- •Клиникалық жағдай №1
- •Жауап эталоны:№1
- •Клиникалық жағдай №2.
- •Жауап эталоны:№2
- •Жауап эталоны№3
- •Клиникалық жағдай №4
- •Эталон жауабы №4.
- •Клиникалық жағдай №5.
- •Эталон жауабы №5.
- •Клиникалық жағдай №6
- •Жауап эталоны№6
- •Клиникалық жағдай № 7
- •Эталон жауабы.№7
- •Клиникалық жағдай №8
- •Жауап эталоны№8
- •Клиникалық жағдай № 9
- •Жауап эталоны № 9 :
- •Клиникалық жағдай № 10
- •Жауап эталоны № 10
- •Клиникалық жағдай № 11
- •Жауап эталоны №11 :
- •Клиникалық жағдай № 12
- •Клиникалық жағдай № 13
- •Жауап эталоны №13:
- •Клиникалық жағдай № 14
- •Клиникалық жағдай № 15
- •Клиникалық жағдай эталоны № 15:
- •Клиникалық жағдай эталоны № 16
- •Клиникалық жағдай № 17
- •Жауап эталоны. № 17
- •Клиникалық жағдай № 18
- •Эталон жауабы:№18
- •Ауыз қуысының санациясы.
- •Клиникалық жағдай № 19
- •Эталон жауабы. № 19
- •Клиникалық жағдай № 20
- •Эталон жауабы: № 20
- •Клиникалық жағдай № 21
- •Жауап этолоны№ 21
- •Клиникалық жағдай № 22
- •Жауап эталоны№ 22
- •Клиникалық жағдай №23
- •Жауап эталоны№23
- •Клиникалық жағдай №24
- •Жауап эталоны №24
- •Клиникалық жағдай №25
- •Жауап эталоны № 25 .
- •Клиникалық жағдай №26
- •Жауап эталоны.№ 26.
- •Клиникалық жағдай №27
- •Жауап эталоны №27
Жауап эталоны№8
Диагноз: белдеме теміреткі диагнозы шағымы негізінде (ауыз қуысында ұстама тәрізді ауру сезіміне, сол жақ бет әлпетінде бөрткендердің пайда болуына ), ауру тарихында ( ауырғанына 4 күн болған, алғашында дене температурасының 39о дейін көтерілуі), мәліметтерге, қарап тексергенде ауыз кілегей қабығында бет әлпетінде нерв жолы бойында бөрткендердің пайда болуы негізінде қойылды.
Салыстырмалы диагностикасы жедел герпестік стоматит, күлбіреуікше, Венсан стоматиті, егер теріде орналасса бөрте қабынумен.
Жергілікті ем:
1.Жара ошақтарын антисептиктермен өңдеу
2.Жара ошақтарына вирусқа қарсы 0,25-0,5% оксалин қойыртпағын жағу немесе 32 ЕД 1 мл интерферон ерітіндісін қолдану.
3.Кератопластиктер каротолин, А дәрумен майы.
Жалпы ем:
Этиотропты ем жүргізу
1.Вирусқа қарсы жоғарғы спектрлі препараттар Неовир
2.Витаминдер тобы В1 және В12 дәрумендері
3.Физикалық ем ИГНЛ
Клиникалық жағдай № 9
35 жастағы науқас стоматологқа сөйлегенде пайда болатын ауру сезіміне, ас қабылдаудың қиындауына, ерінінде, тілде, ауыз қуысының кілегейлі қабығында, қатты таңдайда орналасқан эрозиялардың әсерінен дауысының қырылдап шығуына шағымданады.
Объективті: еріннің қызыл жиегінде геморрагиялық және серозды қабықпен жабылған эрозиялар бар. Ауыз қуысының кілегейлі қабығында күлбіреуікшелер ашылғанда «жалаңаш», қақсыз,қанамайтын, ашық-қызыл түсті эрозиялар пайда болады.Эрозияның табанынан алынған жағындыда өзгерген эпителиальді клеткалар, Тцанк клеткалары табылады. Никольский симптомы оң.
Зақымдалу элементтерін медикаментозды өңдеуде 10 % лидокаин ерітіндісімен аэрозольді анестезия қолданылды, осыдан соң науқастың кенеттен жағдайы нашарлап кетті.Науқас кенет тұншыға бастады,жалпы әлсіздік,көкірек қуысында ауру сезімі ,құлағында шуыл,бас айналу,«көздің қараңғылануы»,өлім қорқынышы пайда болды.Кейін науқас есін жоғалтты.
Стоматологиялық диагноз қойыңыз.Жергілікті емнің алгоритмін құрастырыңыз.Жедел жағдайдың диагнозын қойыңыз және жедел жағдайға көмек көрсетуді ұйымдастырыңыз.
Терапиялық стоматология кафедрасының
Меңгерушісі м.ғ.д., профессор Баяхметова А.А.
Жауап эталоны № 9 :
Диагноз: Тұрпайы күлбіреуікше
Жергілікті емнің алгоритмі
1. Ауыз қуысының санациясы.
2. Жергілікті жансыздандыру – 1-2 % ли-докаин ерітіндісімен ауызды булау , шабдалы майына 5 % анестезин ұнтағын қосып,аппликация жасау.
3. Антисептиклық шаю – 0,05 % хлоргексидин ерітіндісі, 3 % сутегінің асқын тотығы .
4. Зақымдалу элементтерін ферменттермен өңдеу– 0,1 % трипсин ерітіндісі,0,9 % изотониялық ерітіндіге немесе дистилденген суға ерітілген хемотрипсин.
5. Қабынуды басу - аппликация түрінде 0,5 % преднизолон жақпасы .
6. Кератопластиктер – шырғанақ майы, итмұрын майы, зәйтүн майы және басқалар.
7. Ас тұзымен және сұйықтықты шектеп диета ұстау,көбінесе белок тағамын қолдану.
8. Жалпы ем дерматологпен жүргізіледі.
Жедел жағдайлар ситуациясы : анафилактикалық шок.
Жедел жәрдем көрсету алгоритімі.
1.Медбикеге жедел жәрдем шақыруды бұйыру – реанимобиль немесе кардилогиялық бригаданы.
2.Тілдің артқа кетуімен асфикцияны алдын алу- төменгі жақтыалдыға шығару Предупреждение западения языка и асфиксии - выдвинуть нижнюю челюсть
3.Құсық массаларымен аспирация болуын алдын алу- науқастың басын бір қырына бұрып жатқызу.
4. Таза ауа келуін қамтамасыз ету .
5. Ауалы жастық болған жағдайда, дымқылданған ауамен ингаляция жасау.
6.Веноздық ағымға жол ашу (шеткі венаны катетиризациялау).
7. Адреналин енгізу –1 мл0,1% ерітіндіні, 5 мл изотоникалық ерітіндіге араластырып вена ішіне және тіл түбіне енгізу.
8. Преднизолон 90-120 мг (3-5 мг/кг науқастың дене салмағына пациента) көктамыр ішіне немесе тіл түбіне енгізу.
9. АҚ және жүрек соғысының жиілілігін өлшеу.
