- •Клиникалық жағдай №1
- •Жауап эталоны:№1
- •Клиникалық жағдай №2.
- •Жауап эталоны:№2
- •Жауап эталоны№3
- •Клиникалық жағдай №4
- •Эталон жауабы №4.
- •Клиникалық жағдай №5.
- •Клиникалық жағдай №6
- •Жауап эталоны№6
- •Эталон жауабы №5.
- •Клиникалық жағдай № 7
- •Эталон жауабы.№7
- •Клиникалық жағдай №8
- •Жауап эталоны№8
- •Клиникалық жағдай № 9
- •Жауап эталоны № 9 :
- •Клиникалық жағдай № 10
- •Жауап эталоны № 10
- •Клиникалық жағдай № 11
- •Жауап эталоны №11 :
- •Клиникалық жағдай № 12
- •Клиникалық жағдай № 13
- •Жауап эталоны №13:
- •Клиникалық жағдай № 14
- •Клиникалық жағдай № 15
- •Клиникалық жағдай эталоны № 15:
- •Клиникалық жағдай эталоны № 16
- •Клиникалық жағдай № 17
- •Жауап эталоны. № 17
- •Клиникалық жағдай № 18
- •Эталон жауабы:№18
- •Ауыз қуысының санациясы.
- •Клиникалық жағдай № 19
- •Эталон жауабы. № 19
- •Клиникалық жағдай № 20
- •Эталон жауабы: № 20
- •Клиникалық жағдай № 21
- •Жауап этолоны№ 21
- •Клиникалық жағдай № 22
- •Жауап эталоны№ 22
- •Клиникалық жағдай №23
- •Жауап эталоны№23
- •Клиникалық жағдай №24
- •Жауап эталоны №24
- •Клиникалық жағдай №25
- •Жауап эталоны № 25 .
- •Клиникалық жағдай №26
- •Жауап эталоны.№ 26.
- •Клиникалық жағдай №27
- •Жауап эталоны №27
Жауап эталоны№3
Стоматологиялық аурудың диагнозы| Ұлпаның жедел толық қабынуы
Ұлпаның жедел толық қабынуы деген диагноз науқастың шағымының негізіне(астыңғы оң жақ аймағында өздігінен пайда болған ұстама тәрізді ауру сезіміне, ауру сезімі түнге қарай күшейе түсетініне 3 күн болғанына), қарап тексеру және қосымша тексеру әдістерінің мәліметтеріне қарай (46 және 47 тістері пломбыланған. Қағып тексергенде ауырмайды. Суық су ұстама тәрізді ауру сезімін туындатады 46 тістің ҰЭҚ 15 мкА, 47 тістің - ҰЭҚ 30 мкА төмендеген).
Жедел жағдай:Қысқа уақытқа естен тану(обморок)
Жедел жәрдем: көлденеңінен жатқызу, басы аяқ деңгейінен төмен, бетіне суық су шашу, мақтаға сіңірілген мүсәтір спиртін иіскету.
Емі: 47 тісте витальді әдіспен емдеу
Жансыздандыру (спонгиозды интрасептальды немесе интралигаментарлы)
Пломбаны алу, тіс қуысын ашу, біріншілік эндодонттық жол
Ұлпаны алу
Өзектерді аспаптық және медикаментозды өңдеу
Өзектерді силермен немесе филермен толтыру
Уақытша пломба дентин- қойыртпақ
Клиникалық жағдай №4
46 жастағы науқас дәрігер стоматологқа ауыз қуысын сауықтыру және протездеуге дайындау мақсатында келіп қаралған.
Қарап тексергенде қатты таңдайының артқы үштен бір бөлігінде қызыл нүкте тәрізді папула орналасқан. Қатты таңдайдың кілегей қабығы тегіс емес тасты көпірге ұқсас.
Алдын ала диагноз қойыңыз? Қорытынды диагноз қою үшін қандай анамнездік мәліметтер керек?
Салыстырмалы диагностика жүргізіңіз.
Алдын алу шараларының жоспарын құрыңыз.
Терапиялық стоматология кафедрасының
Меңгерушісі м.ғ.д., профессор Баяхметова А.А.
Эталон жауабы №4.
Диагноз: Таппейнер лейкоплакиясы немесе никотинді стоматит
Анамнезінен шылым шеккеніне қанша уақыт болғанын және күніне қанша шылым шегетінің анықтау керек.
Салыстырмалы диагностика| жалпақ клеткалы обырмен, қан ауруымен ( геморрагиялық диатез).
Емдеу жоспары:
Ауыз қуысын толық сауықтандыру
Қоздырушы факторларды жою, негізінен шылым шегуді доғару
Рациональді протездеу
Гастроэнтерологтың, онкологтың кеңесі
Ішке А дәрумені күніне 3 рет 10 тамшыдан 1 ай
В1 және В12 дәрумені
Седативті препараттар мен транквилизаторлар
Сүтті өсімдікті тағам
Клиникалық жағдай №5.
30 жастағы науқас әйел пломбасының жиі түсіп қалатынына шағымданады. 2 жыл бұрын 11 және 12 тістеріне науқастың айтуы бойынша , сәулемен қатаятын «композит» материалынан пломба қойылған. Науқас бойында әртүрлі заттарға аллергиясы бар екенін айтты. Антибиотиктерге және анестетиктерге аллергиясы бар.
Қарап тексергенде: в 11 тісінде 3 класс бойынша медиальді жанасу бетінде тісжегі қуысы бар. Сүңгілеп тексергенде кіреуке дентин шекарасында ауру сезімі анықталады. Тіс суық суға қысқа мерзімді жауап қайтарады.
Диагноз қойыңыз. Тіске ем жүргізіңіз.
Тісті пломбалау кезінде «Харизма» композитінің адгезивін жағу барысында науқас кенеттен үстіңгі ерінінде қышу сезімінің пайда болғанын, ал бір минуттан кейін үстіңгі ерінінің ісініп үлкейгені, мұрын ерін қатпары тегістеліп, ісік мұрын қанатшасына қарай тарай бастады.
Науқаста қандай жедел жағдай туындады? Дәрігер стоматологтың тактикасы қандай?
Терапиялық стоматология кафедрасының
Меңгерушісі м.ғ.д., профессор Баяхметова А.А.
