Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1_angeom_A.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
16.12 Mб
Скачать

3. Деректер қорының түсінігі мен анықтамасы. Дқ-ның архитектурасының түсінігі.

Деректер қоры - өзіндік құрылымы белгілі, деректерді сипаттаудың, сақтаудың және өзгертудің жалпы принциптеріне сүйенген қағидалар арқылы байланысқан деректердің жиыны. ДҚ-н жай деректер жиынынан ажыратудың 3 жолы бар:

1)ДҚ арнайы бір есептеуіш техникасында сақталады және өңделеді.

2)ДҚ-дағы деректер жақсы құрылымдалған, негізгі элементтері ерекшеленген, типтері мен олардың арасындағы байланыстар анықталған, мүмкін болатын операцияларға шектеулер қойылған.

3)Деректерді өңдеу мен іздеу қамтылған. Деректер қоры негізгі және туынды обьектілерден тұрады.

Негізгі обьектілерге:

Өріс – деп обьектінің данасының белгілі бір сипаттамасын бір текті анықтайтын, екі өлшемді кестенің бағанын айтады.

Жазба – дегеніміз обьектінің нақты данасының деректерінен тұратын екі өлшемді кестенің жолы.

Кесте –өрістер мен жазбалардан тұратын үлгі, сұраныс, қорытынды есеп және т.б обьектілерді құру үшін қолданылатын бастапқы деректердің жиыны.

МS Access-тің туынды обьектілеріне:

Сұраныс– бір немесе бірнеше байланысқан кестелерден қажетті деректерді табу үшін құрылады.

Қорытынды есепті баспаға шығатын құжатты жасау үшін құрады.

Үлгілер қордағы өзара байланысқан кестелерге деректерді енгізу және оларды ыңғайлы түрде қарап шығу үшін құрылады.

Сонымен қатар макростар мен модульдер, олар осы процестерді автоматтандыру мүмкіндігін туғызып, жаңа меню жүйесін, сұқбаттасу терезелерін құру үшін қолданылады

(BD-СУБД - ДББЖ). Басқару жүйесі дегеніміз - көлемді деректер жиынын тұтынушыларға ыңғайлы түрде бейнелеп, белгілі бір форматта сақтап қана қоймай, оны ары қарай өңдеуге арналған программалар кешені. ANSI/SPARC деген архитектура бар, бірақ барлық ДҚ жүйесі бұл архитектураға бағынуы шарт емес, мысалға кішігірім жүйелер бұл архитектураның кейбір функцияларын көтермейді, сонда да көп ДҚ осы архитектурамен орындалады. ДҚБЖ архитектурасының 3 деңгейін қарастырады:

1. Ішкі(физикалық)- физикалық құрылғыларда мәлімет сақтау жолдарымен байланысты, бітпейтін адрестік кеңістіктен тұрады.

2. Сыртқы(Қолданушылық) - әр қолданушыға ақпаратты көрсетудің жолдарымен байланысты. Әр қолданушы үшін ДҚБЖның өз тілі болуы мүмкін, қолданбалы программист үшін программалау тілі, қолданушы негізгі үшін формалардан тұратын меню.

3. Концептуалды(логикалық)- алдыңғы екі кезеңнің аралық кезеңі, бұл ДҚ барлық ақпаратын абстрактілі түрде көрсету. Деректер схема түрінде сақталады.

4. Деректер үлгілерінің классификациясы. Үлгілердің сипаттамасы.

Үлгі – бұл деректер құрылымынан тұратын және оларды өңдеу операциялары. Ол кестелер өрістерінен кұрылады да, өзгерту тәртібінде деректерді қарап шығу мүмкіндігін береді. Деректердің тармақтық үлгісі қатаң тәртіппен байланысқан элементтерден тұрады. Тармақтық үлгінің негізгі түсініктеріне деңгей (уровень), элемент (түйін-узел), байланыс (связь) жатады.

Түйін — бұл қандай да бір объектіні сипаттайтын деректер атрибуттарының жиыны. Иерархиялық үлгінің схемасында түйіндер графтардың жоғарғы нүктесі ретінде көрсетіледі. Желілік үлгіде әр элемент басқа кез келген элементпен байланыса алады.

Қасиеттері:

  • Әр түйін бір ғана түйінмен байланысады, жоғарғы түйінді ескермегенде;

  • Бір ғана төбеден тұрады, басқаларға бағынбайды;

  • Әр түйіннен төбеге бір ғана жол бар;

  • Деңгейлері қатар емес түйіндерде байланыс орнамайды;

  • Алғашқы деңгейдің байланысы анықталмайды.

Группа 22

Артықшылығы: қарапайым, жадының аз көлемін алуы.

Кемшілігі: кез келген ақпаратты енгізе алмау, деректерге қатаң навигациялық ену, деректерге тек негізгі элемент арқылы ену.

Желілік деректер қоры иерархиялық үлгі сияқты, онда тек туысқан деректерге байланыстыратын екі бағытқа да бағыттауыштар болады. Желілік үлгі иерархиялық сияқты, топтық қатынастың иесі және мүшелері бола алатын жазбалардың жиынынан тұрады. Мүшелер және иесінің жазбаларының арасындағы байланыс 1:N түрінде болады. Бұл модельдердің басты айырмашылығы, желілік модельде жазба бірден көбірек топтық қатынастың мүшесі бола алады. Кемшілігі: қиындығы, навигациялық жолмен ғана ену.

Группа 1

Деректердің қатынастық үлгісі. Үлгіде деректердің негізгі құрылымы қатынас болғандықтан, үлгі қатынастық (ағылш. relation — қатынас) д. ат. деректерді кесте түрінде көрсетудің жолы. Артықшылығы: қарапайымдылығы, теориялық мәнділігі, кестедегі деректерді нормалаудың қатаң әдістері бар, деректердің тәуелсіздігі; ДҚ құрылымын өзгерткенде тек қолданбалы программаны минималды өзгерту. Кемшілігі: төмен жылдамдық; байланыстыру операцияларын қажет етеді; жадыдан көп орын алуы. Анықтама. Қатынасқа кіретін доменді атрибут деп атайды. Қатынастың жолдарын кортеждер деп атайды. Қатынастағы атрибуттар саны оның дәрежесі немесе рангісі деп аталады. Инвертірленген тізімнің жүйесі бұл индекстер жүйесі. Желілік үлгінің бір түрі болып табылады. Екі деңгейден тұрады. Элементтері: негізгі файл, инвертірленген тізім (файл), байланыстар тізімі.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]