 
        
        - •125 Сұрақ 5в011300-Биология
- •Топырақтану ғылымының даму тарихы.
- •Жердің пайда болуы.
- •Топырақтанудың бөлімдері.
- •Топырақтанудың зерттеу тәсілдері
- •Жердің құрылысы, көлемі, ауданы, температуралық режимі.
- •Минералдардың физикалық қасиеттері.
- •Минералдар классификациясы.
- •Топырақ түзілу процесі
- •Топырақтың негізгі ерекшеліктері
- •Топырақ даму кезеңдері
- •Топырақ кескіні құрылысы.
- •Топырақтың минералды бөлігінің пайда болуы құрамы.
- •Топырақ түзуші жыныстар
- •Топырақтану ғылымының дамуындағы геологияның маңызы.
- •Магмалық жыныстар түзілу жолдары сипаттамасы.
- •Шөгінді жыныстар түзілу жолдары сипаттамасы.
- •Шөгінді тау жыныстары Шөгінді тау жыныстары жер бетінің 75%-н жауып жатыр. Шөгінді тау жыныстарының түзілу процесі литогенез деп аталып, үш сатыдан өтеді:
- •Метаморфтық жыныстар түзілу жолдары сипаттамасы.
- •Топырақтың физико-механикалық қасиеттері.
- •Топырақтың органикалық бөлігінің пайда болуы және құрамы.
- •Топырақтың қарашірігі құрамы
- •Топыраққа енген органикалық қалдықтар
- •Топырақ ылғалы
- •Топырақтың негізгі су қасиеттері.
- •Топырақ коллойдтары, пайда болу жолдары, құрамы, құрылысы, қасиеттері
- •Топырақтың сіңіру қасиеттері және оның түрлері
- •Топырақ сіңіру кешені құрылысы
- •Топырақ реакциясы
- •Топырақтың микробиологиялық қасиет
- •Топырақтың химиялық құрамы
- •Минералдар генезисі.
- •Эндогенді генезис.
- •Жердің пайда болуы мен құрылысы
- •Топырақтың су қасиеттері мен су режимі.
- •Топырақ түзілу процесінің негізгі стадиялары.
- •Адамзаттың өндірістік әрекетінің топырақ түзілу процесіне әсері.
- •Қарашірік түзілу процесстері туралы қазіргі көзқарастар.
- •Топырақ коллоидтары құрылысы мен қасиеттері. Топырақ қышқылдығы, сілтілігі, буферлігі.
- •Жер қыртысының құрамы
- •Топырақтың сіңіру қасиеті
- •Оңтүстік Қазақстан топырақтарының су режимін реттеу.
- •Топырақтың жылу режимі, көрсеткіштері. Топырақ ерітіндісінің топырақ түзілуіндегі және құнарлылығындағы маңызы.
- •Жер бедері және оның формалары.
- •Топырақтың тотығу-тотықсыздану процесстері: маңызы. Тотығу тотықсыздану режимі, режим типтері.
- •Топырақ құнарлылығын қалыптастыру, толық емес, жай, кеңейтілген.
- •Топырақтың физикалық қасиеттері
- •Топырақтың физико-механикалық және технологиялық қасиеттері
- •Топырақтың пісіп жетілуі
- Топырақтың органикалық бөлігінің пайда болуы және құрамы.
Топырақтың органикалық бөлігі органикалық қалдықтардан жəне қарашіріктен, яғни топырақтың минералдық құрамын бірдей мөлшерде сіңірген, күңгірт түсті органикалық заттардан тұрады. Қарашірік топырақта дамитын жоғары өсімдіктердің, микроорганизмдердің жəне жануарлардың органикалық қалдықтарынан құралады. Органикалық қалдықтар қоректік элементтердің көптеген мөлшерін құрайды (азот, фосфор, калий, кальций, магний, микроэлементтер), олар минерализация кезінде босап өсімдік жəне микроорганизмдерге қорек болып табылады. Органикалық қалдықтар өсімдіктердің көміртегі газының қөзі болып табылады. Ауыл шаруашылығында топырақты пайдаланған кезде агроном топырақ құрамындағы қарашірік мөлерін реттеп, оның құрамын жақсарта білуі тиіс.
- Топырақтың қарашірігі құрамы
Гумус (қарашірік) шіруі заттары топырақтың типіне қарай әр түрлі мөлшерде кездеседі. Шымдыкүлгін топырақтың гектарында шамамен 70—90 тоннадай, ал қара топырақта ол 90-нан 300 тоннаға дейін барады. Егер гумуста орта есеппен 5%-тей азот бар десек, шымдыкүлгін топырақта — 15 тоннаға дейін жетеді. Топырақ гумусының құрамы түрліше. Олардың құрамындағы әр түрлі зяттар микроорганизмдердің әсерінен түрліше жылдамдықпен ыдырайтыны тәжірибеде анықталған. Гумус өте баяу ыдырай-ды. Түрлі зерттеулер, қалыпты климат жағдайында бір жылда топырак гумусының жалпы қорының 1-ден 3%-,ке дейінгі мөлшері-ыің ыдырайтынын көрсетті. Агрономиялық ғылымның негізін қалаушы В. В. Докучаев тапырақтың гумусқа баюы ондағы өсімдіктерге байланысты екенін көрсеткен. Гумус топырақта өзгеріске ұшырап, нәтижесінде одан бірнеше қышқылдар (ульмин, гумин, крен қышқылдары) түзіледі. Бүлардың әр қайсысының түзілуі микроорганизмдердің белгілі бір тобының тіршілік әрекетіне байланысты. Топырақ қүрамын жасау-да бүл ‘қышқылдардың зор маңызы бар. Гумус көбінесе шөп басқан жерлерде, микробтардың тіршілік әрекетінің нәтижесінде пайда болады. Зерттеулерге қарағанда, бүл процеске көбінесе бактериялар катысады.
- Топыраққа енген органикалық қалдықтар
Топырақтың қатты фазасының біршама белігі органикалық қосылыстар үлесіне тиесілі. Жыл сайын топырақта өсетін өсімдіктер майда жәндіктер мен микробтар топырақ бетінде, оның қабаттарында көптеген қалдықтар қалдырады. Hегізгici органикалық қалдықтар. Топыраққа жылма-жыл түсетін өсімдіктер мен өлген жәндіктердің қалдықтары eкi бағытта өзгегеріске ұшырайды. Біріншіден, топырактағы микроорганизмдердің әсерінен ыдырап, шіріп, жай минералды қосылыстарға ажырайды. Екіншіден, осы организмдер қалдықтары микробтардың әрекетінен күрделі биохимиялық өзгерістерге ұшырап, олардан тұрақты органикалық зат — топырақ қарашіріндici — гумус (немесе қарашірік) пайда болады. Органикалық қалдықтардың біразы толық ыдырап минералданса, біразы қайтадан топырақта органикалық заттардың осы жаңа күрделі түрге, биохимиялык синтез аркылы қара шіріндігe (гумуске) айналады. Минералдану мен гуминдену npoцессін микроорганизмдер жүргізеді.
- Топырақ ылғалы
Топырақтың ылғалдылық қасиеттеріне: суды бойына сіңіру, суды бойынан өткізу, суды төмеңгі қабаттардан жоғарғы үстіңгі қабаттарға көтеру немесе капиллярлық және суды бойында ұстау, буландыру қасиеттері жатады. Ылғал топырақта сұйық, бу және қатты күйінде кездеседі. Топырақтағы ылғалдың түрлеріне сәйкес ылғалдылық мөлшері өзгеріп отырады. Топырақтағы ылғал тәртібі - оған түсетін ылғал мен одан шығын болатын ылғалдар мөлшерімен анықталады. Түсетін ылғалдар: а) ауа ылғалдары (жаңбыр, қар) ; б) еріген қар суы; в) будан түсетін ылғал ; г) жерасты ыза суынан көтерілетін ылғалдар.18 Шығын болатын ылғалдар; а) булану; б) топыраққа сіңбей ағатын ылғалдар; в) өсімдіктер арқылы буланып транспирацияланатын ылғалдар; г)өсімдіктердің жапырақтары мен бұтақтарында қалатын ылғалдар. Түсетін ылғал мен шығын ылғалдың арақатынасы әртүрлі топырақтардың ылғалдану коэффициентін анықтайды.
