- •1. Менеджменттің теориялық және әдістемелік негіздері
- •2. Өндірісті басқару ғылымының мазмұны
- •3. Басқару әдістерінің жиынтығы
- •1. Менеджменттің теориялық және әдістемелік негіздері
- •2. Өндірісті басқару ғылымының мазмұны
- •3. Басқару әдістерінің жиынтығы
- •2. Менеджер және оның функциялары
- •3. Америкалық және Жапон менеджменті: ерекшелектері мен өзгешеліктері
- •2. Әкімшілік немесе классикалық мекетеп
- •3. Адамдар арасындағы қарым-қатынас мекетебі
- •4. Басқару ғылымы немесе математикалық мекетеп
- •2. Ұйымдағы басқару процесі
- •3. Менеджмент жүйесіндегі кәсіпкерлік
- •2. Ұйымның сыртқы ортасы
- •3. Тура әсер ету ортасы
- •4. Жанама әсер ету ортасы
- •2. Коммуникация процесі
- •3. Қарым-қатынас кедергісі және оны жою әдістері
- •4. Ұйымдық қарым-қатынас кедергілері және оны жою әдістері
- •2. Экономикалық ынталандыру
- •3. Экономикалық басқару жүйесіндегі баға белгілеу
- •4. Фирманың қаржылық саясаты
- •2. Басқарудың әлеуметтік әдістері
- •3. Басқарудың психологиялық тәсілдері
- •2. Бұөт түрлері
- •3. Бұөт негізгі сипаттамалары
- •2.Стратегиялық жоспарлау
- •3. Фирма ішіндегі жоспарлау
- •2. Ұйымдастыруда өзара тиімді әрекеттестікті табыстау
- •3. Ұйымдастырудағы жауапкершілік
- •2. Мотивацияның мазмұндық теориялары
- •3. Мотивацияның процессуалдық теориялары
- •2. Бақылаудың түрлері
- •3. Бақылау процесі
- •2. Ұйымдық қайшылықтардың негізгі түрлері
- •3. Шиеленістің төрт методикалық құрылымы
- •Минцбергтің белгілеуі бойынша басшының 10 түрлі рөлі
- •2. Басқару кадрларының жұмыс принциптері
- •1. Басқару қызметінің мәдениеті
- •2. Корпоративтік мәдениет сипаттамасы
- •1. Басқару қызметінің мәдениеті
- •2. Корпоративтік мәдениет сипаттамасы
2. Ұйымдағы басқару процесі
Қазіргі өнеркісіп корпорациясында басқару қызметкерлерін үш топқа бөлуге болады:
Топ менеджмент- басқарудың жоғарғы буыны. Жыл сайынғы анықтамалық басылымында «бұған директорлар кеңесі төрағасын, президенттерін, сондай-ақ бақылаушылар мен казначейлерді жатқызады». Олар кәсіпорынның жалпы стратегиясын жасаумен, кадр, сыртқы байланыс мәселесімен шұғылданады.
Мидле менеджмент-өндіріс бөлімшелері мен функциялық қызметтің ортаңғы меңгерушісі басшылары, завод директорлары, олардың орынбасарлары т.б. оперативтік жұмыстарға, ғылыми зерттеулерді жоспарлау мен ұйымдастыруға, өндіру, өткізу, есеп, бақылауды жолға қоюға кадр саясатын жүзеге асыруға жауап береді.
Ловер менеджмент-басқарудың төменгі буыны, төменгі басшылар-цех жетекшісі, өндірістік учаске бастығы, матерлер, функциялық қызметтегі секторлар мен топтардың басшылары- жұмысшылар мен қызметкерлерге тікелей басшылық жасайды.
3. Менеджмент жүйесіндегі кәсіпкерлік
«Кәсіпкер» терминін XVIII ғасырдың басьшда өмір сүрген француз экономисі Ришар Кантильон енгізген болатын. Кантильон.он кәсіпкерлікті жүйелі сипаттаған алғашқы бизнес теориясы. Ол кәсіпкерлікті ерекше түрдегі қызмет ретінде ұғып, кісіпкерлік кызметте әрдайым ұшырасатын тәуекелдік элементтерін айтып кетгі.
Кәсіпкер сөзі жаңа кэсіпорынды ұйымдастырумен немесе жаңа идеяны, жаңа өнімді немесе қоғамға ұсынатын жаңа қызметті әзірлеумен байланысты тәуекелге бас тіккен адамды білдіреді.
Кәсіпкерлік өндірістегі жаңа қисындастыруларды (комбинаций), жаңа нарықтағы әрекетті, жана өнімдерді жасауды және т.б. жүзеге асыруды білдіреді.
«Кәсіпкер» және «менеджер» ұтымдары синоним болып табылмайтынын түсіну аса маңызды. Америкалық индустрияның негізін XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы батыл, саусақпен санарлық кәсіпкерлер қалады. Олардың аттары: Джон Д. Рокфеллер (мұнай), Дж. П. Морган (болат және банк ісі), Эдрю Меллон (алюминий), Эндрю Карнеги (болат), Генри Форд (автокөлік).
Әр жыл сайын жаңа бизнесті қолға алатын жүз мындаған адамдар да кәсіпкер саналады. Бұл адамдар экономикада шешуші ролді ойнайды. Кәсіпкерлік сипатына ие шағын бизнес АҚШ экономиксында ұтымды орын алады.
Бүгінгі таңда кәсіпкерлерді былайғы жұрт «өзгерістердің базалары» деп атауы әдетке айналған.
5-тақырып. Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы
1. Ұйымның ішкі ортасы туралы түсінік
2. Ұйымның сыртқы ортасы туралы түсінік
3. Тура әсер ету ортасы
4. Жанама әсер ету ортасы
1. Ұйымның ішкі ортасы туралы түсінік
Ұйым байланысын сипаттау үшін жүйенің кірістері мен шығыстарын айқын анықтау қажет, сонымен қатар жүйеге айтарлықтай әсерін тигізуші компоненттердің сипатталуы қажет. Бұл жерде ұйымның ішкі ортасына оның айналасы көп әсерін тигізетіндігін ескеру қажет. Ұйым ішінле оның жеке қосалқы жүйелері өзара сыртқы ортамен өз бетімен байланыс құруы мүмкін. Ұйымды жүйе ретінде оның іс - әрекет ету және даму бағыты сипаттайды. Ол жүйенің даму және іс әрекетінің себепті- салдарлық қатынастарын айқындау сипаты қызметін атқара отырып, іс әрекетінің тиімді реттелуіне жету мақсатында айқындалады. Ұйым күрделілігі оның көп мақсатты екенін көрсетеді.
Ішкі айнымалылар – бұл ұйым ішіндегі оқиғалық факторлар. Көбінесе ішкі фактор жетекші, өз жұмысында жеңетіндей «мәлімет» болып табылады.
Конвеерден бас тартудың орнына жетекші оның жұмысшыларға жайсыз ықпалын мойындайды және өнімділігін төмендететін шаралар қолданады. Жетекшінің назар аударуын талап ететін ұйым ішіндегі басты айналымдар – мақсаттар, құрылым, міндеттер және адамдар, сонымен катар капитал. Алдымен біз олардың негізгі сипаттамаларын, содан кейін олардың байланысын қарастырамыз.
Менеджерге фирманың ішкі ортасы туралы ақпарат ішкі мүмкіндіктерді қойылган мақсаттарға жету үшін фирма бәсеке күресінде сүйене алатын потенциалын анықтауы қажет.
Мақсаттар. Мақсат – тәжірибеге қызмет ету барысында ойдағы нәтижеге жетудің соңғы сатысы.
Ұйымда әр түрлі мақсат болуы мүмкін. Біріншіден, бұл ұйымның әр түрлі типтеріне байланысты. Екіншіден, егер ұйымдар ірі болса онда көп мақсаттар болады.
Ұйым құрлымы – бұл ұйымның мақсаттарына неғұрлым тиімді жетуіне көмектесетін формадағы деңгейлердің, басқару және функционалды аймақтардың логикалық өзара байланыстары. Басқару көлемі – бір жетекшіге бағынушылар саны бақылау сферасын құрайды:
Егер бір жетекшіге адамның көп көлемі бағынса бақылаудың кең сферасын құрайды.
Бақылаудың тар сферасында жетекшіге адамдардың аз көлемі бағынады.
Технология ұйымның тек ішкі ортасының құрамдасы болмай, сонымен қатар сыртқы ортаның маңызды факторы болып табылады. Оның маңызы әсіресе бүгінгі ғылыми-техникалық даму ғасырында, жаңалықтарды ашу және еңгізу қарқыны жоғарлағанда зор боп бөлінеді. Ұйымдар ашылған жаңалықтарға тек жылдам ғана өз жағынан қам жасап қоймай, өздері де жаңалықтар ұсынып тұруға тиіс. Ұйым өзінің бісекелестік қабілетін жоғалтпай, керісінше асыру үшін, ол барлық дүниеге келген және қол жетерлік жаңалықтарды мейлінше қолдануға тиіс, тек осыған сүйене отырып ол қызмет тиімділігін ұдайы арттыра алады.
Технология – төртінші маңызды ішкі айнымалы, құрылымды жүзеге асыруға көмектесетін амал болып табылады.
Адамдар – бұл адамдар тобы, қызметші ұйымдар, басқарушылар, бағынушылар, құрылым, потенциал, біліктілік т.б. қызығушылықтар мен тұтынушылар. Өндірістік ұйымды басқару жүйесін қалыптастыру – ең алдымен, ұйым алдындағы мақсаттарға жетуге қажетті өндірістік және басқарушы операцияларды орындайтын адамдардың қатынастары мен өзара байланыстарын орнату. Әлеуметтік жүйе ретінде ұйымның ерекшелігі басқару процесінің бар этаптарында адам және оның топтағы арақатынасы шешуші роль атқаратындығында. Әлеуметтік жүйелерде мақсаттар – адамдар қажеттіліктерінің бейнеленуі. Бұл қажеттіліктер санадан өткізіліп мүдделерге айналады, ал одан соң нақтылы іс әрекетке нұсқау түріне айналады. Бұл қажеттіліктер мен мүдделер үзіліссіз дамып отырады.
Мақсаттарға жету және орындау жолдарын іздеуде айнымалы болып табылатын адам мінез– құлқы, жүріс – тұрысы үлкен рөл атқарады.
Міндет – алдын - ала бекітілген амал мен, алдын - ала келісілген мерзімде орындалуға тиіс жұмыстың бөлігі немесе жұмыстың сериясы. Егер жұмыс осы амал мен, осы мерзімге ұйғарылғандай орындалса, ұйым сәтті қызмет етеді. Міндеттің сипаттамалары міндет адамдармен, ақпаратпен байланысты болуға тиіс анықталады.
Міндеттер-бұл басқару шешімдері белгілі бір кезең шiгінде арнайы бір уақытта жету үшін көзделген мақсаттар.
