- •2. Девиантология ғылымының тарихы мен дамуы туралы теорияларды жазыңыз.
- •5. «Девиантология» басқа ғылым салаларымен пәнаралық байланысын сипаттаңыз.
- •6. Виктимологиялық ғылымның қалыптасуы мен даму тарихын айқындаңыз
- •7. Суицидтік мінез-құлық себептері және мотивтеріне сипаттама беріңіз.
- •10.Жасөспірімдердің аутсайдерлігі мен маргиналдығын салыстырмалы сипаттаңыз
- •13.Қиын бала түсінігі мен оның ерекшеліктерін айқындаңыз.
- •13. «Қиын бала» түсінігі мен оныңерекшеліктерінайқындаңыз
- •14.Девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын анықтаңыз:
- •15. Адамның әлеуметтік қалыпты дамуы мен ауытқу ұғымдарының мәнін түсіндіріңіз.
- •16. Тәуелді м-қ/тың негізгі формаларын жіктеңіз
- •17.Балалармен және жасөспірімдермен жүргізілетін психопрофилактикалық жұмыстың принциптерін көрсетіңіз.
- •22. Мектептегі педагог-психолог іс-әрекетінің негізгі бағыттарын көрсеіңіз.
- •25. Девиантты мінез-құлықты балаларға педагогикалық-психологиялық жағынан сипаттама және оны анықтау жолдарын көрсетіңіз.
- •Реабилитациясы
- •27. Ювеналды мінез-құлықтың ерекшеліктеріне анықтама беріңіз
- •30.Отандық және шетелдік әлеуметтік әдебиеттердегі девиантты мінез-құлық теорияларының мәнін ашыңыз.
- •34.Мектептегі девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жасау қызметінің жоспарын құрастырыңыз(жыл,ай,тоқсан)
- •35. Девиантты мінез-құлықтың биологиялық алғышарттарын атап , талдау жасаңыз.
- •36. Мектепте тәртібі қиын оқушылардың ұжымындағы жұмысы, жанұямен жұмысы, әлеуметтік ортамен жұмысындағы зерттеу, ұйымдастыру, сауықтыру және алдын алу іскерлігін сызба түрінде көрсетіңіз
- •37.Басқарылуы қиын және ынтасы жоқ сыныппен психологиялық-педагогикалық жұмыстың алгоритмін құрастырыңыз.
- •40 Әлеуметтік педагогтың мінезінде ауытқушылықтары бар балалармен жеке өзара қарым-қатынас байланысын сурет түрінде көрсетіңіз.
- •42. «Қиын» жасөспірімдердің жеке мінез-құлқына әлеуметтік әсер ету немесе алдын-алу шараларының мәнін анықтап, түрлерін көрсетіңіз.
- •45. Жасөспірімдер мен балалардың арасындағы тәртіптің ауытқуларының психологиялық-педагогикалық алдын-алу іс-әрекеттердің бағыттарын көрсетіңіз.
- •46. Әлеуметтік және педагогикалық жағынан қараусыз қалған балалармен жұмыс жасаудың психологиялық-педагогикалық кешен үлгісін көрсетіңіз
- •47. Мінез-құлқында ауытқушылықтары бар балалардың отбасымен жұмыс жасау алгоритмін құрастырыңыз
- •53. Жақын адамдармен эмоционалды қарым-қатынас жасау-баланың толыққанды дамуына әсерін білдіретін факторлардың тізбегін құрастырыңыз.
- •53. Жақынадамдарменэмоционалдықарым-қатынасжасау-баланыңтолыққандыдамуынаәсерінбілдіретінфакторлардыңтізбесінқұрастырыңыз.
- •55. Педагог-психологтың тәртібінде ауытқушылықтары бар балалардың құжаттарды жүргізу мен рәсімдеуде негізгі талаптарды көрсетіңіз.
- •56. Девиантты м-қ/ты балалармен жұмыс жасаудың негізгі бағыттарына жоспар құрыңыз
- •57.Оқушылардың арасында құқық бұзушылықты алдын-алудың жұмыс жоспарын құрастырыңыз.
- •60 Балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік ауытқуларының алдын-алу және оны жеңу жолдарындағы отбасындағы тәрбиенің педагогикалық қызметінің мазмұнын ашыңыз
55. Педагог-психологтың тәртібінде ауытқушылықтары бар балалардың құжаттарды жүргізу мен рәсімдеуде негізгі талаптарды көрсетіңіз.
Әлеуметтік педагогтың құжаттары: Тәжірибелік жұмыс жоспары. Бір жылға жұмыс жоспары.Диагностикалық жұмыстар.Құқықтық тәрбие. Отбасымен жұмыс. Класс жетекшілермен жұмыс. Ағарту іс-шаралары. Ерекше назардағы баламен жұмыс. Тәртібінде ауытқушылығы бар балалардың жеке іс қағаздары. Атқарылған жұмыстардың жылдық есебі.Әлеуметтік педагогтың нормативтік құжаттары:ҚР Конституциясы.Білім туралы Заң. Бала құқығы туралы Конвенция. Бала құқығын қорғау Заңы. Неке және отбасы туралы Заң. Әдеп кодексі.Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық қолдау туралы нормативтік актілер.
56. Девиантты м-қ/ты балалармен жұмыс жасаудың негізгі бағыттарына жоспар құрыңыз
Әлеуметтік педагогтың осындай девиантты мінез-құлықты балаларымен жұмыс технологиясында осы сипаттағы балаларды мәселесіндегі оңалту (реабилитация) жұмыстарынан басталады. Оңалту мәселелерін әдістемелік және теориялық жағынан қарастыру адамның қоғаммен толық өзара әрекет жасау дағдыларына баулу болып табылады. Оңалту жұмыстары тұлғаның жеке психикалық және физикалық қызметтеріне әрекет ету қорытындыларынан көрінеді. Оңалту жұмысының бейімделуден ерекшелігі, яғни қосымша мүмкіндіктерді қолдана отырып үйрету, ал оңалатуда қайта қалпына келтіру, белсендірумен түсінідіріледі. Оңалту үдерісінде өмірдің жаңа сатысын бағындыруда қосымша механизм, ал бейімделу үдерісінде соған дағдыландыру болып табылады. Яғни, оңалту жұмыстары – баланы қоғам өміріне және қоғамдық пайдалы еңбекке қайта оралуына деген мақсаттан тұратын іс-шаралардың жүйесі. Оңалту жұмыстарының түрлері: медициналық, психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік-экономикалық, кәсіби, тұрмыстық.
Әлеуметтік - педагогикалық оңлату жұмыстары – баланың қоғаммен өзара байланысына әрекет ететін тұлғалық сапаларын реттеуге бағытталған міндетті білім алу, қоғамда жүріс-тұрыс нормаларын білу, өзін-өзі тәрбиелеуде білік пен дағдыны игеруде тәрбиелік сипаттағы іс-шаралардың жүйесі болып табылады. Девиантты мінез-құлықтағы балаларды әлеуметтік-педагогикалық оңалту жұмыстары арнайы мекемелер мен оңалту орталықтарында өткізіледі. Оңалту бағдарламалары әрбір балаға жеке құрастырылуда өзінің мақсаты, міндеттері, әдістері мен формалары, құралдары, іс-әрекет кезеңдерін ескеруі қажет. Оңалту жұмыстарының басты мақсаты болып тұлғаның адамгершілік қасиеттерін реттеу мен түзету, қарым-қатынас дағдыларын игеруде көмек көрсету болып табылады [4].
Девианттық мінез-құлықтағы балалармен әлеуметтік-педагогикалық оңалту жұмыстарының бағдарламасын құрастыруда келесілерді ескеру қажет:
баланың жақсы мінез-құлық сапаларын ескеру. Әлеуметтік педагог тәртібінде аутықушылығы бар балаларды сынаудан бас тартуы қажет. Балаға «сәтті жағдаят» құрастыру жолында баланың жағымды жақтарын таба білуі керек.
болашақ өмірлік ұмтылыстарын реттеу. Мысал ретінде бала мектептегі оқу үлгерімнің нашарлауына байланысты өзіне сенімі болмай, болашағын көрмейді. Ондай оқушыларға әлеуметтік педагог психолог маманмен бірлесе отырып, кәсіби бағыт-бағдар беру керек.
еңбек қабілетімен бірге балаларда мораль, жүріс-тұрыс нормалары, үлгі-өнеге сияқты қоғамдық-тиімді іс-әрекеттерге дағдыландыру қажет. Бұл күрделі міндет болып табылғандықтан, мұндай іс-әрекеттерді балалар ұжымымен бірге реттеуге болады.
балалармен құрмет пен сенімділік негізінде қарым-қатынас жасау. Девиантты мінез-құлықтағы балаларда мейірімділік, жағымды қарым-қатынас жасауда олардың белсенді қарсылығы кездеседі. Осы ретте осындай балалармен жұмыста әлеуметтік педагог сабырлықты сақтауы тиіс.
Әлеуметтік-педагогикалық оңалту іс-әрекетінің үдерісінде әлеуметтік педагог келесі қызметтерді атқарады:
Девианттық мінез-құлықтың болуына дейінгі кезеңде болған жағымды қасиеттерін болжап, қалпына келтіру;
Балада қажетті қоғамдық-пайдалы іс-әрекеттері бар ұмытылыстарын реттеу, өзін-өзі жетілдіруде балалардың қажеттіліктерін белсендіру;
Түрлі тәрбиенің тәсілдері – сендіру, үлгі-өнеге және тағы басқалары бар баланың жағымды ынталандыру іс-әрекетін белсендіру.
Әлеуметтік педагогтың бұл категориядағы балалармен жұмыс жасауда негізінен баланың ішкі жан дүниесін әлеуметтік тұрғыда сауықтыруға бағытталған. Әлеуметтік педагог баланың қандай жағдай болуы туралы жедел диагностикалық тәсілдерді қолдана білуі керек. Яғни, баланың отбасында, мектепте, ұжымда болған мәселелерін және әлеуметтік-тұлғалық-эмоционалдық ауытқушылықтарның туу себептерін айқындайды. Осы реттегі басты іс-әрекет түрлеріне: жеке кеңес беру, жағымсыз эмоционалды мәні бар жағдайлардың мақсатын анықтауда балаларды жаттығу топтарына ендіру, қақтығыстық жағдайларда тиімді қарым-қатынас жасау тәсілдері мен әлеуметтік дағдыларға үйрету. Осындай жұмыстар бала мен ата-ана арасындағы қарым-қатынасты орнауында да маңызды орын алады. Агрессивті мінез-құлықтағы балалармен эмоционалды жағдайын жедел түрде диагностикалау, мәселесінің себебін анықтау, «МЕН-концепциясымен» жұмыс жасалады.
