- •1. Комплекс санның алгебралық түрі, қолданылатын амалдар мен қасиеттері. Жазықтықта кескіндеу және тригонометриялық түрі. Муавр формуласы. Комплекс саннан n-дәрежелі түбір табу формуласы.
- •2. Векторлық кеңістіктің аксиомалары. Векторлар жүйесінің сызықты тәуелділігі мен тәуелсіздігі. Сызықтық тәуелділіктің қасиеттері.
- •3. Көпмүшеліктердің бөлінгіштік қасиеттері. Көпмүшеліктердің ең үлкен ортақ бөлгіші. Ең үлкен ортақ бөлгішті табудың Евклид алгоритмі.
- •4. Кері матрица. Матрицаның керілену критерийі.
- •5. Векторлардың векторлық және аралас көбейтінділері және олардың геометриялық мағынасы.
- •3 Вектордың аралас көбейтіндісі
- •6. Жазықтықтағы түзудің теңдеулерінің түрлері. Нүктеден түзуге дейінгі арақашықтық. Жазықтықтағы екі түзудің арасындағы бұрыш.
- •7. Жазықтықтың теңдеулерінің түрлері. Нүктеден жазықтыққа дейінгі арақашықтық. Екі жазықтықтың арасындағы бұрыш.
- •8. Екінші ретті қисықтардың канондық теңдеулері. Эллипс пен гиперболаның эксцентриситеттері мен директрисалары.
- •1. Комбинаторика элементтері. Жәшіктен шарлар таңдаудың әртүрлі схемалары.
- •2. Шартты ықтималдық. Ықтималдықтарды көбейту формуласы.
- •3. Толық ықтималдықтар формуласы. Байес формулалары.
- •4. Тәуелсіз оқиғалар. Мысалдар.
- •5. Бернулли схемасы. Бернулли формулалары. Муавр –Лаплас теоремалары. Пуассон жуықтау формуласы.
- •6. Кездейсоқ шамалар. Кездейсоқ шаманың үлестірім заңы мен функциясы. Дискретті және үзіліссіз кездейсоқ шамалар.
- •7. Кездейсоқ шаманың математикалық күтімі мен дисперсиясы. Қасиеттері.
- •8. Ковариация. Корреляция коэффициенті. Қасиеттері.
- •9. Орталық шектік теорема.
- •10. Эмпирикалық үлестірім функциясы. Таңдамалық орта және таңдамалық дисперсия
- •11. Бағалар. Бағалардың сұрыптамасы (ығыстырылмағандық, тиянақтылық, эффективтілік).
- •Математикалық күтімнің бағасы – таңдамалық орта
- •12. Нормаль үлестірім параметрлері үшін сенімділік интервалдары.
- •1. Ақпарат түсінігі. Информатиканың пәндік аймағы және міндеттері.
- •2. Дк жұмыс істеу қағидалары. Джон фон-Нейман қағидалары. Дербес компьютер архитектурасы. Негізгі блок/ы мен олардың атқаратын қызметі.
- •Ibm pc компьютерлері 3 блоктан тұрады:
- •3. Компьютердің операциялық жүйелері (ож). Ож-де файлдар жүйесін ұйымдастыру.
- •5. Мәтіндік процессорлар (редакторлар) және олардың кешендік мәтіндерді форматтау тәсілдері.
- •6. Кестелік процессорлар (ms Excel), олардың графикалық, статистикалық және экономикалық мәліметтерді өңдеу мүмкіндіктері.
- •7. Ms Access сияқты мқбж-ң мәліметтер қорын қалыптастыру және өңдеу қызметі. Сұраныстар, формалар және қорытынды есеп (отчет) құру.
- •8. Компьютерлік вирустар. Вируспен зақымданудың негізгі белгілері. Вирусқа қарсы программалар, олардың түрлері мен негізгі мүмкіндіктері.
- •9. Программалық жабдықтамалардың (пж) жіктелуі. Жүйелік және қолданбалы пж.
- •10. Графикалық редакторлар. Векторлық және растрлық графика, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары.
- •1. Ақпараттық жүйелер. Ақпараттық жүйелерді құрудың итерациялық процедуралары. Деректер қорының концепциясы.
- •2. Деректер банкіндегі қолданылатын тілдер: деректерді сипаттау тілі, деректерді түрлендіру тілі, сұраныс тілі.
- •3. Деректер қорының түсінігі мен анықтамасы. Дқ-ның архитектурасының түсінігі.
- •4. Деректер үлгілерінің классификациясы. Үлгілердің сипаттамасы.
- •5. Қатынастарды нормалау. I, II, III, IV нормалау формалары. Нормалау шарттары.
- •6. Атрибуттардың функционалдық, транзитивтік тәуелділігі.
- •8. Деректер қорының қолданушылары. Дқ администраторының негізгі функциясы.
- •9. Инфологиялық модельдеудің негізгі аспаптық жабдықтары. Пәндік аймақтың er- диаграммасы. Физикалық модельге көшу.
- •10. Логикалық және физикалық модельдеудің аспаптық жабдықтары. Деректер сұлбасы және түсінігі, бүтіндігі.
- •3) Әртүрлi кестелердегі байланысты мәлiметтерді алып тастаудың мүмкiн еместiгін (немесе каскадты алып тастау);
- •4) Деректер қорларын үлестіру және көп қолданушы режимінде жұмыс iстегенде мәлiметтердiң бұрмаламануын;
- •5) Техника бас-сирақтарында мәліметтердің сақталуын (мәлiметтердiң қалпына келтiрілуi).
- •2. Іздеу алгоритмдерінің типтері және бейнеленуі. Мысал келтіріңіз.
- •3. Сұрыптау алгоритмдерінің түрлері және бейнеленуі. Мысал келтіріңіз.
- •4. С тіліндегі күрделі арифметикалық операциялар, қатынас операциялары, инкремент және декремент операцияларын пайдалану. Құрама операторлар.
- •5. С тіліндегі жиым (массив), вектор, матрицаларды пайдалану. Тілдің жиымдарды өңдеу тәсілдері.
- •6. С тілінде нұсқауыштарды пайдалану, оларды жариялау жолдары. Нұсқауыштармен атқарылатын операциялар.
- •7. С программалау тіліндегі тұтынушы функцияларын (ішкі программаларды) сипаттау және анықтау жолдары.
- •8. С программалау тіліндегі мәліметтердің тіркестік (жолдық) типтері және солармен жұмыс істейтін функциялар.
- •9. Файлдармен жұмыс істеуді ұйымдастыру. С программалау тіліндегі файлдармен жұмыс істеу функциялары.
- •10. С программалау тіліндегі мәліметтердің динамикалық құрылымдары. Мәліметтердің абстрактылық типтері.
- •1. Ақпараттық жүйелерді жобалаудың негізгі түсініктері. Жобалаудың технологиялары мен әдістері.
- •2. Ақпараттық жүйелердің өмірлік айналымы. Ақпараттық жүйелердің өмірлік айналымы үдерістері, стадиялары.
- •3. Ақпараттық жүйелердің өмірлік айналымы модельдерінің классификациясы. Салыстырмалы талдау жүргізу.
- •4. Ақпараттық жүйелерді талдау мен жобалаудың негіздері. Жобалаудың негізгі қағидалары.
- •5. Ақпараттық жүйелерді құрылымдық талдау мен жобалаудың мәні. Құрылымдық жобалаудың әдістемелері.
- •6. Ақпараттық жүйелерді объектіге бағытталған талдау мен жобалаудың мәні. Объектіге бағытталған тәсілдеме қағидалары. Uml диаграммаларды қолдану.
- •7. Ақпараттық жүйелерді құрылымдық және объектіге бағытталған жобалаудың case-технологиялары.
- •8. Ақпараттық жүйелердің функционалды бөлігін жобалау. Sadt (idef0) және dfd әдістемелерінің міндеті мен құрамы.
- •9. Ақпараттық модельді жобалау. Деректер қорын жобалау сатылары. Er–диаграммалар.
- •10. Idef1x әдістемесін қолданып, ақпараттық жүйелерді логикалық және физикалық жобалау.
- •1. Компьютерлік желi түсінігі. Желi типтері. Негiзгi топологиялар. Желiлердi жiктеу. Жергiлiктi және ауқымды желілер.
- •2. Кабель типтері. Коаксиальді кабель. Айналмалы жұп. Оптоталшықты кабель. Сигналдарды жіберу. Сымсыз желiлер. Желiлiк адаптер платасы.
- •3. Көп деңгейлі osi жүйесі және стандарттау проблемасы.
- •4. Ip маршрутизация. Статикалық маршрутизация. Динамикалық маршрутизация. Rip хаттамасы. Ospf хаттамасы.
- •5. Жергілікті есептеу желілерінің негізгі технологиялары. Ethernet, Token Ring, AppleTalk технологиялары.
- •6. Желiлердегi маршрутизация. Iр-желілердегі адрестеу. Iр-адрестерінің кластары. Dhcp қызметі.
- •7. Tcp/ip хаттамалар стегінің көп деңгейлі құрылымы. Тср хаттамасы. Тср хаттамасының негізгі функциялары. Қосылуды процедурасы орнату.
- •8. Көпiрлер. Маршрутизаторлар. Шлюздар.
- •9. Түйiндердiң аттарын анықтау. Hosts файл. Dns қалыптастыру. Қызметі wins. NetBios атауларын анықтау.
- •10. Isdn желiлер. Х.25 желiлер. Frame Relay желiлер.
- •1. Ақпараттық жүйелер қауіпсіздігінің қатері. Операциялық жүйені қорғау.
- •3. Ақпараттарды қорғау әдістері мен жабдықтарын классификациялау. Шифрлеу әдістерінің классификациясы.
- •4. Блокты, ағымдық және аралас шифрлер ұғымдары.
- •5. Орын ауыстыру және алмастыру шифрлері. Гаммалау әдісі.
- •6. Құпия кілтті криптографиялық жүйе. Симметриялық криптографиялық жүйенің үлгісі. Блокты шифрлерді қолдану тәртіптері.
- •7. Криптосенімділікті бағалау. Ақпараттарды рұқсатсыз енуден қорғау қағидалары. Идентификациялау, аутентификациялау и авторизациялау.
- •8. Ашық кілтті криптографиялық жүйе. Ашық кілтті криптографиялық жүйе моделі.
- •9. Біржақты функциялар. Хэш-функциялар.
- •10. Операциялық жүйенің жабдықтарымен қолжетімділікті бақылау және басқару. Операциялық жүйелердің қорғалғандығының стандарттары.
1. Ақпараттық жүйелер. Ақпараттық жүйелерді құрудың итерациялық процедуралары. Деректер қорының концепциясы.
Ақпараттық жүйе – бұл қолданушылардың талаптарын қанағаттандыратын ақпаратты жинау, сақтау, іздеу, өңдеу және беру жүйесі.
Ақпараттық жүйе құрылымы аппараттық (hardware), программалық (software), коммуникациялық (netware), аралық қабат (middleware), лингвистикалық және ұйымдастырушылық-технологиялық жабдықтау.
АЖ аппартаттық жабдықтау есептеуіш техника құралдарының, мәліметтерді жіберу құралдарының, сондай-ақ техникалық құралдардың жиынынан тұрады. Аппараттық жабдықтау кез келген АЖ-ның негізі болып табылады.
Коммуникациялық (желілік) жабдықтау АЖ-дегі коммуникацияны қолдайтын аппараттық желілік коммуникациялардың және программалық құралдардың кешенінен тұрады.
АЖ Программалық жабдықтау мәліметтерді енгізу функцияларын, оларды тасымалдаушыларға орналастыруды, мәлеметтерді модификациялауды, мәліметтерге қол жетімділікті, құрылғының жұмыс істеуін қолдауды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Лингвистикалық жабдықтау- ақпаратты автоматты түрде өңдеудің тиімділігін арттыру және адамның техникалық құралдармен байланысын жеңілдету үшін қолданылатын тілдік құралдардың, тілді қалыптастыру ережелерінің жиынтығы.
Ұйымдастырумен жабдықтау дегеніміз АЖ-ны тұрғызу (жобалау) мен жұмыс істеуге арналған шаралардың, әдістері мен жабдықтардың жиынтығы.
Деректер қорының концепциясы.
1. ақпараттық жүйелердің мәліметтері операциялық жүйелерді сақтайтын файлдарда орналасады;
2. файлдардың физикалық құрылымы белгіленеді, ал мәліметтердің логикалық құрылымы оның негізінде көрсетіледі (мәліметтердің физикалық және логикалық құрылымы және бөлінуі);
3. мәліметтердің сұранысын өңдеу мәлiметтердi манипуляция жасайтын (ұйымның мәліметтерінен программаның тәуелсіздігі) арнайы интерфейс арқылы жүзеге асады;
4. программалар біртұтас пікірдің негізінде мәлiметтердi өңдейтiн процедурада жасалады.
Жобалаудың жеті кезеңі
Жобалау - үлкен көлемді құжаттар кұру емес, оның негізгі мақсаты- қажетті қосымшаны іске асырудың айқын жолын анықтау.
1-кезең: Концепциядан бастап іске асуға дейінгі жалпы жобалау
Программалаушылар мен қолданушылар арасында ұқсас мәселелер кездесуі мүмкін. Мәселелердің алғашқы тобы соңғы қолданушының талаптарына қатысты. Құру әрекеттерін бастамай тұрып, жүйеге қойылған жалпы талаптарын айқын анықтап алу керек. Жобалау әрекеттері итеративтік процесс: әр кезең біткеннен соң, анықталған жобадан ауытқып кетпеу үшін алдыңғы қадамдарды мұқият тексеріп, қарап шығу қажет.
2-кезең. Қорытынды есепті жобалау: өрістерді орналастыру
Көрсетілген жобалау концепциясында, өрістердің орналастырылуы қорытынды есепке айтарлықтай әсер етпейді. Кейде болашақ қорытынды есептің бетіне тор салып, әр өрістің орнын дәлме-дәл анықтап шығуға болады.
3-кезең: Деректердің кұрылымын жобалау: кестенің кұрылымында қандай өрістер болуы қажет
Сонымен, келесі қадам - қорытынды есептерге кіретін өрістердің тізімін кұру. Ең оңай жолы - әр қорытынды есептің элементтерін анықтап, тізімін құру. Содан соң кұрылған тізімдердегі екі немесе бірнеше қорытынды есептерге қатар кіретін элементтерді анықтап алу керек. Ескерту: бірнеше қорытынды есептердегі деректердің элементтерінің аттары бірдей болса, онда оларды бір элемент деп санауға болады. Осы кезеңде деректердің элементтері үшін логикалық топтастыру әрекеттері орындалады.Өрістерді кестелерге үлестіру әрекеттері функционалдық негізінде жүзеге асырылады.
4- кезең. Кестелерді жобалау және біріктіру
Деректердің құрылымын жобалау әрекеттері орындалғаннан кейін, кестелердің құрылымы айқындалады. Жобаланған кестелерді бір бірімен байланыстыру барысында қайталананып келетін деректерді қалай өңдеу жайында шешім алдын- ала қабылдануы керек.
5-кезең. Өрістерді жобалау: деректерді енгізу және олардың мүмкін мәндерін тексеру ережелері
Келесі кезең кестелер мен өрістерді толық анықтауды қажет етеді. Әрбір өріске және кейбір жаңа кестелерге деректерді қатесіз енгізу үшін, деректердің мүмкін мәндерін тексеру ережелерін қолдануға болады.
Өрістердің аттарын, тектерін және өлшемдерін жобалау
Ең алдымен әр өрістің атын анықтап, меншіктеу керек. Өрістің аты жеңіл есте сақталынып, өрістің мағынасына сәйкес келіп, мәнді болуы керек. Өрістің аты өте ұзын немесе өте қысқа болмауы тиіс.
6-кезең. Үлгілерді жобалау: енгізу
Үлгілер кестелер өрістерінен кұрылады да, өзгерту тәртібінде деректерді қарап шығу мүмкіндігін береді. Үлгілердің түрі өздеріне сәйкес құжаттардың түріндей болуы керек.
Деректерді енгізу үшін экрандық үлгілерді жобалау
Үлгілерді жобалау барысында экранда үш текті объектілер қамтылады:
белгілер және деректерді енгізу өрісінің текстік жазуы;
арнайы басқару элементері;
сәндік графикалық элементтер.
Деректер өрістерінің реті құжаттағыдай болғаны жөн. Енгізілетін таңбалардың мөлшерін қалауымызша өзгертуге болады. Деректер өрістері бір келкі орналасуы міндетті емес және олардың арасында бос орын қалтырылуы тиіс.
Өрістердің тақырыбы мен сұқбаттасу хабарларын көрсету үшін қысқа жазулар (надписи) пайдаланылады. Текстік өрістерге текст және сандар енгізіп, оларды көрсетуге болады.
7-кезең. Автоматтандыру тәсілдерін жобалау
Үлгілер компоненттерін бір-бірімен батырмалы немесе әдеттегі меню жүйелері арқылы байланыстыруға болады.
