Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
deviantologia (2).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
130.76 Кб
Скачать

7. Суицидтік мінез-құлық себептері және мотивтеріне сипаттама беріңіз.

«Суицид» латын тілінен алынған «Өзін-өзі өлтіру,өзіне қол салу» деген мағынаны білдіреді. Тағы бір синонимдік мағынасы адамның өзіне-өзінің қиянат жасап, өз өмірін қиюы . Қазіргі таңда өзіне-өзі қол салу мінез-құлқы біржақты патологиялық тұрғыдан қарастырылмайды. Бұл әрекет көп жағдайда есі дұрыс адамның мінез-құлқы. Сонымен бірге, өзіне-өзі қол салуға қатысты әрекет мінез-құлықтың бұзылу формасының ең шегі.Суицид түрлері: Шетелдік ғалымдардың пікірінше, суицидтің үш түрі бар кӛрінеді. Оның біріншісі — шынайы суицид. Мұндай жағдайда адам ӛмірден түңіледі, үнемі кӛңілсіз жүреді. Ӛмір сүрудің мән-маңызын жоғалтады. Ақыры ӛзіне-ӛзі қол жұмсауға бел байлайды. Екіншісі — жариялы суицид. Әдетте, мұндай жолды таңдағандар ӛлместен бұрын ӛлгісі келетіндігіне ӛзгелердің назарын барынша аударуға бейім тұрады. Мәселен, біреумен ренжіссе болғаны қолына суық қару немесе арқан-жіп ала жүгіріп, «ӛлем» деп ӛзгелерді үрейлендіргісі келетіндер осы топқа жатады. Ал үшінші бір түрі — жасырын, яғни құпия суицид. Бұған барғандар ӛзіне-ӛзі қол жұмсаудың жақсы еместігін, абырой әпермейтінін жақсы түсінеді. Алайда оларға тірлікте кездескен қиындықтан шығатын жол жоқ болып кӛрінеді. Бұған кӛпшілігінде нашақорлар мен ішімдікке салынып кеткендер дайын тұрады. Жасырын сиуицид. Ӛмірде әр қайсымыз оған тап болады екенбіз. Біреу одан ӛзі зардап шексе, екіншісі туысы немесе танысының әрекеттері ӛмірмен қоштасуға итермелейтінің кӛріп жатады. Бұған қандай да тыйымдар, ӛтініп- жалынып сұраулар болсын, айналадағылар оның спирт ішімдік ішуге, нашақорлыққа қарсы тұра алмайды. Бірақ жасырын суицид түріне алкоголь мен нашақорлық ғана жатпайды. Оған кез келген күйреуге апарып соғатын әрекеттер де жатады. Жасырылған немесе тікелей емес суицид – бұл ӛз-ӛзіне қол жұмсаудың бүркемеленген түрі. Оның әсерінен адам ӛзінің санасында немесе санасынан тыс ӛлімге байланысты үрейі арқылы ӛз-ӛзін күйреуге әкеп соғатын әрекеттер нәтижесінде (немесе сыртқы күштер, кӛбінде ӛзі арандатып жасаған) кӛз жұмады. Шын мәнісінде, жасырын суицид кезінде ӛлімге тура қадамдар жасалынбайды, тек келешекте болатын ӛлім үшін қорқыныш-үрей болады. Бұндай ойлармен ӛмір сүрген адам тәуелділікке тап болып, немесе апат құрбаны, экстремалды спорт түрінің қатысушысы ретінде кӛрініс табады. Жасырын суициденттерді киллер, ӛрт сӛндіруші, құтқарушы, кӛлікті жылдам жүргізетіндер, шылымды кӛп шегетіндер, ӛте толық адамдар арасынан табуға болады. Тірі кезінде осылар жақындарына ӛз қорқыныштары, күйзелуі жайлы айтпайды, сондықтан туыстары оның суицидке байланысты проблемалары бар деп ойламайды.

А.Г.Амбрумова өз ойын былай білдіреді «Өзін-өзі өлтіру шынайы суицид, сондай-ақ өзін-өзі өлтіруге әрекет аяқталмаған суицид»

Ал А.Е.Личконың пікірі бойынша суицидалдық мінез-құлық жасөспірімде демонстративті, аффекті және шынайы болып келеді.

Мына мінез-құлық әрекеттеріне байланысты:

Біріншіден, ол демонстративтік- байбаламдық мінез-құлқын бөлектеді, екіншіден, оның пікірі бойынша өзін-өзі зақымдау мен қандай да бір дене мүшесіне жарақат салу, зақымдаумен шектеледі. Үшіншіден, мұндай мінез-құлықтар айналып келегенде бақытсыз жағдайдың құрбаны болуға әкеліп соғады.

Суицидальды мінез-құлық мыналардан тұрады: а)аяқталған ӛзін-ӛзі ӛлтіру, ә)суицидальдық әрекеттер (ӛз ӛміріне қауіп тӛндіру), б)ниет (ӛзін-ӛзі ӛлтіру идеясы)

Суициальды мінез-құлықтың себебін (мотивтерін) дұрыс түсіну үшін әрбір нақты жағдайда екі сұраққа жауап беру керек: «не себепті» адам суицидті әрекетке барды немесе бармақшы болды және «неге» оны жасағысы келді?Бірінші сұрақққа жауап беру суициденттің болуы мен оны қоршағандарының обьективтік жағдайына талдау жасауды қажет етеді.Екінші сұраққа жауап суициденттің бұл жағдайға қандай баға беретінін,қоршағандарының оны қалай қабылдайтынын және ол осы суициальды қорқыту нәтижесінде немесе оны жүзеге асырғанда неге қолы жетті деген мәселелерді түсіндіруі керек.Қалай болса да,суицид -ең алдымен адамның ӛзбетімен ӛмірлік күрделі де қиын жағдайларды игере алмайтынын білдіретін жеке психологиялық реакциясы. Г.Блэйннің айтуынша, жастардың арасындағы жүгенсіздік бейбастықтық,имансыздық пен бүлікшіл кӛңіл күйдің ӛсуі отбасындағы тәрбиенің кемшіліктерінен болады. Жастардың ӛмірдің әлеуметтік құбылыстарын барынша ӛткір сезеді және соған орай әрекет жасайды. Адам белгілі бір нәрсеге қатты күйзелгенде және ол ұзақ уақыт бойы болғанда стресстік сезімдерге душар болады. Стресс ӛте ауыр психологиялық жағдайда қауіп қатер тӛнгенде,іс әрекеттің ӛте ауыр да жауапты кезеңде, әл қуатқа және ақыл ойға салмақ түскенде пайда болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]