- •Клиникалық жағдай №1
- •Жауап эталоны:№1
- •Клиникалық жағдай №2.
- •Жауап эталоны:№2
- •Жауап эталоны№3
- •Клиникалық жағдай №4
- •Эталон жауабы №4.
- •Клиникалық жағдай №5.
- •Эталон жауабы №5.
- •Клиникалық жағдай №6
- •Жауап эталоны№6
- •Клиникалық жағдай № 7
- •Эталон жауабы.№7
- •Клиникалық жағдай №8
- •Жауап эталоны№8
- •Клиникалық жағдай № 9
- •Жауап эталоны № 9 :
- •Клиникалық жағдай № 10
- •Жауап эталоны № 10
- •Клиникалық жағдай № 11
- •Жауап эталоны №11 :
- •Клиникалық жағдай № 12
- •Клиникалық жағдай № 13
- •Жауап эталоны №13:
- •Клиникалық жағдай № 14
- •Клиникалық жағдай № 15
- •Клиникалық жағдай эталоны № 15:
- •Клиникалық жағдай эталоны № 16
- •Клиникалық жағдай № 17
- •Жауап эталоны. № 17
- •Клиникалық жағдай № 18
- •Эталон жауабы:№18
- •Ауыз қуысының санациясы.
- •Клиникалық жағдай № 19
- •Эталон жауабы. № 19
- •Клиникалық жағдай № 20
- •Эталон жауабы: № 20
- •Клиникалық жағдай № 21
- •Жауап этолоны№ 21
- •Клиникалық жағдай № 22
- •Жауап эталоны№ 22
- •Клиникалық жағдай №23
- •Жауап эталоны№23
- •Клиникалық жағдай №24
- •Жауап эталоны №24
- •Клиникалық жағдай №25
- •Жауап эталоны № 25 .
- •Клиникалық жағдай №26
- •Жауап эталоны.№ 26.
- •Клиникалық жағдай №27
- •Жауап эталоны №27
Клиникалық жағдай № 15
58 жастағы ер кісі тіс дәрігеріне тілінің ерекше түрлілігіне,тілінде бөтен заттың болуына,дәм сезуінің бұзылуына шағымданады. Өмір анамнезінен: бронхтық астмасы бойынша терапевт маманында диспансерлік тіркеуде тұрады. Зиянды әдеттері анықталды: шылым шегеді,насыбай атады. Қарап тексергенде тілдің арқасында орталық сызықтың бойымен сұр, қара-қоңыр түсті, қалыңдаған (диаметрі жағынан 2 мм дейін) және ұзындығы (кейде 2-3 см дейін) жететін жіп тәрізді бүртіктермен жабылған,сопақ пішінді ошақ анықталды. Сырт жағынан қарағанда шашқа ұқсайды. Бүртіктердің негізі барынша жалпақ және аз пигменттелген,жоғарыға бағытталған сайын олар ақырындап жұқарады және күңгірттене бастайды.
Науқас қиын әрі жиі дем алады. Мәжбүрленген қалыпта ұзақ тұрады (қолымен тіреліп алдыға еңкейе өзіне жағдай жасайды.). Әрең сөйлейді. Көпіршікті көлемді ақ қақырық жөтелуде.
Стоматологиялық диагноз қойыңыз. Жергілікті емнің алгоритмін құрастырыңыз. Жедел жағдайдың диагнозын қойыңыз және жедел жағдайға көмек көрсетуді ұйымдастырыңыз.
Терапиялық стоматология кафедрасының
Меңгерушісі м.ғ.д., профессор Баяхметова А.А.
Клиникалық жағдай эталоны № 15:
Диагноз: қара түкті тіл.
Жергілікті емнің алгоритмі.
1. Тілдің күю және ауыру сезіміне антисептикалық шаю, ( 0,1 % корсодил ерітіндісі, 0,05 % хлоргекседина ерітіндісі, «Элюдрил») күніне 2 рет , 7-10 күндей ауызды булау.
2. Тілдің арқасындағы жіп тәрізді бүртіктердің бетіндегі мүйізді массаларды алу үшін және жіп тәрізді бүртіктердің гиперплазиясын төмендету үшін жергілікті кератолитикалық препараттарды (5-10 % салицилл спиртінің ерітіндісі , 5% резорцин ерітіндісі) күніне 2-3 рет тілге жағу.
3. Гиперплазияға ұшыраған эпителийді ығыстыру үшін жіп тәрізді бүртіктерді сұйық азотпен криодеструкциялау.
4. Жағымсыз әдеттерін тастау
Жедел жағдайдың диагнозы : Астматикалық статус.
Жедел жәрдем көрсету алгоритімі
1. Медбикеге жедел жәрдем шақырту
2. Оксигенотерапия. Оттегі жастығы болғанда – ылғал оттегі беру.
3. Сальбутамол ингаляция түрінде
4. веналық көктамыр арқылы қан келуін қамтамасыз ету.
5. Преднизолон 60-120 мг в\ішілік
6. Эуфиллин 2,4% ерітінді 4-6 мг/кг 0,9 % -100,0 физ ерітіндіге в/ішілікбаяу 6-10 мин енгізу
7. АҚ өлшеу.
Клиникалық жағдай эталоны № 16
Ер адам 45 жаста дәрігер стоматологқа тілінде пайда болған ыңғайсыздық сезімге шағымданып келді. Кейде тілінде ыстық, ащщы тағам қабылдағанда тілінің жыбырлау сезімі пайда болатынын айтады.
Өмір анамезі: екі жыл бұрын ЖИА ауырғанын және кардиологта «Д» тізімінде тіркелгенін айтты. Тұрақты түрде кардикет, кардиомагнил препараттарын қабылдап тұрады. Жағымсыз әдеттері: күніне 2 қорапша шылым шегеді.
Қарап тексергенде:Тілді қарап тексергенде тілдің ортаңғы сызығында науа тәрізді бүртіктердің алдыңғы бетінде беті тегіс қабыну ошағы анықталды. Қабыну ошағы ромб тәрізді ені 1-2 см және ұзындығы 1,5-3 см. Ошақ жалғыз, сипап тексергенде ауырмайды.
Қабылдау кезінде науқас өзін жаман сезінді: тері жабындысы бозғылтанып, науқаста суық жабысқақ тері бөлінді.
Стоматологиялық диагноз қойыңыз. Жергілікті емнің алгоритмін құрастырыңыз. Жедел жағдайдың диагнозын қойыңыз және жедел жағдайға көмек көрсетуді ұйымдастырыңыз
Терапиялық стоматология кафедрасының
Меңгерушісі м.ғ.д., профессор Баяхметова А.А.
Клиникалық жағдай жауабының эталоны № 16:
Диагноз: ромб тәрізді тіл
Жергілікті емнің алгоритмі.
1. Жағымсыз әдеттерін тастау
2. Ауыз қуысының санациясы
3. Антисептикалық шаю, (0,05 % хлоргексединаерітіндісі) 2 рет , 7-10 күндей ауызды булау.
4. Жазылуды тездету үшін жара бетіне солкосерил,дентальды адгезивті паста, ируксол.
5. Аурудың ағымын бақылау.
6. Сұйық азотпен криодеструкциялау ( папилломатозды өсінділер өскен кезде )
Жедел жағдай диагнозы : Жедел коронарлы синдром.
Жедел жәрдем көрсету алгоритімі
1 Медбикеге жедел жәрдем шақыруды бұйыру – реанимобиль немесе кардилогиялық бригаданы.
2. Науқасқа қолайлы жағдай жасау
3. Таза ауамен қамтамасыз ету
4.Ауалы жастық болған жағдайда, дымқылданған ауамен ингаляция жасау
5. 0,5 аспирин таблеткасын шайнату
6. АҚ және жүрек соғысының жиілілігін өлшеу.
