Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
deviantologia (2).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
131 Кб
Скачать
☆

10.Жасөспірімдердің аутсайдерлігі мен маргиналдығын салыстырмалы сипаттаңыз

Ұжымда аутсайдерлер пайда болады. Аутсайдерлік — жасөспірімдерді бір-біріне тартып, жақындастырады. Бұл қоғамға қарсы бағытталған формальды емес топтардың қалыптасуына септігін тигізетін əлеуметтік-психологиялық шынайылық, ал мұқтаж-дылықты қанағаттандыру мен мүдделерді жүзеге асыру мүмкіншілігінің шектеулігі қарсы шығудың жəне объективті шынайылықта өзін-өзі тұрақтандырудың құқыққа қарсы тəсілдерін таңдауға субъективті даярлықтың алмасуын жеделдетеді, басқаша айтқанда, аутсайдерлік — əлеуметтік тығырыққа тірелген жəне одан шығуға талпынған адамның күйі. Бұл қақтығыстың үш түрінің туындауына себепкер болады: жасөспірім мен мұғалімнің, тəрбиешінің, жетекшінің арасындағы, жасөспірім мен сынып ұжымы, топ, бірлестік арасындағы, жас өспірім мен отбасы арасындағы қақтығыстар. Егер қақтығыстар дер кезінде шешімін таппаса, жасөспірімдер негізгі əлеуметтік институттарынан ығыстырылып шығарылады. Бұл жастың психологиялық ерек- шелігі жасөспірім жалғыздықта бола алмайтындығымен жəне ол өзіне тең топ іздеуімен сипатталады. Жəне ондай топты өзі сияқты күйге тап болған балалардың арасынан табады. Өзін-өзі таныту үшін олар бірігеді. Осылайша сабақтан қашатын, қауіпті жасөспірімдер топтары (наразылық: «мен бəрібір ештеңе түсінбеймін»), қаңғыбастар топтары (отбасының сенбеушілігі мен

түсінбеушілігіне қарсы: «тек қана ұрсады жəне ұрады, ештеңені түсінгілері келмейді»), еңбек пен сабақтан бос топтар (кəсіби емес, жалақысы аз жұмыс) құрылады. Іс-əрекеттің негізгі түрлерінде сəтсіздікке ұшырау (оқуда,мамандықты меңгеруде) өз күшіне сенімділіктің орнына өз-өзін төмен бағалауды, өзінің маңыздылық сезімінің орнына зиян келтірушілік пен қажетсіздік сезімін тудырады.

Көптеген зерттеушілер қауіпті топтардың құрылуын маргинализация үрдісімен жəне оның теріс əсерлерімен байланыстырады. Маргиналдылық топтардың қалыптасуының себебі емес, тек аутсайдерлікке қарқынды ену ғана. Қолы бос жасөспірімдер тобына тəн өзін қоршаған ортаға қарсы қою олардың наразылық сипатты мінез-құлықтарының ерекшеліктері қатарында көрінеді.

Бұған, бірінші кезекте, киімдеріндегі ерекшеліктер, жаргондар (жастарға тəн сөйлеу тілі) секілді олардың тəуелсіздігі мен үлкендерге қарсылығының белгілері (символдары) жатады. Жасөспірімдер қолданатын терминдер, көбінесе дөрекі, шартты жəне сөздерге олардың үйреншікті мағынасына қарама-қайшы мағына беріледі, қылмыскер лексикондарынан алынған сөздер жиі кездеседі. Бұндай сөздердің барлығы «өздерінікін» «өзгелерден» айырып тану қызметін атқарады, сонымен қатар топтық ынтымақ- тастықты нығайтады. Алайда үлкендер əлемі мен жас өспірімдер əлемінің арасындағы айырмашылықтар тек осы сыртқы атри- буттармен ғана шектелмейді.

12. жасөспірімдердің және бозбалалардың формалды емес топтардың қалыптасу тетігін сипаттаңыз.

Формалды емес жасөспірімдер топтарының құрылу тетігі мәселенің екі тобын қамтиды:

  1. Жасөспірім(бозбала) әлеуметтенудің дәстүрлі топтарынан қалайша бас тартады?

  2. Олар неліктен әлеуметтікке қарсы бағытталған қауіпті топтарға бірігеді?

Формалды емес топтарда қарым-қатынас жасау мынандай мұқтаждықтарды қанағаттандыруға мүмкіндік береді:

  • Қорғанысты

  • Жүйкелік психикалық шиеленістерді шешу

  • Түсіну, жанашырлық

  • Достық

  • Тәелсіздік , өзімен-өзі болу

  • Жеке тұлғалық мәртебеге ие болу

  • Әлеуметтік мәртебеге ие болу

  • Жаңа ақпарат алу

  • Эмоционалды жайлылыққа ие болу

Жағымсыз әлеуметтік жағдайларда жасөспірімдер тобы біртіндеп асоциалды топтарға кейіннен қоғамға қарсы топтарға айналуы мүмкін

  1. Топтың жағымсыз дамуының бірінші кезеңінде балалардың бір-бірімен байланысы терең емес, әлсіз топтар, барлығы мойындаған көшбасшысы жоқ

  2. Екінші кезеңде егер топ сақталатын болса, ол тұрақтанады, онда басшы пайда болад.

  3. Үшінші кезеңде топ өзінің асоциалды мінез-құлықтарын ақтаушы, өздерінің қалыптастырған топтық нормаларымен өмір сүреді.

Формалды емес топтарды өзін-өзі танытудың басқада тәсілдері қолданылады. Зерттеушілер оларды топқа топтастырған:

  1. Негізгі және міндеттерді орындамау;

  2. Қоғамда қабылданған мінез-құлық қалыптарын орындамау;

  3. Моральға қайшы міне-құлық;

  4. Құқықты бұзу.

Мектеппен байланыс мүлдем үзіліп, девиантты мінез-құлық қылмескерлікке айналады. Осылайша топ криминогенді топқа айналады.криминогенді топтардың өз мүшелеріне ықпал ету тетігі былайша жүзеге асады:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]