Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
клин.жағдай ОСКЭ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
104.66 Кб
Скачать

Эталон жауабы №5.

Жедел жағдай: ангионевротикалық Квинке домбығуы

Жедел шаралар: Композиттік адгезивті жүйені жағуды доғару. Антигистаминдік препараттарды тағайындау.

Клиникалық жағдай №6

49 жастағы науқас тістерін тазалай алмайтындығына, ас қабылдағанда қатты ауру сезімінің пайда болатындығына шағымданады. Анамнезінде 4 жыл бұрын ауыз кілегей қабығында тартылып тұрғандай сезімнің пайда болғанын, және кедірліктің пайда болғанын айтады. Соңғы екі жыл ішінде ауызында жаралардың пайда болғанын, және жаралардың баяу жазылатынын, қатты ауыратынын айтады. Науқас гипертонялық аурумен ауырады. 5 жыл бұрын бүйректік стенозды жою ретінде ота жасалған.

Қарап тексергенде :жақасты лимфа түйіндері аздап ұлғайған, қозғалмалы, сипап тесергенде ауырады. Ұрт жақ бөлігінің ортаңғы және артқы бөлігінде көлемі 10×5 мм дұрыс пішіндә емес беті фибринді қақпен жабылған, қатты ауыратын эрозиялар анықталды. Никольский симптомы анықталмайды. Негізі қызарған және ісінген эрозия аймағында шілтер түстес суреттемелі , қырғанда алынбайтын ақ сұр түстес эпителидің өзгерісі анықталды

Қарап тексеру кезінде науқас басы ауырғанын, лоқсыманың пайда бол,анын және демалуының қиындағанын сезді. Артериальді қан қысымы 160/100 мм ртутті бағанаға тең.

Қандай жедел жағдай орын алды?

Диагноз қойыңыз, жедел жағдай көменгін көрсетіңіз. Стоматологиялық ауруды емдеудегі Сіздің тактикаңыз .

Терапиялық стоматология кафедрасының

Меңгерушісі м.ғ.д., профессор Баяхметова А.А.

Жауап эталоны№6

Диагноз: қызыл жалпақ теміреткі, эрозиялы жаралы түрі, гипертониялық криз

Диагнозды негіздеу: шағымын негізге ала отырып ( ас қабылдағанда пайда болатын қатты ауру сезімі, ауру сезімінің пайда болуына байланысты тәстерін тазалай алмауын), ауру тарихында (алғаш рет 4 жыл бұрын ауыз кілегей қабығында тартылып тұрғандай сезімнің және кедірліктің пайда болғанын, соңғы екі жыл ішінде ұзақ жазылмайтын қатты ауыратын жаралардың пайда болуын.), өмір тарихында ( науқастың ескере отырып гипертониялық аурумен және бес жыл бұрын бүйрегіне ота жасалғанын), және қарап тесеру әдістерін қорытындылай келе (ортаңғы және артқы ұрт жақ бөлігінде қатты ауыратын көлемі 10×5 мм дейін бетері фибринді қақпен жабылған дұрыс пішінді емес эрозиялардың анықталуын, Никольский симптомының анықталмауы және эрозия аймағында өзгерген эпителиде негізі қызарған және ісінген қабықта шілтер тәрізді суреттермен қатар ақ сұр түстес қырғанда алынбайтын ошақтың пайда болуы) диагноз қоюға негіз болады.

Салыстырмалы диагностика :лейкоплакия, тұрпайы күлбіреуікше, ауыз қуысының аконтолизденбейтін қатерлі емес күлбіреуікшесі, созылмалы қайталамалы герпес, екіншілік мерез, көптүрлі жалқықты эритема. Неотложная помощь:пациента в горизонтальное положение привести

Көк тамырға 1 мл 0,01% клонидин ерітіндісі , 10 мл 0,9% натрия хлорид ерітіндісі.

Науқасты жүргізу тактикасы:

Жергілікті ем:

  1. Ауыз қуысын сауықтыру

  2. Жансыздандыру

  3. Деперзолон жақпасы (немесе басқа стероиды жақпалар) 10-15 минутқа

  4. Лазеротерапия

  5. ретинола ацетаттың майлы ерітіндісі

Жалпы ем:

  1. Никотин қышқылын егу

  2. Витамин А ,10 тамшы күніне 3 рет

  3. Пустырник тұнбасы, 25-30 тамшы күніне үш рет