент-менеджменттің әр түрлілігі. Оның басты ерекшелігі- болжағыштық, мақсаткерлік, келешектігі, стратегиялық бағдарлама бойынша жұмыс істейді.

Инновациялық, қаржылық, экологиялық менеджмент, сондай-ақ адам ресурстарының менеджменті мен жасаушы менеджмент болады және басқалар.