- •2. Девиантология ғылымының тарихы мен дамуы туралы теорияларды жазыңыз.
- •5. «Девиантология» басқа ғылым салаларымен пәнаралық байланысын сипаттаңыз.
- •6. Виктимологиялық ғылымның қалыптасуы мен даму тарихын айқындаңыз
- •7. Суицидтік мінез-құлық себептері және мотивтеріне сипаттама беріңіз.
- •10.Жасөспірімдердің аутсайдерлігі мен маргиналдығын салыстырмалы сипаттаңыз
- •13.Қиын бала түсінігі мен оның ерекшеліктерін айқындаңыз.
- •13. «Қиын бала» түсінігі мен оныңерекшеліктерінайқындаңыз
- •14.Девиантты мінез-құлықтың пайда болу факторларын анықтаңыз:
- •15. Адамның әлеуметтік қалыпты дамуы мен ауытқу ұғымдарының мәнін түсіндіріңіз.
- •16. Тәуелді м-қ/тың негізгі формаларын жіктеңіз
- •17.Балалармен және жасөспірімдермен жүргізілетін психопрофилактикалық жұмыстың принциптерін көрсетіңіз.
- •22. Мектептегі педагог-психолог іс-әрекетінің негізгі бағыттарын көрсеіңіз.
- •25. Девиантты мінез-құлықты балаларға педагогикалық-психологиялық жағынан сипаттама және оны анықтау жолдарын көрсетіңіз.
- •Реабилитациясы
- •27. Ювеналды мінез-құлықтың ерекшеліктеріне анықтама беріңіз
- •30.Отандық және шетелдік әлеуметтік әдебиеттердегі девиантты мінез-құлық теорияларының мәнін ашыңыз.
- •34.Мектептегі девиантты мінез-құлықты балалармен жұмыс жасау қызметінің жоспарын құрастырыңыз(жыл,ай,тоқсан)
- •35. Девиантты мінез-құлықтың биологиялық алғышарттарын атап , талдау жасаңыз.
- •36. Мектепте тәртібі қиын оқушылардың ұжымындағы жұмысы, жанұямен жұмысы, әлеуметтік ортамен жұмысындағы зерттеу, ұйымдастыру, сауықтыру және алдын алу іскерлігін сызба түрінде көрсетіңіз
- •37.Басқарылуы қиын және ынтасы жоқ сыныппен психологиялық-педагогикалық жұмыстың алгоритмін құрастырыңыз.
- •40 Әлеуметтік педагогтың мінезінде ауытқушылықтары бар балалармен жеке өзара қарым-қатынас байланысын сурет түрінде көрсетіңіз.
- •42. «Қиын» жасөспірімдердің жеке мінез-құлқына әлеуметтік әсер ету немесе алдын-алу шараларының мәнін анықтап, түрлерін көрсетіңіз.
- •45. Жасөспірімдер мен балалардың арасындағы тәртіптің ауытқуларының психологиялық-педагогикалық алдын-алу іс-әрекеттердің бағыттарын көрсетіңіз.
- •46. Әлеуметтік және педагогикалық жағынан қараусыз қалған балалармен жұмыс жасаудың психологиялық-педагогикалық кешен үлгісін көрсетіңіз
- •47. Мінез-құлқында ауытқушылықтары бар балалардың отбасымен жұмыс жасау алгоритмін құрастырыңыз
- •53. Жақын адамдармен эмоционалды қарым-қатынас жасау-баланың толыққанды дамуына әсерін білдіретін факторлардың тізбегін құрастырыңыз.
- •53. Жақынадамдарменэмоционалдықарым-қатынасжасау-баланыңтолыққандыдамуынаәсерінбілдіретінфакторлардыңтізбесінқұрастырыңыз.
- •55. Педагог-психологтың тәртібінде ауытқушылықтары бар балалардың құжаттарды жүргізу мен рәсімдеуде негізгі талаптарды көрсетіңіз.
- •56. Девиантты м-қ/ты балалармен жұмыс жасаудың негізгі бағыттарына жоспар құрыңыз
- •57.Оқушылардың арасында құқық бұзушылықты алдын-алудың жұмыс жоспарын құрастырыңыз.
- •60 Балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік ауытқуларының алдын-алу және оны жеңу жолдарындағы отбасындағы тәрбиенің педагогикалық қызметінің мазмұнын ашыңыз
27. Ювеналды мінез-құлықтың ерекшеліктеріне анықтама беріңіз
Девиация (лат. deviatio — ауытқу) — бұл:
Әлеуметтануда: — «қалыпты» болып есептелетін немесе қоғамдағы, не әлеуметтік контекстегі қалыптасқан мінез-құлықтан ауытқитын әлеуметтік мінез-құлық.[1
Ал, Роберт Мертон мінез-құлық ауытқушылығының себебін қоғамның мәдени мақсаттары мен оған жетудің әлеуметтік мақұлданған жолдарының арасындағы үйлеспеушілік деп түсіндіреді.
Девиация бірнеше типтен тұрады: девиантты, делинквентті және криминалды мінез-құлық(ювеналды мінез-құлық).
Криминалды (ювеналды) мінез-құлық заң бұзушылық болып табылады. Құқық бұзушылық құқықтық нормалар қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп қоғамның, жеке адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық тәртіпті бұзады. Құқықтық нормалардың талаптарын орындамау нәтижесінде тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян келтіреді.Балалар сот үкімі арқылы жасаған қылмысының ауырлығына байланысты жазаланады. Қылмыстары девиантты немесе деликвинтті сипатта жіктелетін балаларды жас ерекшелігіне қарай заң бойынша жазалау қарастырылған. Қоғамдық тәртіптің қалыбынан шығу, ауытқуына қарай төмендегідей сипаттамалар беруге болады: - Қылмыс түрлері мен сипатына қарай; - Деңгейі және көлеміне немесе масштабына қарай – жеке, ұйымдасқан топтық, көпшілік болып бөлінеді; - Құрылымына қарай – әлеуметтік топ, балалар, жеткіншектер, қыздар, қылмыстық топтар; - Қоршаған ортаға байланысты – отбасындағы келісе алмаушылықтан, зорлық пен жәбірлеу, ұрып – соғу немесе өз басына байланысты
Девиантты мінез-құлық - әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес келмейтін мінез-құлықты айтады. Ол ауытқыған мінез-құлықтың бір түрі. Кейбір әдебиеттерде бұл типті «антидисциплиналық» деп те атайды.
Девиантты мінез-құлықтың көрсеткіштеріне: агрессия, демонстрация, оқудан, еңбектен бет бұру, үйден кету, алкоголизм, наркомания, қоғамға жат қылықтар, жыныстық жат мінез-құлық, суицид т.б. жатады.
Девиантты мінез-құлықтың сыртқы физикалық жағдайларына климаттық, геофизикалық, экологиялық факторларды енгіземіз. Мысалы, шу, геомагниттік, өзгеріс, таршылық, т.б жағдайлар үрей туғызып агрессивті және басқа да қажетсіз мінез-құлықтың көрінуінің бір себебі болады. Сонымен бірге әлеуметтік орта әсерлері де өз ықпалын тигізеді:
• қоғамдық үрдістер (әлеуметтік-экономикалық жағдай, мемлекеттік саясат, салт дәстүр, бұқаралық ақпарат құралдары, т.б.);
• тұлға бар әлеуметтік топ мінездемесі (этикалық құрылым, әлеуметтік мәртебе, референтті топ,);
• микроәлеуметтік орта (отбасының өмір стилі және деңгейлері, отбасындағы өзарақарым-қатынас типі, отбасындағы тәрбие стилі, достар, басқа да маңызды адамдар).
Девиацияның тағы бір түрі - делинквентті мінез-құлық. Ол заң бұзушылықпен ерекшелінеді. Оның мынадай типтері бар:
1. Агрессивті-зорлаушылық мінез-құлық. Бұл жеке тұлғаға көрсетілетін дөрекілік, төбелес, күйдіріп-жандыру сияқты жағымсыз іс-әрекеттерде көрініс береді.
2. Ашкөздік мінез-құлық (корыстное поведение): майда ұрлықтар, қорқытып-үркіту, автокөлік ұрлау т.б. жалпы материалдық пайдакүнемдікке байланысты жат мінез-құлық.
3. Наша сату және тарату.
Девиацияның негативті формалары әлеуметтік патология болып табылады: алкоголизм, токсикомания, нашақорлық, жезөкшелік, суицид, заң бұзушылық және қылмыскерлік. Олар жалпы қоғамға, айналадағы адамдарға және ең бірінші өздеріне үлкен зиян келтіреді.
