- •1. Менеджменттің теориялық және әдістемелік негіздері
- •2. Өндірісті басқару ғылымының мазмұны
- •3. Басқару әдістерінің жиынтығы
- •1. Менеджменттің теориялық және әдістемелік негіздері
- •2. Өндірісті басқару ғылымының мазмұны
- •3. Басқару әдістерінің жиынтығы
- •2. Менеджер және оның функциялары
- •3. Америкалық және Жапон менеджменті: ерекшелектері мен өзгешеліктері
- •2. Әкімшілік немесе классикалық мекетеп
- •3. Адамдар арасындағы қарым-қатынас мекетебі
- •4. Басқару ғылымы немесе математикалық мекетеп
- •2. Ұйымдағы басқару процесі
- •3. Менеджмент жүйесіндегі кәсіпкерлік
- •2. Ұйымның сыртқы ортасы
- •3. Тура әсер ету ортасы
- •4. Жанама әсер ету ортасы
- •2. Коммуникация процесі
- •3. Қарым-қатынас кедергісі және оны жою әдістері
- •4. Ұйымдық қарым-қатынас кедергілері және оны жою әдістері
- •2. Экономикалық ынталандыру
- •3. Экономикалық басқару жүйесіндегі баға белгілеу
- •4. Фирманың қаржылық саясаты
- •2. Басқарудың әлеуметтік әдістері
- •3. Басқарудың психологиялық тәсілдері
- •2. Бұөт түрлері
- •3. Бұөт негізгі сипаттамалары
- •2.Стратегиялық жоспарлау
- •3. Фирма ішіндегі жоспарлау
- •2. Ұйымдастыруда өзара тиімді әрекеттестікті табыстау
- •3. Ұйымдастырудағы жауапкершілік
- •2. Мотивацияның мазмұндық теориялары
- •3. Мотивацияның процессуалдық теориялары
- •2. Бақылаудың түрлері
- •3. Бақылау процесі
- •2. Ұйымдық қайшылықтардың негізгі түрлері
- •3. Шиеленістің төрт методикалық құрылымы
- •Минцбергтің белгілеуі бойынша басшының 10 түрлі рөлі
- •2. Басқару кадрларының жұмыс принциптері
- •1. Басқару қызметінің мәдениеті
- •2. Корпоративтік мәдениет сипаттамасы
- •1. Басқару қызметінің мәдениеті
- •2. Корпоративтік мәдениет сипаттамасы
4. Фирманың қаржылық саясаты
Бір орталықтан басқарылатын (басқарылуы орталықтандырылған) фирмада қаржылық саясаттың рөлі былайша анықталады: ол экономикалық қызметтің ғылыми-техникалық, материалдық-техникалық жабдықтау, өткізу - барлық жағын қамтып, көптеген сыртқы факторлардың әсерін шоғырландырмалы түрде, яғни осы әсерлерді шоғырландырып бейнелейді. Бірыңғай қаржылық саясаттың шеңберінде аса зор ауқымда қаржы ресурста-рының көздері мен олардың фирма аясында қалай бөлінетіні анықталады. Әр фирманың қаржы саясатының нақты формалары мен әдістерін пайдалануда өздерінің елеулі айырмашылығы болады. Алайда, оның жалпы белгілері мен принциптерін сондай-ақ қаржылық саясаттың құралдарын айта кетуге болады. Олардың ішіндегі маңыздылары: пайданы бөлу және қайта бөлу; әр түрлі бөлімшелердің қызметін қаржыландыру және несиелеңдіру. Яғни, бөлімшелерге өз қызметін жүзеге асыру үшін қаржы және несие беру; фирма ішіндегі каржылық операциялардың және осы операциялар есебінің құрылымы мен сипатын анықтау.
ҰАК (ТНК) (ұлтаралық корпорация) қаржылық саясатының икемділігі мынада: оның орталықтандырылған түріңде (қалыптасуына) ол әрбір қабылдаушы (алушы жақ) елдің және орналастырушы (беруші жақ) елдің (страны базирования) ақша нарығындағы ерекшеліктеріне қарай сараланады: осы елдердің салық заңдары мен валюталық реттеуі; валюталық-каржы жағдайы және олардағы валюталық бағамның динамикасы.
Қаржы саясатын жасауда фирма ішіндегі қаржы ағымын реттеу үлкен рөл атқарады.
Пайданы шоғырландырып (бір орынға жинақтап) ұстау принципі әлдеқайда икемділік танытады әрі тұтастай нарықтың нақты жағдайына қаржы саясатының жақсы бейімделуін қамтамасыз етеді. Бұл жағдайда фирма пайданы барлық еншілес компанияларға аударуда бір ғана ережені ұстанбайды.
Қаржыландырудың ішкі көзі амортизациялық аударымдарды белінбеген табысты шоғырландыру жолымен, сондай-ақ карыз және несие алу арқылы калыптасады.Қаржыландырудың сыртқы көзі - бұл коммерциялық банктерден, арнайы қаржы мекемелерінен (даму агенттіктері, қорлар және т.б.), халықаралық қаржы ұйымдарынан, акцияларды сатудан алынған несие және қарыз.
Фирманың қаржы көздеріне қатысты қаржылық саясатты әзірлеу барысында әр түрлі принциптер мен бағыттар пайдаланылады:
ішкі қаржыландыру көздерін ең көп шамада пайдалану (өзін-өзі қаржыландыру);
орналастырушы елден (страна базирования) алынған қаражатты шектеу және қабылдаушы елдің негізінде қарыз түрінде алынған қаржы ресурстарын барынша көбейтуге талпыну;
қабылдаушы елдің өз ішінде әр түрлі қаржы көздерін ең көп шамада пайдалану және халықаралық банктерден қарызға қаражат алу;
Ішкі фирмалық қаржыландырудың маңызды аспектісі - қаржыландырудың (қарыз немесе несие), оның көздері мен шартгарының сипатын анықтау.
Фирма ішіндегі қаржылық қызметте ілік-шатыс, яғни іліктес немесе сабақтас (родственным) компаниялар ұсынған қарыз және несие бойынша төлемдердің, лицензия, техникалық және басқа қызметтер бойынша төлемдердің деңгейін анықтау елеулі рөл атқарады.
11– тақырып. Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістері
1. Басқарудағы әлеуметтік – психологиялық әдістердің орны мен рөлі
2. Басқарудың әлеуметтік әдістері
3. Басқарудың психологиялық тәсілдері
1. Басқарудағы әлеуметтік – психологиялық әдістердің орны мен рөлі
Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістерін қалыптастыру әрі дамыту процесіне, олардың өз араларындағы алеуметгік процестерге ыкпал етудің нақты амалдары мен тәсілдерін білдіреді.
Бұл әдістердің мақсаты — адамдардың өсе түскен, яғни өскен әлеуметтік қажеттіліктерін қанағатталдыру, олардың жан-жақты үйлесімді дамуын қамтамасыз ету және осылардың негізінде жеке тұлғаның еңбекке деген құлшынысын, ұжымдардың тиімді еңбек етуін арттыру.
Басқару әдістері ең алдымен ықпал етудің бағытын анықтайтын өзінің уәждемелік (мотивационной — себеп тудыратын) сипаттамасының ерекшеленеді. Бұл сипатғама адамдардың мі-нез-қулқын анықтайтын жэне тиісті эдіс топтарына бағдарлан- ган уәждемелерді (мотивы - себепкерлер) көрсетіп береді.
Әлеуметтік-психологиялық әдістері рухани мүддеге (қажеттілікке) ықпал етудің мүмкіндіктерін пайдаланады. Әлеуметтік уәждеме (мотивация) саяси, моральдық, улттық, отбасылық және басқа да әлеуметтік мүдделердің бағдарын қарастырады,
Ұжымның әлеуметтік сипаттамасы мен өндірістің экономикалық және ұйымдастырушылық көрсеткіштері арасында тығыз байланыс болады. Әлеуметтік мәселерді шешіп алмайынша еңбекке деген дұрыс қатынасқа (көзқарасқа) өндірісті тиімді дамытуға қол жеткізу мүмкін емес.
Әлеуметгік-психологиялық аспектіде өндірістік ұжымның рөлін қалай ұғуға болады?
Өндіріс ауқымы - бұл қоғамның пайдасы үшін бірігіп қызмет ететін, ортақ мақсат, ортақ мүдде бастарын біріктірген, бәрі біреу үшін, біреу бәрі үшін жауап беретін, бір ұйымға жұмыс істейтін адамдардың жиынтығы.
Өндіріс ұжымы - бұл бірігіп еңбек ететін адамдардың тек жай ғана бас қосуын білдірмейді. Ол жекелеген жұмыскерлер мен олардың топтары арасындағы тұрақты әрекет ететін экономикалық, өндірістік-техникалық, өнегелік (нравственных), мәдени, тұрмыстық өзара қарым-қатынастарының күрделі жүйесіне негізделген бірлестікті білдіреді. Бұл өзара қарым -қатынас ұжымның формальды және бейформальды құрылымдарында көрініс табады.
Формальдық құрылым ұжымда формальды түрде анықталып, заңмен, міндеттемелермен, өкілеттіліктермен және жауапкершілікпен бекітілген адамдардың байланыстары мен катынастарын бейнелейді.
Бейформальды құрылым жақсы көру, жек көру, мінез ұқсастығы, ортақ мүдде, өзара түсіністік негізінде қалыптасатын байланыстар мен қатынастарды бейнелейді. Бейформальды қатынастың негізінде ұжымды шағын топ (10 адамға дейін) пайда болады. Шағын топ аз уақытқа немесе ұзақ уақытқа созылуы мүмкін, бұл шағын топ ауқымның басқа да мүшелеріне жайдары қабақ танытуы (ашық) ыктимал немесе өздерімен өздері (тұйық) қалуы да мүмкін.
Екі құрылым да ұдайы әрекет үстінде болмақ.
