Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жер туралы ғылым емтихан сұрақтары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
82 Кб
Скачать
☆
  1. Механикалық элемент фракцияларының топырақтар мен жыныстардың агрономиялық қаситеттеріне ықпалы.

  2. Қарашірік түзілу процесстері туралы қазіргі көзқарастар.

Гумус көбінесе шөп басқан жерлерде, микробтардың тіршілік әрекетінің нәтижесінде пайда болады. Зерттеулерге қарағанда, бүл процеске көбінесе бактериялар катысады. Топырақка ауа көп енгенде гумус жақсы ыдырайды. Бүл процес-ке негізінен актиномицеттер қатысады. Топырақтың органикалық бөлігі өте күрделі қосылыстардан түрады. Олардың көпшілігі гумин заттарына жатады. Ал гумин қышқылдарынан басқа онда езіндік қасиеттері бар түрлі қосылыс-тар да кездеседі. Бүған ферменттер, витаминдер, ауксиндер және кейбір амин қышқылдары жатады. Осылардың барлығын қосып, топыраіқтың биотикальщ заттары деп атайды.

  1. Оңтүстік Қазақстан топырақтары қарашірік мөлшерін арттыру жолдары.

Топырақ ауыл шаруашылығы өндірісінің негiзгi құралы және заты болып табылады. Топырақтың ең маңызды қасиетi – оның құнарлылығы, яғни өсімдіктердің өсуiне және дамуына керектi жағдайлармен бiр мезгiлде қамтамасыз ету мүмкiндiгi

Өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарының ыдырау процесінде, яғни органикалық заттардың минералдануымен бірге топырақта күрделі органикалық қосындылардың түзілуі – гумификация процесі жүріп, топырақ гумусы немесе қарашірігі жасалады. Топырақ қарашірігінде гумин және ульмин қышқылдары, балауыз, смолалар, витаминдер, фенолдар, антибиотиктер және т.б. болады. Гумустың ыдырауында көміртегі, нитраттар, фосфаттар және т.б. бөлінеді. Гумустың құрамына 5% дай азот кіреді. Сондықтан қарашірік заттары топырақты күлдік және азот қоректік элементтерімен байытады. Мұнымен қоса, қарашірік заттары топырақтың структурасын түзуде, аэрациясын, жылу режимін, сіңіру қабілетін, су сыйымдылығын, т.б. физикалық, химиялық қасиеттерін жақсартуда басты фактор болып есептеледі.

  1. Топырақ коллоидтары құрылысы мен қасиеттері. Топырақ қышқылдығы, сілтілігі, буферлігі.

Топырақтың коллоидтарына диаметрі 0.0001-0.00002 нм бөлшектер жатады. Олардың саны массасынан топырақта 1-2 ден 30-40% ға дейін коллоидтар аз болса да тек солар ғана топырақтың сорбциялық күштеріне ие. Себебі: а. топырақтың қатты фазасының жалпы ауданының негізгі үлесі коллоидтарда; б. топырақ коллоидтарының бетінің физикалық және химиялық қасиеттері оларда әртүрлі сорбциалық процесстер жүруге қолайлы;Топырақ колоидтарының қасиеті олардың құрылысы мен құрамына байланысты. Топырақ коллоидтары минералдық, органикалық және органо- минералдық болып келеді

  1. Жер қыртысының құрамы

Жер қыртысының құрамы мен құрылыс өзгерістері. Жер қыртысының құрамы әсіресе жер бетіне жақын аудандарда көп өзгерістерге ұшырайды. Өйткені, минералдық шикізат қорын өндіру ісі жылдан-жылға арта түсуде. Қазіргі кездегі өндіру технология-сының төмендігмен байланысты химиялық шикізат қорының үштен бір бөлігі, немесе өндірілуге тиісті металдьщ жартысына жуығы игерілмей босқа қалып жатады. Бүгінгі күні жер қойнауынан 100 млн. т мыс, қорғасын, мырыш, қалайы және алюминий өндіріліп алынған.

Жер қойнауынан алынған барлық пайдалы қазбалардың көпшілігі соңғы 20 жыл ішінде өндірілгендігі белгілі: мұнай — 75%, көмір — 40%, темір — 50% және жанғыш газдар — 90%. Химиялық элемент-терді өндіру ісінің қарқыны бұдан былайғы уақытта да өсе бермек.

Енді он жылдан кейін жер бетіндегі темір тотықтарының мөлшері 2 есеге, қорғасын — 10 есеге, сынап — 100 есеге, мышьяк — 150 есеге артады деп жорамал-данады.

Адамдардың техногендік әрекеттері көбінесе табиғи процестердің дамуына қарама-қарсы бағытталған. Мысалы, олар минералдық жылу көздерін пайдалану барысында көміртегі элементін, сол секілді минералдық тыңайтқыштарды (егін шаруашылығында қолдану барысында) жер қыртысына түгел шашып таратады. Сондай-ақ көптеген металдар да кең көлемде шашылып тарал-ғанмен, олар жер қыртысында сақталады. Сонымен, техногендік әрекеттерге байланысты жер қыртысын құрайтын өте бағалы химиялық элементтер жер бетінде кең таралып, шашыранды түрде кездеседі. Соның нәтижесінде, жер қыртысынын, алғашқы құрамының тепе-теңдігі өзгеріп, химиялық элементтердің табиғи жағдайдағы миграциялық таралу заңдылығы бұзылады. Мұндай әрекеттердің зияндылығын бағалай білу өте қиын.