Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
deviantologia (2).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
130.76 Кб
Скачать

15. Адамның әлеуметтік қалыпты дамуы мен ауытқу ұғымдарының мәнін түсіндіріңіз.

Латын тілінен аударғанда «норма» - ереже, үлгі, жарғы. Жаратылыстану және қоғамдық ғылымдарда норма жүйелерді саұтау мен өзгерту үшін өлшем, шегі ретінде түсіндіріледі. Әлеуметтік нормалар нормалардың бір түрі болып табылады. Әлеуметтік норма – іс-әрекет пен қарым-қатынастарды реттеу мақсатында әлеуметтік қоғам (топ, ұйым, класс, қоғам) қоятын талап-тілектердің жиынтығы.

Әлеуметтік нормалардың келесідей негізгі қасиеттері бар: объективтілік, тарихилық, әмбебаптылық, жүйелілік, дәлділік.

Әлеуметтік нормалардың түрлері және оларды реттеу жолдары

Әлеуметтік нормалар әр түрлі форма мен мазмұнға ие. Норма – заң, ереже, нұсқаулық түрінде жазылуы да мүмкін. Алайда қоғамдық сана, ұлттық дәстүрлер, әлеуметтік ұстанымдар, қоғамдық пікір секілді формаларда жиі кездеседі.. Нормалардың түрлері бір-бірімен тығыз байланысты. Қарым- қатынастарды реттеу аймағына қарай әлеуметтік нормаларды келесідей топтардға бөліп көрсетуге болады: рухани-адамгершілік, моралдық-этикалық, құқықтық-саяси, ұйымдастырушылық-кәсіби.

Әлеуметтік ауытқу

Бұл белгілі бір жалпылықпен, тұрақтылықпен және таруымен сипатталатын әлеуметтік нормалардың бұзылуы. Әлеуметтік ауытқудың келесідей белгілері бар: тарихи детерминанттық; қоғам үшін негативті салдарлар; жалпылық және тұрақты.

С.А. Беличева девиантты мінез-құлықтағы әлеуметтік ауытқуды былайша топтастырады:

а) пайдакүнемдік бағыттар: материалдық, қаржылық, мүліктік пайда табуға ұмтылумен байланысты заң бұзушылық, теріс қылық. Бұлар: ұрлық, тонау. Алыпсатарлық, алаяқтық және т.б.;

ә) қастандық бағыттар: жеке тұлғаға карсы бағытталған әрекеттер: тіл тигізу, бұзақылық, ұрып соғу, өлтіру, зорлау және т.б.;

б) әлеуметтік енжар түрлері: белсенді өмір салтынан қашқақтау, азаматтық міндеттерден бас іарту; жеке және әлеуметтік мәселелерді шешуге құлықсыз болу. Бұл топқа жұмыстан, оқудан бас тарту, кезбелік, маскүнемдік, нашақорлық, токсикомания, өз-өзіне қол жұмсау және т.б. жатады.

16. Тәуелді м-қ/тың негізгі формаларын жіктеңіз

Аса күрделі жəне əртүрлі "тұлғаның ауытқушы мінез-құлқы" санатының ішінен тəуелді мінез-құлық немесе тəуелділік деп аталатын топ бөлініп шығады. Тұлғаның тəуелді мінез-құлқы маңызды əлеуметтік мəселе болып табылады, өйткені ол жұмысқа жарамдылықты жойып алу, айналасындағылармен қақтығыстар, қылмыстар жасау секілді жағымсыз салдарға əкеліп соқтыруы мүмкін. Бұған қоса, бұл қалай болғанда да кез келген отбасының басына келетін, девиацияның ең кең тараған түрі болып табылады. Көне заманнан бері тəуелді мінез-құлықтың əртүрлі форма- ларын зиянды немесе жағымсыз əдеттерді атаған, бұндай əдет- терге: ішімдікке салыну, артық жеу, құмар ойындар жəне басқа да əуестіктер жатқызылған. Қазіргі заманғы медициналық əдебиетте патологиялық əдеттер термині кеңінен қолданылады. "Тəуелділік" ұғымы медицина саласынан енген, қазіргі таңда салыстырмалы тұрғыда жаңа жəне танымал болып табылады. Барлық адамдар ауа, су, тағам секілді өмірге маңызды объекті- лерге "қарапайым" тəуелділікті сезінеді. Адамдардың көбінде ата- анаға, достарға, жұбайларына қатысты жақсы көрушілік сезімі болады. Кейде тəуелділіктің əдеттегі қатынасын бұзу байқалады. Мысалы, тұлғаның аутикалық, шизоидтық, қоғамға қарсы бұзы- луы басқа адамдарға жеткіліксіз үйірліктің салдарынан туындайды.Шамадан тыс тəуелділікке бейімділік, керісінше, мəселелік симбиотикалық қарым-қатынастар немесе тəуелді мінез-құлықтың пайда болуына əкеледі. Осылайша, тəуелді мінез-құлық тұлға тарапынан бір нəрсені немесе біреуді теріс пайдаланушылықпен жəне оның мұқтаждықтарының бұзылуымен тығыз байланысты болып табылады. Арнайы əдебиетте қарастырылып отырған ақиқаттың тағы бір атауы қолданылады — аддиктивті мінез- құлық, ағылшын тілінен аударғанда "бейімділік, өлтіретін əдет" деген мағына береді. Тəуелді (аддиктивті) мінез-құлық жеке тұлғаның девиантты мінез-құлық түрі ретінде, өз кезегінде, көбінесе аддикция нысаны бойынша анықталатын көптеген түрлерге бөлінеді. Теориялық тұрғыдан (нақты жағдайларда) бұл кез келген нысандар немесе белсенділік формалары болуы мүмкін — химиялық зат, ақша, жұ- мыс, ойындар, физикалық жаттығулар немесе жыныстық қатынас. Шынайы өмірде тəуелділіктің мынандай түрлері кең тараған: а) психоактивті заттар (заңды жəне заңсыз есірткі заттары); ə) ішімдік (көптеген сыныптамаларда бірінші топқа жатқызылады); б) тағам; в) ойындар; г) жыныстық қатынас; ғ) дін жəне діни ғибадаттар. Осы аталған нысандарға байланысты тəуелді мінез-құлықтың төмендегі формалары анықталады: y химиялық тəуелділік (шылым шегу, токсикомания, есірткіге тəуелділік, дəрі-дəрмекке тəуелділік, ішімдікке тəуелділік); y тамақтану тəртібін бұзу (артық жеу, ашығу, тамақтан бас тарту); y гэмблинг — ойындарға тəуелділік (компьютерлік тəуелділік, құмар ойындар); y сексуалды аддикциялар (зоофилия, фетишизм, пигмалионизм, трансвестизм, эксбиционизм, вуайеризм, некрофилия, садомазо- хизм (глоссарийді қараңыз); y діни деструктивті мінез-құлықтар (діни фанатизм, секталарға қатысу). Адамдардың өмірінің өзгеруіне байланысты тəуелді мінез- құлықтың жаңа формалары пайда болады, мысалы бүгінгі таңда 78 компьютерлік тəуелділік өте тез тарап бара жатыр. Бұған қоса, кейбір формалар өзінің девианттылығын жоғалтады. Мəселен, біздің ойымызша, гомосексуализмді қазіргі əлеуметтік жағдайда девианттылыққа жатқызуға болмайды, əрине, ол күмəнсіз маргиналды мінез-құлық (норманың шеткі шекарасынан орын алатын жəне əзірге адамдар қабылдамайтын мінез-құлық) қата- рында қала береді. Тəуелді мінез-құлыққа шынайы зиян келтірмейтін, белсенділіктің күнделікті формаларын жатқызудан аулақ болу қажет, мысалы кофе ішу немесе тəтті жеу əдетін. Сонымен, тəуелді (аддиктивті) мінез-құлық — өзін-өзі реттеу немесе бейімдеу мақсатында бір нəрсені немесе біреуді теріс қолданумен байланысты, тұлғаның ауытқушы мінез-құлқының формаларының бірі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]