- •2. Девиантология ғылымының тарихы мен дамуы туралы теорияларды жазыңыз.
- •5. «Девиантология» басқа ғылым салаларымен пәнаралық байланысын сипаттаңыз.
- •6. Виктимологиялық ғылымның қалыптасуы мен даму тарихын айқындаңыз
- •7. Суицидтік мінез-құлық себептері және мотивтеріне сипаттама беріңіз.
- •10.Жасөспірімдердің аутсайдерлігі мен маргиналдығын салыстырмалы сипаттаңыз
- •13.Қиын бала түсінігі мен оның ерекшеліктерін айқындаңыз.
- •13. «Қиын бала» түсінігі мен оныңерекшеліктерінайқындаңыз
- •14.Девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын анықтаңыз:
- •16. Тәуелді м-қ/тың негізгі формаларын жіктеңіз
- •15. Адамның әлеуметтік қалыпты дамуы мен ауытқу ұғымдарының мәнін түсіндіріңіз.
- •17.Балалармен және жасөспірімдермен жүргізілетін психопрофилактикалық жұмыстың принциптерін көрсетіңіз.
- •22. Мектептегі педагог-психолог іс-әрекетінің негізгі бағыттарын көрсеіңіз.
- •25. Девиантты мінез-құлықты балаларға педагогикалық-психологиялық жағынан сипаттама және оны анықтау жолдарын көрсетіңіз.
- •Реабилитациясы
- •27. Ювеналды мінез-құлықтың ерекшеліктеріне анықтама беріңіз
- •30.Отандық және шетелдік әлеуметтік әдебиеттердегі девиантты мінез-құлық теорияларының мәнін ашыңыз.
- •34.Мектептегі девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жасау қызметінің жоспарын құрастырыңыз(жыл,ай,тоқсан)
- •35. Девиантты мінез-құлықтың биологиялық алғышарттарын атап , талдау жасаңыз.
- •36. Мектепте тәртібі қиын оқушылардың ұжымындағы жұмысы, жанұямен жұмысы, әлеуметтік ортамен жұмысындағы зерттеу, ұйымдастыру, сауықтыру және алдын алу іскерлігін сызба түрінде көрсетіңіз
- •37.Басқарылуы қиын және ынтасы жоқ сыныппен психологиялық-педагогикалық жұмыстың алгоритмін құрастырыңыз.
- •40 Әлеуметтік педагогтың мінезінде ауытқушылықтары бар балалармен жеке өзара қарым-қатынас байланысын сурет түрінде көрсетіңіз.
- •42. «Қиын» жасөспірімдердің жеке мінез-құлқына әлеуметтік әсер ету немесе алдын-алу шараларының мәнін анықтап, түрлерін көрсетіңіз.
- •45. Жасөспірімдер мен балалардың арасындағы тәртіптің ауытқуларының психологиялық-педагогикалық алдын-алу іс-әрекеттердің бағыттарын көрсетіңіз.
- •46. Әлеуметтік және педагогикалық жағынан қараусыз қалған балалармен жұмыс жасаудың психологиялық-педагогикалық кешен үлгісін көрсетіңіз
- •47. Мінез-құлқында ауытқушылықтары бар балалардың отбасымен жұмыс жасау алгоритмін құрастырыңыз
- •53. Жақын адамдармен эмоционалды қарым-қатынас жасау-баланың толыққанды дамуына әсерін білдіретін факторлардың тізбегін құрастырыңыз.
- •53. Жақынадамдарменэмоционалдықарым-қатынасжасау-баланыңтолыққандыдамуынаәсерінбілдіретінфакторлардыңтізбесінқұрастырыңыз.
- •55. Педагог-психологтың тәртібінде ауытқушылықтары бар балалардың құжаттарды жүргізу мен рәсімдеуде негізгі талаптарды көрсетіңіз.
- •56. Девиантты м-қ/ты балалармен жұмыс жасаудың негізгі бағыттарына жоспар құрыңыз
- •57.Оқушылардың арасында құқық бұзушылықты алдын-алудың жұмыс жоспарын құрастырыңыз.
- •60 Балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік ауытқуларының алдын-алу және оны жеңу жолдарындағы отбасындағы тәрбиенің педагогикалық қызметінің мазмұнын ашыңыз
47. Мінез-құлқында ауытқушылықтары бар балалардың отбасымен жұмыс жасау алгоритмін құрастырыңыз
Мінез-құлқы ауытқыған балалар өз қылықтарына жауапкершілікпен қарамайды, ата-анасының рұқсатынсыз жүріп-тұрады, сабақтан қашады, қаңғырып кетіп қалады, алкоголизм, наркомания және т.б. тұлғаның патологиялық даму формалары да көрініс береді. Қоршаған ортадан агрессивті түрде қорғанады, өзінің іс-әрекетінің нәтижесін болжай алмайды, көңіл-күйдің құлазуына бейім болады, сондықтан басқалармен жиі керісіп қала береді. Құрбыларымен де дұрыс қарым-қатынасқа түсе алмайды.
Жасөспірімнің мінез-құлқы - отбасындағы қарым-қатынас қалыптасуының нәтижесі. Сондықтан тәрбиені отбасынан бастаған жөн. Отбасындағы өзара қарым-қатынасты түзеу керек. Әлеуметтік педагог әрбір отбасы ерекшелігіне байланысты өзінше жол таба білуі қажет. Мінез-құлқында ауытқушылығы бар балалардың отбасымен жұмыс жасауда келесідей алгоритм бойынша жұмыс жасаған жөн. Ол үшін ең алдымен сәтсіз отбасының пайда болу себептерін анықтау керек. Ол әр отбасында әртүрлі болуы мүмкін. Ондай отбасын бес түрге бөлуге болады.
1.Толық емес отбасы.
Жалғызбасты ана тәрбиелеп отырған отбасында «қиын» бала көбірек кездеседі. Бұндай отбасындағы жағдай өте салқын, немқұрайдылық, ішкі сезімталдықтың жоқтығы аңғарылады. Әлеуметтік педагог осындай отбасымен жұмыс жүргізуде жетістікке жету үшін мынадай бағыттарды ұстануы қажет:
Баланың анасының сеніміне кіру, баланың анасының орнына өзін қойып көру,. Себебі ол оған деген көзқарасын бақылай білуге көмектеседі.
Баланың болашағына қызықтыру, балаға деген ананың және баланың анаға деген жауапкершілігін ояту. Баланың жан дүниесін түсінуге, ойын бөлісуге шақыру. Баласына ашылып, өзінің жоспарын айқындау жөн екендігін түсіндіру.
2. Балаға деген бақылауы, қадағалауы жоқ отбасы.
Бұндай отбасында әдетте ата-ана арақ-шарапқа үйір болып келеді. Мұндай отбасындағы әке-шешенің міндеті шектеулі, баланың жан дүниесіне деген түсіністік, тіпті бала мен ата-ана арасындағы байланыстың болмауы. Бұл жағдайда әлеуметтік педагогқа не істеуі қажет?
Біріншіден, шыдамды түрде ата-анаға өмірде бұл қылықтың өзіне немесе баласы үшін зиян келтірер зардабын түсіндіру, көздерін жеткізу. Сонымен қатар әке-шешенің осындай жүріс-тұрысы үшін баланың көретін азабы, ұяты мен қиналысына көңіл аударту. Отбасында ата-ананың қайсысының беделі жоғары екендігін анықтап, оның отбасы өмірін өзгеруіне көзін жеткізу. Бұл отбасындағы жасөспірімді айналадағы адамдармен көбірек дидарластырып, қолдау көрсету, бақылап отыру қажет.
3. Педагогикалық жағынан сауатсыз отбасы.
Бұл отбасындағы ата-ана баланы түсінбейді. Баланың теріс қылығына әсер ету әдісін білмейді. Тек мектеп пен мұғалімді кінәлап, баланың көзінше беделін түсіреді.
Бұл ата-анамен қажетіне қарай кеңес, дәріс, іскерлік ойындар өткізу, мектеп жұмысына араластырып отыру қажет. Ата-ананың ой-өрісін көтеруге қызығушылығын ояту, әр бала ата-анасының сауатты болғанын қалайды деген ой туғызу қажет.
4. Адамның жан дүниесінен гөрі материалдық тұрмыс жағдайын жоғары қоятын отбасы.
Бұндай отбасындағы бала өзімшіл келеді, ата-анасы баласының бұл қасиетін байқамай, үнемі марапаттап отырады.
Бұндай жағдайда әлеуметтік педагог басқа отбасындағы жан дүние байлығын, қайырымдылық, ізгілік туралы әңгіме айтып, көзқарасын өзгертуге тырысу қажет.
5. Балаға тым жоғары талап қойып, қатыгездікпен жазалау кездесетін отбасы.
Бұлар баланың кішкентай қателігіне бола ұрып-соғып жазалауды жөн деп санайтын ата-аналар. Әдетте бұл үйдің баласы өте қатыгез, ашушаң болып келеді.
Бұндай жағдайда ата-ана қылығының дұрыс еместігіне көздерін жеткізу керек. Балаға өзінің қатарындай қарап, күш көрсетуден аулақ болуға шақыру, бала тәрбиелеуде шыдамдылықтың қажет екендігін түсіндіру. Сыныптағы тәрбие жұмыстарына ата-ананы араластыру қажет. Себебі, педагогикалық іш-шараға араласқан ата-ана баласын басқа қырынан көреді. Баламен өзара қарым-қатынасын өзгертеді.
Отбасымен жұмыс жасау барысында баламен жүргізілетін коррекциялық жұмыс дұрыс жоспарлауы қажет.
Олар келесілер: Даму ерекшелігі мен дефект құрылымын ескере отырып әр түрлі методикалар әзірлеу; Дамудың еерте жастан ынталандыру жүйелерін қадағалау; Бала үшін жақын дамдар жағынан ыңғайлы жағдай жасау ; Баланың оқуы мен тәрбиесінде баланың отбасы мен оларды ауыстырушы адамдарға жағдай жасау; Ата-ана және бала жүйесінде қалыпты қарым-қатынасты қалыптастыру; Диагностикалау мен коррекциялық жұмыстарға комплексті қатынас жасау, яғни әр сала мамандарымен кеңесе отырып жұмыс жасау; Жұмыс барысында ата-аналармен тығыз байланыста болу;
50 Қаңғыбас жасөспірімдерге кеңес берудің ережесін құрастырыңыз.Бүгінгі қоғамда қаңғыбас балалардың саны күн санап артып келе жатқандығы жөнінде күнделікті ақпарат құралдарынан байқап жүрміз. Бұл – қазаққа өткен ХХ ғасырда келген індет дейді, ғалымдар. Рас XIX- ғасырдың аяғына дейін қазақ даласында жетім балалар болғанымен қаңғыбас деген ұғым болмағанын тарихтан жақсы білеміз. Бұған дейін бұл атаудың қазақшасы далабезер болатын. Жаңаша атауы – қаңғыбас. Ертеректе күні бойы үй бетін көрмей, дала кезіп, ойынға құныққан баланы қазақ далабезер деген болса, иесіз не үйшіксіз далада қаңғып жүретін иеттерді қаңғыбас ит деп атаған. Бірақ далабезер бала түбі пысық, еті тірі өз күнін өзі көрерлік өжет болып өсетін. Біреудің ала жібін аттап, ұрлық-қарлық жасамайтын, жаман әдеттерге бойын аулақ ұстайтын. Өкінішке орай соңғы жылдары баспасөз беттерінен, телехабарлардан «қаңғыбас балалар» туралы айтыла бастады. Тіпті олардың тіршілік ететін орталары жайында деректі фильмдер де түсіріліп, құқық қорғау орындары біршама рейттер ұыймдастырды. Бірақ жағдай оңалудың орынына күрделеніп бара жатқанға ұқсайды.
Қаңғыбас жасөспірімдерге кеңес беру мынадай ережелерге сай болуы қажет: 1)оқшаулау бейімдеу орталықтарына бағыт корсету керек; 2) ата аналарын түсінуіне ықпал жасау керек; 3) мектептен тыс қоғамдық, шығармашылық жұмыстарға, іс шараларға араласуына жарнамалау керек; 4) ата анасына құрмет көрсету керектігін түсіндіру керек; 5) жағымсыз, зиян әдеттерден арылу керектігін түсіндіру керек;
52. девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жасаудың негізгі әдістерін атап, негізгі мақсат міндеттерге сәйкес сипаттама беріңіз.
Мақсат міндеттері: 1)Девиантты мінез-құлықтың теориялық мазмұнын ашу барысында әдебиеттерге шолу жасау;2)девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыстарды ұйымдастыру ерекшеліктерін көрсету; 3) Жасөспірім балалардың девиантты мінез - құлығын, ерекшеліктерін анықтауда эксперименталды-психологиялық зерттеулерді ұйымдастыру және жүргізу; 4)Девиантты жасөспірімдермен психокоррекциялық жұмысты өткізу және оның тиімділігін анықтау.Девиантты мінез-құлықты балалармен және жасөспірімдермен түзету жұмыстары әдістерін 2 топқа жіктеуге болады: педагогикалық әдістер және психотерапевтикалық әдістер. Педагогикалық әдістер:
