Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жер туралы ғылым емтихан сұрақтары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
82 Кб
Скачать
  1. Топырақ даму кезеңдері

Топырақ даму кезеңдерін: бастапқы кезең, даму кезеңі, қалыптасып жетілген кезеңі – деп бөледі. Топырақ түзілудің бастапқы кезеңіне тән сипат субстратта оны топыраққа жатқызатын қатты фазада анық байқалған сипатты анық белгілердің болмауы, бірақ биологиялық зат айналымында журетін топыраққа тән заттардың орын ауыстыруы трансформация процесстерінің болуы. Бұл топырақ алды даму кезеңі тәрізді. Бұл кезеңнің соңында биологиялық айналымға енетін процесстер арасындағы қарым-қатынас біртіндеп бір арнаға түседі. Жүйеде топыраққа және биогеохимиялық зат айналымы жүре бастайды. Топырақтық микропроцесстер белгілі деңгейге үйлесіп және кеңістік пен уақытта жинақталып жаңа сапалық процесстер тобын, топыраққа тән белгілер қалыптасады, олардың пайда болуымен топырақ келесі кезеңге өтеді. Топырақтың даму кезеңі. Бұл кезеңге өтудің негізгі себебі жоғарғы өсімдіктер тіршілігі әрекеті масштабының кеңуі нәтижесінде жер беті экожүйелерінде биологиялық өнімдердің молығуы және биологиялық айналымның кеңуі. Ағзалар мен заттардың биологиялық сіңірілуі трансформациясы нәтижесінде элемент топыраққа мүлдем басқа қосындылар құрамында қайтарылады, бастапқы жыныстарда мүлдем болмаған қасиеттерқалыптасады, ең алдымен еру қасиетіне байланысты, топырақ пен өсімдіктің тірі ағзалардың келесі ұрпақтарына жеңіл сіңірімді болады, бұл осы кезеңде биологиялық айналым көлемінің кеңуіне жағдай тудырады.

  1. Топырақ кескіні құрылысы.

Топырақ кескіні құрылысы – бұл вертикаль бағытта горизонттардың кезектесіп орналасуымен анықталған оның сырқы көрінісі. Горизонттар бір-бірінен түсі, құрылымы, қалпы, морфологиялық белгілермен айырмашылықты топырақ кескінінде мынандай горизонттарды айырады: А0 – органогенді горизонт (шымтезек, орман өсеніші); А – қарашірікті аккумулятивті; А2 – элювиальды; В – иллювиальды немесе аралық; С – аналық жыныс; Д – төселуші жыныс; Ажырту - өңделетін топырақтарды; Органикалық заттар аккумуляциясы горизонты (А). А – қара шірікті аккумулятивті горизонт топырақтың минералды қалың қабатының үстіңгі беткейінде қалыптасады, мұнда морфологиялық бұзылу процесстері мен минералдардың сілтісізденуі байқалмайды. А2 – элювиальды горизонт топырақтың минералды бөлігінің қарқынды бұзылып, бұзылу өнімдерінің төменгі қабаттарға шайылуы нәтижесінде түзіледі.В – иллювиальды немесе аралық горизонт элювиальды немесе қарашірікті қабаттың астында түзіліп аналық жынысқа өту горизонты қызметін атқарады. С – аналық жыныс топырақ түзілу процесінен аз қамтылған жыныс. Д – төселуші жыныс, егер топырақ бір жыныста түзіліп оның астында басқа қасиетті жыныс жатқанда бөледі.

  1. Топырақтың минералды бөлігінің пайда болуы құрамы.

Топырақ қатты, сұйық және газ бөліктерінен тұрады. Бұлардың арақатынасы әр түрлі топырақта ғана емес, типті бір тоаырақ қабаттарында түрліше болады. Топырақтың жоғарғы қабатынан төменгі қабатына қарай органикалық заттар мен тірі организмдер азая түседі, топырақтың қатты бөлігінде минерал заттар басым келеді.

Топырақтың минералды және органикалық бөлігі. Топырақ құрамында механикалық (минералдар) түйірлер кездеседі. Алғашқы минералдар (кварц, дала шпаты, слюда т.б.) тау жыныстарысынықтарымен бірге ірі үгілу нәтижесінде пайда болатын соңғы минералдар ұнтақ қосындылар түзеді. Топырақ құрамының минералды бөлігі әр түрлі ұсақталған аналық жыныстардан құралады. Үгілу кезінде суда тез еритін қосылыстар да пайда болады.