- •125 Сұрақ 5в011300-Биология
- •Топырақтану ғылымының даму тарихы.
- •Жердің пайда болуы.
- •Топырақтанудың бөлімдері.
- •Топырақтанудың зерттеу тәсілдері
- •Жердің құрылысы, көлемі, ауданы, температуралық режимі.
- •Топырақтың негізгі ерекшеліктері
- •Минералдардың физикалық қасиеттері.
- •Минералдар классификациясы.
- •Топырақ түзілу процесі
- •Топырақ даму кезеңдері
- •Топырақ кескіні құрылысы.
- •Топырақтың минералды бөлігінің пайда болуы құрамы.
- •Топырақ түзуші жыныстар
- •Топырақтану ғылымының дамуындағы геологияның маңызы.
- •Магмалық жыныстар түзілу жолдары сипаттамасы.
- •Шөгінді жыныстар түзілу жолдары сипаттамасы.
- •Шөгінді тау жыныстары Шөгінді тау жыныстары жер бетінің 75%-н жауып жатыр. Шөгінді тау жыныстарының түзілу процесі литогенез деп аталып, үш сатыдан өтеді:
- •Метаморфтық жыныстар түзілу жолдары сипаттамасы.
- •Топырақтың физико-механикалық қасиеттері.
- •Топырақтың органикалық бөлігінің пайда болуы және құрамы.
- •Топырақтың қарашірігі құрамы
- •Топыраққа енген органикалық қалдықтар
- •Топырақ ылғалы
- •Топырақтың негізгі су қасиеттері.
- •Топырақ коллойдтары, пайда болу жолдары, құрамы, құрылысы, қасиеттері
- •Топырақтың сіңіру қасиеттері және оның түрлері
- •Топырақ сіңіру кешені құрылысы
- •Топырақ реакциясы
- •Топырақтың микробиологиялық қасиет
- •Топырақтың химиялық құрамы
- •Минералдар генезисі.
- •Эндогенді генезис.
- •Жердің пайда болуы мен құрылысы
- •Топырақтың су қасиеттері мен су режимі.
- •Топырақ түзілу процесінің негізгі стадиялары.
- •Адамзаттың өндірістік әрекетінің топырақ түзілу процесіне әсері.
- •Қарашірік түзілу процесстері туралы қазіргі көзқарастар.
- •Топырақ коллоидтары құрылысы мен қасиеттері. Топырақ қышқылдығы, сілтілігі, буферлігі.
- •Жер қыртысының құрамы
- •Топырақтың сіңіру қасиеті
- •Оңтүстік Қазақстан топырақтарының су режимін реттеу.
- •Топырақтың жылу режимі, көрсеткіштері. Топырақ ерітіндісінің топырақ түзілуіндегі және құнарлылығындағы маңызы.
- •Жер бедері және оның формалары.
- •Топырақтың тотығу-тотықсыздану процесстері: маңызы. Тотығу тотықсыздану режимі, режим типтері.
- •Топырақ құнарлылығын қалыптастыру, толық емес, жай, кеңейтілген.
- •Топырақтың физикалық қасиеттері
- •Топырақтың физико-механикалық және технологиялық қасиеттері
- •Топырақтың пісіп жетілуі
Минералдар генезисі.
Генезис деген грек сөзі — жаратылу, шығу, пайда болу деген сөз. Демек, минералдардың генезисі дегеніміз — олардың жаратылысы. Жердің ішкі қабаттарында пайда болатын магма жоғары көтеріліп жіктеледі; салқындап қатаюдан пайда болатын тау жыныстары магмалық жыныстар, оны құраушы және соған байланысты пайда болғанминералдар магмалық минералдар деп аталады. Онан кейін қалдық магмалардан магмалық минералдар пайда болады. Оның ең ірі және минерал заттар көп кездесетін түрі — пегматит, оны құраушы және оған байланысты пайда болған минералдар — пегматиттік минералдар. Онан қалған су буы мен газдарға қаныққан заттардан пайда болып, жердің үстіне таман таянған жарықтарды толтыратындар — пневматолиттік минералдар. Онан қалған бу мен газдар суға араласып ыстық ерітінді құрайды, яғни гидротермалар пайда болады. Гидротерманың ішіндегі заттар жер жарықтарына, тау жыныстары арасындағы қуыстарға сіңіп, минералды желілер құрады. Олардың өзі минералдану тереңдігіне қарай, соған байланысты жаратылыс температурасына қарай үшке бөлінеді:
жоғары температуралы гидротерма — гипотерма
орта температуралы гидротерма — мезотерма
төмен температуралы гидротерма — эпитерма
Эндогенді генезис.
Эндогенді факторларға литосфераның ішіндегі дамитын процестер және Жердің беткі гравитациялық өрісінің әсеріне негізделген процестер жатады. Эндогенді процестердің шығу көзін ғарыштық және жерлік деп бөлуге болады. Плато – 0 - 2 о бұрышпен қабаттың еңкіш орналасуы; куэста – 10 – 12 о бұрышқа дейін қабаттың еңкіш орналасуы; грядтар (моноклинальді гребнь) – 12 о бұрыштан артық қабаттың еңкіш орналасуы.
Минералдың экзогенді жєне метаморфогенді генезисі.
Экзогенді факторлар деп – бедертүзілудің үгілу, денудация, аккумуляция процестеріне негізделуін айтамыз. Олар генетикалық тұрғыдан да, туындау себебі бойынша да эндогенді факторлармен, Жердің гравитациялық өрісімен, жердің климатымен, Ай мен Күннің әсеріне де байланысты болады. Үгілу – жердің сыртқы қабаттары мен Күннің әсерінен жер бетін түзуші жыныстардың бұзылып, үгітілу процесі. Онда денудация мен аккумуляция процестерінің материалдары дайындалады десе де болады. Денудация процесін жер беті қабатының төмендеуі деп жалпылама қарастыруға болады. Жалпы немесе алаңдық, сызықтық деп екіге бөлінеді. Аккумуляция – жер бетінің қалыңдау процесі. Оның аймақтық және жеке түрлері болады
Жердің пайда болуы мен құрылысы
Ғылыми деректер бойынша Күн жүйесіне жататын Жер ғаламшары бұдан 4,5—5 млрд жыл бұрын газды-шаңды тұманнан пайда болған. Мұндай газды- шаңды материя қазіргі кезде жұлдызаралық кеңістікте де кездеседі. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы үшін ғарыштық және ғаламшарлық кейбір алғышарттар қажет. Ол үшін ғаламшардың өзіне тән мөлшері болу шарт. Ғаламшардың мөлшері тым үлкен болса, табиғи радиоактивті заттардың атомдық ыдырауынан бөлінген энергияның әсерінен ғаламшар өте кызып кетуі мүмкін. Ғаламшардың тым қызып кетуі қоршаған ортаның радиоактивті заттармен ластануына жағдай жасайды. Ал ғаламшардың мөлшері тым кіші болса, ол өз айналасындағы атмосфераны ұстап тұра алмайды. Ғаламшарлар жұлдыздарды орбита бойынша айнала қозғалуы аркылы тұрақты түрде және біркелкі мөлшерде өзіне қажетті энергия алып тұруы тиіс. Ғаламшарға энергия ағысы бір калыпты түспесе тіршіліктің пайда болуы мен дамуы мүмкін емес. Өйткені тірі ағзалардың тіршілігі белгілі бір температуралық жағдайда ғана жүріп отырады. Қорыта айтқанда, Жер ғаламшарында тіршіліктің пайда болуының алғышарттарына — ғаламшардың қажетті мөлшері, энергия және белгілі температуралық жағдайлар жатады. бұл айтылған алғышарттар тек Жер ғаламшарында ғана болғандығы ғылыми дәлелденген. Тіршіліктің пайда болуы, адам баласын өте ерте кездерден бастап- ақ толғандырып келе жатқан күрделі мәселенің бірі. Ол жайында көптеген болжамдармен көзқарастар бар.
Жердің ішкі құрылысы туралы мәліметтер әлі жете зерттелмеген аса күрделі ғылыми мәселе болып табылады.
Жердің құрамы, құрылысы, қасиеттері жөніндегі мәліметтер — жер қыртысының үстіңгі қабаттарын тікелей бақылау, серпінді толқындардың таралу жылдамдығына негізделген сейсмикалық әдістер арқылы алынған жанама деректер. Осы деректерге байланысты Жер негізгі 3 геосферадан тұрады:
жер қыртысы,
мантия,
ядро.
Бұл геосфералар сейсмикалық толқындардың жылдамдығына және олардың тереңдік бойынша өзгеруіне байланысты сегізсейсмикалық қабатқа бөлінеді: А, В, С, D´, D˝, E, F, G. Сонымен қатар Жерде жоғарғы қатты қабат литосфера мен төменгі жұмсақ қабат атмосфера бөлінеді. А – Жер қыртысы. В, С, D´ және D˝ қабаттары – Жер мантиясы. В. қабаты Мохоровивич бетінен 400 м тереңдікке дейін бойлайды. В қабаты мен Жер қыртысының арасында қарқынды зат алмасу жүреді. Бұл қабатта сейсмикалық толқындардың жылдамдығын төмендететін белдемдер бар.
Минералдар классификациясы.
Минералдарды топтарға бөлу - Табиғат ғылымдарының қайсысын алсақ та олардың өздеріне тән зерттейтін заттарын реттеп, топтау керек. Мысалы, ботаника,зоология сияқты ғылымдарды алатын болсақ , оларда өсімдіктер мен жануарларды әр түрлі белгілері бойынша бірнеше топтарға, яғни ботаникалық , зоологиялық систематикаларға бөледі. Өсімдіктер мен жануарлардың жүздеген, тіпті, мындаған түрлері бар. Олардың барлығын жеке-жеке сипаттау әрі қиын, әрі мағынасыз, сондықтан олардың арасындағы байланысты, қарым-қатысты, жаратылыс тектестерін тану қажет. Соларды жаратылыс тегіне: аталастығына, тұқымдастығына қарап топтап айыратын болсақ, зор жеңілдік келеді. Сол сияқты мыңдаған минералдар түрлерін топтарға бөледі. Оны классификация немесе систематика дейді. Минералдарды системаларға бөліп сипаттауды сипаттық немесе систематикалық минералогия дейді. Минералдарды системаға белудің бірнеше түрлі әдісі бар. Өндірістік-экономикалық жағынан топтағанда, оларды, мысалы, химия өндірістерінің шикізат минералдары, қара металлургия мен түсті металлургия минералдары, құрылыс материалдары, асыл тастар, қымбатты металдар, ауыл шаруашылығына қолданылатын минерал заттар сияқтандырып бөледі.
Топырақ қасиеттері
Топырақтың физикалық қасиеттері. Топырақ табиғи дене болғандықтан, ол белгілі физикалық қасиеттермен ерекшеленеді. Топырақтың физикалық қасиеттеріне оның тығыздылығы, көлемдік массасы және қуыстылығы жатады. Топырақтың тығыздылығы деп оның қатты фазасы массасының 4 С-тағы судың сондай көлемдегі массасына қатынасын айтады.
Топырақтың сіңіру қасиеті.Топырақтың құнарлылығының маңызды көрсеткіштерінің бірі-оның сіңіргіштік қабілеті. Яғни Топырақтьың суда еріген заттармен газдарды сіңіріп, өзінде ұстап қалу қабілеті.Топырақтың сіңіру қабілеті туралы ілімнің негізін қалаған орыс ғалымдары Гедройц К.К, П.С. Коссович.
Топырақтың буферлік қасиеті-сілтілі немесе қышқыл қосылыстарды енгізгенде реакциясының өзгеруіне қарсы тұру қабілеті. Топырақтың буферлілігін қарашіріктің мөлшерін көбейту қышқыл топырақтарды әктеу және сілтілі топырақтарды гипстеу арқылы арттыруға болады.
