Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жер туралы ғылым емтихан сұрақтары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
82.06 Кб
Скачать
  1. Минералдардың физикалық қасиеттері.

 Минерал дегеніміз, табиғи жағдайда жер қыртысында немесе жер бетінде өтіп жатқан әр түрлі физикалық-химиялық әрекеттердің нәтижесінде пайда болатын, өзіндік физикалық-химиялық қасиеттерінің ерекшеліктерімен ажыратылатын, ал құрамы жағынан алғанда, көпшілік жағдайда кемінде екі элементтен құралған табиғи қосындылар.

Ал кейбір минералдар кейде жеке элементтер түрінде де кездеседі.

Минерал деген термин латын тілінде “минера”— руда деген мағынада қолданылады. Жер қыртысында кездесетін минерал-ардың жалпы саны ~2500-ден астам. Олардың ішінде жетпіске жуығы тау жыныстарының құрамына кіреді. Сондықтан оларды тау жыныстарын құрайтын минералдар деп атайды.

Минералдардың көпшілігі кристалданған қатты заттар түрінде жиі кездеседі. Тек санаулы минералдар ғана сұйық (су, сынап) және газ күйінде (көмір қышқыл газы) болады.

Қатты заттар жоғарыда айтылғандай көпшілік жағдайда кристалдық минералдар түрінде болумен қатар, кейде аморфтық (грекше “аморфос” — пішінсіз деген мағынада) заттар (мысалы, опал) түрінде де кездеседі.

  1. Минералдар классификациясы.

Минералдар классификациясы. Минералдардың қазіргі классифи кациясына негізінен кристаллохимия принципі алынған, яғни кристалды құрылыс және химиялық құрам. Барлық минералдарды бірнеше топка бөледі. Олардың негізгілері мыналар: 1) силикаттар; 2) тотықтар мен гидрототықтар; 3) карбонаттар; 4) фосфаттар; 5) сульфаттар; 6) галоидтер; 7) нитраттар; 8) сульфидтер; 9) таза элементтер;

  1. Топырақ түзілу процесі

Топырақ түзілу процесі физико-химиялық процесстер категориясына жатады. А.А.Роде анықтауынша топырақ түзілу процесі деп, топырақ қабатында жүретін заттар мен энергия жылжуы және түрлену құбылысы жиынтықтарын айтады.Топырақ түзілу процесінің негізгі кезеңдері: 1) тау жынысы минералдарының өзгеруі; 2) оларда органикалық қалдықтардың жиналып, біртіндеп тасымалдануы; 3) органо-минералды қосылыстар күрделі жүйесін түзе минералды және органикалық заттардың қарым-қатынасы; 4) Топырақтың жоғарғы бөлігінде биофильді элементтер қатары, ең алдымен барлық қоректік элементтердің жиналуы; 5) қалыптасушы топырақ кескінінде су ағынымен топырақ түзілу өнімдерінің жылжуы; Топырақ түзілуі мен тіршілігіне байланысты процесстер, жердегі күрделі зат және энергия айналымына енеді, олардың бастылары геологиялық, биологиялық және биогеохимиялық айналымдар.

  1. Топырақтың негізгі ерекшеліктері

Топырақтың негізгі ерекшеліктері. 1.Топырақ біздің планетамызда анықтаулы орын алады. Бұл аз қалыңдықты қабат түзетін жер қыртысының беткі қабаты. 2.Топырақ - жер бетінде эволюциямен тіршіліктің қалыптасуының ең үлкен масштабты алаптық нәтижесі және құрылық бетіне шығатын тау жыныстарымен әртүрлі биотаның қарым-қатынасы. 3. Топырақ түзілуі мен тіршілігіне байланысты процесстер, жердегі күрделі энергия мен зат айналымына енеді, олардың бастылары геологиялық, биологиялық және биогеохимиялық айналымдар. 4. Топырақ – заттық құрамы күрделілігі ерекше табиғи түзіліс. 5.Барлық топырақтарға белгілер дифференциациясы, процестер мен қасиеттердің күрделі кеңістіктік ұйымдасу тән. 6. Барлық топырақтардың жалпы және ең маңызды қасиеті құнарлылық