Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
клин.жағдай ОСКЭ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
104.66 Кб
Скачать

Жауап эталоны №11 :

Диагноз: эксфолиативті хейлит, іріңді түрі.

Жергілікті емнің алгоритмі

1. Ауыз қуысының санациясы.

2. Жергілікті жансыздандыру – 1-2 % ли-докаин ерітіндісімен ауызды булау , шабдалы майына 5 % анестезин ұнтағын қосып,аппликация жасау.

3. Антисептиклық шаю – 0,05 % хлоргексидин ерітіндісі, 3 % сутегінің асқын тотығы

4. Зақымдалу элементтерін ферменттермен өңдеу– 0,1 % трипсин ерітіндісі,0,9 % изотониялық ерітіндіге немесе дистилденген суға ерітілген хемотрипсин.

5 Еріннің домбығуын басу үшін глюкокортикостероидты жақпа - лоринден С, флуцинар, цедестодерм) ерін жиегін жұқа қабатпен тағам қабылдағаннан кейін күніне 2 рет.Ем курсы 7-10 күн.

6. Физио ем ( көрсеткіш бойынша ) – лазерлі терапия және фонофорез кортикостероидты жақпамен.

Жедел жәрдем көрсету алгоритімі

1. Медбикеге жедел жәрдем шақыруды бұйыру – реанимобиль немесе кардилогиялық бригаданы.

2. Тілдің артқа кетуімен асфикцияны алдын алу- төменгі жақтыалдыға шығару

3. Құсық массаларымен аспирация болуын алдын алу- науқастың басын бір қырына бұрып жатқызу.

4. Таза ауа келуін қамтамасыз ету .

5. Ауалы жастық болған жағдайда, дымқылданған ауамен ингаляция жасау.

6.Веноздық ағымға жол ашу (шеткі венаны катетиризациялау).

7. Адреналин енгізу –1 мл0,1% ерітіндіні , 5 мл изотониялық ерітіндіге араластырып вена ішіне және тіл түбіне енгізу.

8. Преднизолон 90-120 мг (3-5 мг/кг науқастың дене салмағына ) вена ішіне немесе тіл түбіне енгізу.

9. Артериальды қан қысымын және жүрек соғысының жиілілігін өлшеу.

Клиникалық жағдай № 12

53 жастағы ер кісі тіс дәрігеріне ерінінің қабыуына байланысты сөйлеген кезде , ащы, ыстық тағам қабылдаған кезде ауырытынын айтып шағымданып келді.. Өмір тарихынан: бронхтық демікпесі және қызыл жегі бойынша терапевт маманында диспансерлік тіркеуде тұрады. Ауыз қуысын қарап тексергенде: сілекей бездерінің түтіктері кең ашыған, ерін кілегей қабаты кернеулі, қызарған, сілекей түтіктерінде ірің аралас тамшы анықталады. Кілегей қабатта тығыз, қабынулы инфильтрат анықталды. Ерін іріңді қабыршамен жабылған, ауызын жабу қиындалған. Аймақты лимфа түйіні үлкейген, сипаап тексергенде ауырады. Гистологиялық зерттеу кезінде сілекей безі ісінген, шығару түтітігінде қабыну инфильтраты анықталды.

Науқас қиналып, жиі-жиі дем алады. Мәжбүрленген қалыпта қолымен алға тіреліп еңкейе -өзіне ыңғайлы жағдай жасайды. Әрең сөйлейді. Көпіршікті көлемді ақ қақырық жөтелуде.

Стоматологиялық диагноз қойыңыз. Жергілікті емнің алгоритмін құрастырыңыз. Жедел жағдайдың диагнозын қойыңыз және жедел жағдайға көмек көрсетуді ұйымдастырыңыз.

Терапиялық стоматология кафедрасының

Меңгерушісі м.ғ.д., профессор Баяхметова А.А.

Жауап эталоны №12 :

Диагноз: Екіншілік қарапайым гландулярлы хейлит

Жергілікті емнің алгоритмі

1. Сілекей бездің электрокоагуляцияциясы

2. Криодеструкция.

3. Клейн аймағының хирургиялық кесу.

4. Негізгі емді терапевт ұсынысымен емдеу (қызыл жегі).

Жедел жағдай . Бронх демікпесі

Жедел жәрдем көрсету алгоритімі

1. Медбикеге жедел жәрдем шақыруды бұйыру – реанимобиль немесе кардилогиялық бригаданы.

2. Оксигенотерапия . Ауалы жастық болған жағдайда, дымқылданған ауамен ингаляция жасау

3. Сальбутамол .

4. Эуфиллин 2,4% ер-і 4-6 мг/кг 0,9 % -100,0 физ ер-е тамыр ішіне 6-10 мин

5. Артериальды қан қысымын өлшеу