Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жер туралы ғылым емтихан сұрақтары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
82 Кб
Скачать
☆
  1. Топырақ түзуші жыныстар

Топырақ түзуге негізгі алты фактор қажет:

ауа райы;

тау жынысы;

жоғарғы және төменгі сатыдағы өсімдік пен жануарлар дүниесі;

жер бедері;

аймақтық геологиялық жасы;

қоғамының өндіргіш күші.

Топырақ түзетін тау жыныстары топырақ түзуші немесе аналық жыныс деп аталынады. Топырақ түзуші жыныстар топырақтың материалды негізі болып табылады. Топырақтың механикалық, минералогиялық, химиялық құрамы, сонымен қатар физикалық, химиялық, физико-химиялық қасиеттері соның негізінде құрылып топырақ түзілу процесінің әсерінен кейіннен біртіндеп өзгереді. Басты топырақ түзуші жыныстарға борпылдақ шөгінді жыныстар жатады. Генезисі, қалыптасу жағдайына тәуелді төрттік шөгінді жыныстар әртүрлі құрам, құрылым, қалыптасу және қасиетімен сипатталады, бұл топырақ түзілу және қалыптасатын топырақ құнарлылығында байқалады.Төрттік шөгінді жыныстардың негізгі типтері төмендегідей сипатты. Элювиальды жыныстар немесе элювий – бастапқы жыныстардың бұзылу өнімдері, түзілген орнында қалады. Элювиге бастапқы жыныспен тығыз байланыс тән, борпылдақ ұсақ түйіршікті материалдан біртіндеп тығыз жынысқа ауысады. Делювиальды жыныстар немесе делювий деп еріген қар суы мен жаңбыр суымен жылжып тау беткейлерінде жиналған тоспалар. Делювиге салыстырмалы жіктелу және жақсы байқалған қабаттылық тән. Делювилі жыныстар тау алды аудандарында кең таралып әртүрлі топырақтарға аналық жыныс болады.Пролювий таулы елдерде қалыптасады, тау етегінде уақытша су және үлкен күшті сел ағыстарының нәтижесінде. Пролювий нашар жіктелінуі, үлкен сынық материалдарының болуымен сипатталады.

  1. Топырақтану ғылымының дамуындағы геологияның маңызы.

Геология (гео... және logos — ілім) — Жердің қыртысын және ішкі қабаттарын, олардың құрамын, құрылысын, қозғалысын, даму тарихын, кен байлықтарының пайда болу, орналасу заңдылықтарын зерттейтін жаратылыстану ғылымдарының кешені. Геология жаратылыстану ғылымдарының жеке тармағы ретінде 18 ғ-дың аяғы мен 19 ғ-дың басында бөлінді. 20 ғ-дың бас кезінде біртұтасғылым болып қалыптасты.

Геологияның грек тілінен аудармасы жер туралы ғылым (гео-жер, логос-ғылым). Қазіргі түсінік бойынша геология жердің құрылысы, құрамы, даму тарихы және оның ішінде, беткейінде жүріп жатқан процесстерді зерттейтін жалпы ғылым. Геологияның негізгі зерттеу объектісі – жердің сыртқы беткейі – жер қыртысы. Жер қыртысы құрылысы үздіксіз өзгерісте болады. Өндірістің дамуымен және қоршаған орта танымының тереңдеуіне байланысты геология да дамиды. Оның жеке бөлімдері жеке пәндерге айналды: минерология, полионтология, кристаллография, петрография, динамикалық және тарихи геология, төрттік геология, гидрогеология, геоморфология, геофизика, геохимия, биогеохимия, инженерлік геология, грунт тану, теңіздік геология

  1. Магмалық жыныстар түзілу жолдары сипаттамасы.

Магматизм - өте күрделі геологиялық процесс.

Магматизм – жер қыртысының құралуында атқаратын ролі зор, ең маңызды эндогендік геологиялық процестердің бірі болып саналады. Жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының 95% магмалық процестердің нәтижесінде пайда болады.

Сонымен магма (грекше магма – қою май, қамыр) дегеніміз еріген газдармен қаныққан негізгі құрамы силикаттық балқыған қою заттар. Иагманың құрамында жер қыртысн құрайтын химиялық элементтердің (оттегі, кремний, алюминий, темір, кальций, магний, калий, натрий) барлығы да кездеседі. әсіресе ұшпалы (жеңіл) компоненттердің (су буы, күкіртті қосындылар, көмірқышқыл газы, хлорлы және фторлы сутегі, хлорлы алюминий, сутегі және т.б.) көптігімен сипатталады. Олардың жердің ішкі терең қойнауында байқалатын өте жоғары қысым күштеріне байланысты еріген күйде кездеседі. Бұл жағдай магманың қоюлығын азайтып, оның қозғалу немесе жылжу жылдамдығының (химиялық активтігі) өсуіне әсерін тигізеді. Эксперименттік зерттеулер бойынша магманың құрамындағы ұшпалы компоненттердің мөлшері 12 % - ке дейін жетеді.