- •125 Сұрақ 5в011300-Биология
- •Топырақтану ғылымының даму тарихы.
- •Жердің пайда болуы.
- •Топырақтанудың бөлімдері.
- •Топырақтанудың зерттеу тәсілдері
- •Жердің құрылысы, көлемі, ауданы, температуралық режимі.
- •Топырақтың негізгі ерекшеліктері
- •Минералдардың физикалық қасиеттері.
- •Минералдар классификациясы.
- •Топырақ түзілу процесі
- •Топырақ даму кезеңдері
- •Топырақ кескіні құрылысы.
- •Топырақтың минералды бөлігінің пайда болуы құрамы.
- •Топырақ түзуші жыныстар
- •Топырақтану ғылымының дамуындағы геологияның маңызы.
- •Магмалық жыныстар түзілу жолдары сипаттамасы.
- •Шөгінді жыныстар түзілу жолдары сипаттамасы.
- •Шөгінді тау жыныстары Шөгінді тау жыныстары жер бетінің 75%-н жауып жатыр. Шөгінді тау жыныстарының түзілу процесі литогенез деп аталып, үш сатыдан өтеді:
- •Метаморфтық жыныстар түзілу жолдары сипаттамасы.
- •Топырақтың физико-механикалық қасиеттері.
- •Топырақтың органикалық бөлігінің пайда болуы және құрамы.
- •Топырақтың қарашірігі құрамы
- •Топыраққа енген органикалық қалдықтар
- •Топырақ ылғалы
- •Топырақтың негізгі су қасиеттері.
- •Топырақ коллойдтары, пайда болу жолдары, құрамы, құрылысы, қасиеттері
- •Топырақтың сіңіру қасиеттері және оның түрлері
- •Топырақ сіңіру кешені құрылысы
- •Топырақ реакциясы
- •Топырақтың микробиологиялық қасиет
- •Топырақтың химиялық құрамы
- •Минералдар генезисі.
- •Эндогенді генезис.
- •Жердің пайда болуы мен құрылысы
- •Топырақтың су қасиеттері мен су режимі.
- •Топырақ түзілу процесінің негізгі стадиялары.
- •Адамзаттың өндірістік әрекетінің топырақ түзілу процесіне әсері.
- •Қарашірік түзілу процесстері туралы қазіргі көзқарастар.
- •Топырақ коллоидтары құрылысы мен қасиеттері. Топырақ қышқылдығы, сілтілігі, буферлігі.
- •Жер қыртысының құрамы
- •Топырақтың сіңіру қасиеті
- •Оңтүстік Қазақстан топырақтарының су режимін реттеу.
- •Топырақтың жылу режимі, көрсеткіштері. Топырақ ерітіндісінің топырақ түзілуіндегі және құнарлылығындағы маңызы.
- •Жер бедері және оның формалары.
- •Топырақтың тотығу-тотықсыздану процесстері: маңызы. Тотығу тотықсыздану режимі, режим типтері.
- •Топырақ құнарлылығын қалыптастыру, толық емес, жай, кеңейтілген.
- •Топырақтың физикалық қасиеттері
- •Топырақтың физико-механикалық және технологиялық қасиеттері
- •Топырақтың пісіп жетілуі
Жер бедері және оның формалары.
Кең-байтақ Қазақстанның жер бедері өте күрделі және алуан түрлі. Жер бедерінің басты ерекшеліктерін физикалық картадан көруге болады. Картадан республика жерінде жазықтан бастап биік тауларға дейінгі барлық жер бедерінің биіктік сатыларын байқаймыз. Оның аумағының үштен бір бөлігін ұлан-байтак, ойпаттар (Солтүстік Қазақстан жазығының оңтүстік бөлігі, Каспий маңы ойпаты, Тұран ойпаты) алып жатыр. Қазақстанаумағының жартысынан астамы биіктігі 400-500 м болатын көтеріңкі жазықтар, үстірттер мен ұсақ шоқылар (Торғай, Үстірт, Сарыарқа және т.б.) үлесіне тиеді. Ал биіктіктері 4000-5000 м-ден астам, бастарын мүздықтар мен кар басқан биік таулар республика жерінің 10%-ынан тұрады. Олар еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында орналасқан таулар: Алтай, Сауыр, Жетісу Алатауы, Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік сілемдері.
Республика жер бедерінің ең төмен нүктесі еліміздің батысындағы Маңқыстау түбегі ауқымындағы Қарақия ойысына (теңіз деңгейінен 132 м төмен), ал ең биік нүктесі еліміздің оңтүстік шығысындағы орталык Тянь-Шаньтауларына тиесілі Хантөңірі шыңына (6995 м) сөйкес келеді. Олай болса, ең биік жөне ең төменгі нүктелерінің айырмасы - 7127 м. Оның үстіне Каспий теңізі түбінің 400 м тереңдігін қосатын болсақ биіктік айырмашылықтары артады.
Қазақстан жер бедерінің басты ерекшеліктері: 1. Жер бедеріндегі жазықтар мен аласа таулар Қазақстанның батысында, солтүстігінде және орталығында орналасқан.
2. Биік таулы аймактар, республиканың шығыс және оңтүстік-шығыс бөлігін алып жатқан шағын аумақты қамтиды.
3. Еліміздің бүкіл жер беті оңтүстіктен солтүстікке және шығыстан батысқа қарай бірте-бірте еңіс тартады.
4. Биік таулар мен аласа таулар тауаралық аңғарлармен және жазықтармен алмасып отырады.
Жер бедерінің мұндай ерекшеліктері климат пен табиғат кешендерінің қалыптасуына өз әсерін тигізеді. Қазақстанның жазык, аласа таулы бөлігінде табиғат зоналары ендік бағытта орналасқан, ал биік таулы өңірлерде мұндай зоналылық биіктік деңгейлеріне сәйкес таралатынын байқауға болады.
Топырақтың тотығу-тотықсыздану процесстері: маңызы. Тотығу тотықсыздану режимі, режим типтері.
Топырақтың қышқыл ортасы, топырақтың сіңіру комплексі негізінен сутегі катионымен толықтырылған топырақтарда кездеседі. Бұл жауын-шашыны мол аймақтарда тараған күлгін және қызыл топырақтарда болады.
Топырақтың бейтарап ортасы, топырақтың сіңіру комплексі негізінен кальций катионымен қаныққан топырақтарда көп. Бұл қара топырақты, қара қоңыр топырақты аймақтарда тараған.
Ал топырақтың сілті реакциясы, топырақтың сіңіру комплексі негізінен натрий катионымен толықтырылған топырақтар да болады. Мұндай топырақтар еліміздің оңтүстік аймақтарындағы жартылай шөл және шөлді аймақтардағы сортаң, сорланған жерлерде кездеседі.
Топырақ ортасының реакциясы оның ерітіндісінде бос күйінде кездесетін сутегі иондарының концентрациясымен анықталады, оны рН-пен белгілейді. Әр түрлі топырақ ерітінділеріндегі рН-ның мөлшері 3-10 сандарының арасында, яғни күшті қышқылды ортадан күшті сілтіленген ортаға шейін кездеседі.
рН-тың көрсеткіші 3-тен 6,5-ке дейін болса - қышқыл топырақтар, 6,5-7,5-га дейінгі - бейтарап топырақтар, ал одан жоғарысы сілтілі топырақтар қатарына қосылады.
Топырақ ортасының реакциясы - топырақ қасиеттеріне, ондағы өсетін өсімдіктер мен өмір сүретін бүкіл жәндіктер мен микроорганизмдерге, жалпы топырақ құнарлылығына әсер ететін негізгі фактордың бірі. Топырақта өсімдік өсу үшін топырақ ортасының реакциясы бейтарап болғаны дұрыс. Ал өте қышқылды немесе сілтілі ортада топырақтар микроорганизмдер үшін де, өсімдік үшін де қолайсыз. Сондықтан егістікке тиімді пайдалану үшін оларды қолдан әктендіріп, гипстендіріп, топырақ ортасының реакциясын бейтарап күйге көшіреді. Бұл - топырақ құнарлығын арттырудағы негізгі шара.
Қазақстан жерінің табиғи-экологиялық сипаты.
Экологиялық қауіпсiздiк бағытында Мемлекеттiк саясаттың мақсаты, ол – табиғи жүйенi тиімді қолдану және оның заңмен қорғалуы, сондай-ақ, адам өмiрiндегi ең маңызды жағдайларды ескере отырып, табиғатқа зиян тигiзбеу. Өндiрiстi дамытумен қатар ғылыми-техникалық зерттеулердi күшейту. Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін технологиясы бар мемлекеттің келешегі зор. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев 2006 жылғы Жолдауында халықаралық стандарттарға сәйкес қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөнінде тоқтала келіп: «2006 жылы біздің экологиялық заңнамаларымызды халықаралық озық актілермен үйлестіруге, жаңа стандарттарға көшуге, мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіруге бағытталған Экология кодексі қабылдануға тиіс. Тұтас алғанда, біз 2010 жылы қоғамның тұрлаулы дамуының негізгі экологиялық стандарттарын жасауға тиіспіз» — деген болтын.
Экологиялық қауіпсіздік – ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі ретінде мемлекеттің тұрақты дамудың міндетті шарттарының бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алған күнінен бастап экологиялық мәселелерге маңызды көңіл бөліп келеді. Ел Президентінің басшылығымен дүние жүзіне танымал әлемдегі ірі ядролық полигонды өз еркімен жабуы, Арал теңізін сақтау және Каспийді қорғау бағдарламаларын халықаралық деңгейде ынталандыруы, сондай-ақ Қазақстанның басқа да халықаралық деңгейде орын алатын қоршаған ортаны залалды әсерлерден қорғауға арналған тәжірибелі еңбектері соның бірден-бір айғақтары болып табылады.
