- •2. Девиантология ғылымының тарихы мен дамуы туралы теорияларды жазыңыз.
- •5. «Девиантология» басқа ғылым салаларымен пәнаралық байланысын сипаттаңыз.
- •6. Виктимологиялық ғылымның қалыптасуы мен даму тарихын айқындаңыз
- •7. Суицидтік мінез-құлық себептері және мотивтеріне сипаттама беріңіз.
- •10.Жасөспірімдердің аутсайдерлігі мен маргиналдығын салыстырмалы сипаттаңыз
- •13.Қиын бала түсінігі мен оның ерекшеліктерін айқындаңыз.
- •13. «Қиын бала» түсінігі мен оныңерекшеліктерінайқындаңыз
- •14.Девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын анықтаңыз:
- •16. Тәуелді м-қ/тың негізгі формаларын жіктеңіз
- •15. Адамның әлеуметтік қалыпты дамуы мен ауытқу ұғымдарының мәнін түсіндіріңіз.
- •17.Балалармен және жасөспірімдермен жүргізілетін психопрофилактикалық жұмыстың принциптерін көрсетіңіз.
- •22. Мектептегі педагог-психолог іс-әрекетінің негізгі бағыттарын көрсеіңіз.
- •25. Девиантты мінез-құлықты балаларға педагогикалық-психологиялық жағынан сипаттама және оны анықтау жолдарын көрсетіңіз.
- •Реабилитациясы
- •27. Ювеналды мінез-құлықтың ерекшеліктеріне анықтама беріңіз
- •30.Отандық және шетелдік әлеуметтік әдебиеттердегі девиантты мінез-құлық теорияларының мәнін ашыңыз.
- •34.Мектептегі девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жасау қызметінің жоспарын құрастырыңыз(жыл,ай,тоқсан)
- •35. Девиантты мінез-құлықтың биологиялық алғышарттарын атап , талдау жасаңыз.
- •36. Мектепте тәртібі қиын оқушылардың ұжымындағы жұмысы, жанұямен жұмысы, әлеуметтік ортамен жұмысындағы зерттеу, ұйымдастыру, сауықтыру және алдын алу іскерлігін сызба түрінде көрсетіңіз
- •37.Басқарылуы қиын және ынтасы жоқ сыныппен психологиялық-педагогикалық жұмыстың алгоритмін құрастырыңыз.
- •40 Әлеуметтік педагогтың мінезінде ауытқушылықтары бар балалармен жеке өзара қарым-қатынас байланысын сурет түрінде көрсетіңіз.
- •42. «Қиын» жасөспірімдердің жеке мінез-құлқына әлеуметтік әсер ету немесе алдын-алу шараларының мәнін анықтап, түрлерін көрсетіңіз.
- •45. Жасөспірімдер мен балалардың арасындағы тәртіптің ауытқуларының психологиялық-педагогикалық алдын-алу іс-әрекеттердің бағыттарын көрсетіңіз.
- •46. Әлеуметтік және педагогикалық жағынан қараусыз қалған балалармен жұмыс жасаудың психологиялық-педагогикалық кешен үлгісін көрсетіңіз
- •47. Мінез-құлқында ауытқушылықтары бар балалардың отбасымен жұмыс жасау алгоритмін құрастырыңыз
- •53. Жақын адамдармен эмоционалды қарым-қатынас жасау-баланың толыққанды дамуына әсерін білдіретін факторлардың тізбегін құрастырыңыз.
- •53. Жақынадамдарменэмоционалдықарым-қатынасжасау-баланыңтолыққандыдамуынаәсерінбілдіретінфакторлардыңтізбесінқұрастырыңыз.
- •55. Педагог-психологтың тәртібінде ауытқушылықтары бар балалардың құжаттарды жүргізу мен рәсімдеуде негізгі талаптарды көрсетіңіз.
- •56. Девиантты м-қ/ты балалармен жұмыс жасаудың негізгі бағыттарына жоспар құрыңыз
- •57.Оқушылардың арасында құқық бұзушылықты алдын-алудың жұмыс жоспарын құрастырыңыз.
- •60 Балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік ауытқуларының алдын-алу және оны жеңу жолдарындағы отбасындағы тәрбиенің педагогикалық қызметінің мазмұнын ашыңыз
Реабилитациясы
Әлеуметтік педагогтың бейімделмеген жасөспірімдермен жұмыс технологиясының екіншісі реабилитация (қайта бейімдеу) болып табылады. Реабилитация мәселесін әдіснамалық және теориялық жоспарда қарастыру оның анықтамалырының бірмәнді еместігін мойындауға мүмкіндік береді. Реабилитация жетклікті кең аралықтағы – элементарлы дағдыларды баулудан бастап адамның қоғамдағы толық интеграциясына дейінгі міндеттердің шешіміне бағытталған өлшемдердің жүйесі ретінде қарастырылуы мүмкін. Реабилитация тұлғаға, оның жеке психикалық және физикалық қызметтеріне әсердің нәтижесі ретінде де қарастырылуы мүмкін. Ағзаның қорға жиналған (резервті) мүмкіндіктерін қолдану арқылы икемделу құралы ретінде көрсетілетін адаптацияға (бейімделуге) қарағанда реабилитация қалпына келтіру, белсендіру сияқты түсіндіріледі.
Реабилитацияның әртүрлі түрлерін ажыратқан жөн: медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық, кәсіби, тұрмыстық.
Медициналық реабилитация бала ағзасының қандай да бір жоғалған қызметін толық немесе бөлшектік қалпына келтіру немесе өтеу немесе мүмкін прогрессиялық ауруларды бәеңдетуге бағытталған.
Психологиялық реабилитация жасөспірімнің психикалық аймағына бағытталған және мақсаты девиантты мінез-құлықты жасөспірімнің танымындағы оның тұлға ретінде қажетсіздігі мен жарамсыздығы туралы ойын жеңу болып табылады.
Кәсіби реабилитация жасөспірімге қолжетімді еңбек формаларына оқыту немесе қайта оқытуды, оған еңбек шарттары жеңілдетілген және жұмыс күні қысқартылған жұмыс орнын іздеуді қарастырады.
Тұрмыстық реабилитация жасөспірім өмірінің қалыпты шарттарын қалыптастыруды қарастырады.
Әлеуметтік реабилитация – бұл баланың әлеуметтік ортада өмір сүру қабілеттерін қалпына келтіру үрдісі, сонымен қатар қандай да бір себептермен бұзылған немесе шектелген, тұлғаның өмір сүру шарттары мен әлеуметтік ортаны қалпына келтіру үрдісі.
Әлеуметтік-экономикалық реабилитацияның астарында жасөспірімде жоқ қаржылық төлемдермен қамтамасыз етуге, оның заңдық қызығушылықтары мен құқықтарын қорғауға мақсатты бағытталған іс-шаралар кешені түсіндіріледі.
Девиантты мінез-құлықты балалардың әлеуметтік-педагогикалық реабилитациясы, ереже бойынша, реабилитациялық орталықтар деп аталатын арнайы мекемелерде жүзеге асырылады. Мұндай мекемелердің міндеттері болып табылады:
— дезадаптацияланған балалар мен жасөспірімдердің қаңғыбастығының, қараусыздығының алдын алу;
— ата-аналарының кінәсынан немесе экстремальді жағдаятқа (соның ішінде физикалық және психикалық зорлық-зомбылық, өмір сүрудің қауіпті жағдайлары және т.б.) байланысты өмірлік қиын жағдайға түскен балаларға медико-психологиялық көмек көрсету;
— әлеуметік жүріс-тұрыстың, айналадағы адамдармен өзара әсер мен қарым-қатынас дағдыларының оңтайлы тәжірибесін қалыптастыру;
— ата-аналарының қамқорлығынсыз немесе өмір сүруге қажетті қаражатсыз қалғандарға қатысты қамқоршылық қызметтерін атқару;
— тұлғаның дағдарыстық жағдайларын жоюға ықпал ететін психологиялық және педагогикалық қолдау;
— отбасына оралуға әрекеттесу;
— қалыпты даму, білім алу мүмкіндіктерімен қамтамасыз ету;
— бұдан кейінгі кәсіби және тұрмыстық орнығуға қамқор болу.
