- •125 Сұрақ 5в011300-Биология
- •Топырақтану ғылымының даму тарихы.
- •Жердің пайда болуы.
- •Топырақтанудың бөлімдері.
- •Топырақтанудың зерттеу тәсілдері
- •Жердің құрылысы, көлемі, ауданы, температуралық режимі.
- •Минералдардың физикалық қасиеттері.
- •Минералдар классификациясы.
- •Топырақ түзілу процесі
- •Топырақтың негізгі ерекшеліктері
- •Топырақ даму кезеңдері
- •Топырақ кескіні құрылысы.
- •Топырақтың минералды бөлігінің пайда болуы құрамы.
- •Топырақ түзуші жыныстар
- •Топырақтану ғылымының дамуындағы геологияның маңызы.
- •Магмалық жыныстар түзілу жолдары сипаттамасы.
- •Шөгінді жыныстар түзілу жолдары сипаттамасы.
- •Шөгінді тау жыныстары Шөгінді тау жыныстары жер бетінің 75%-н жауып жатыр. Шөгінді тау жыныстарының түзілу процесі литогенез деп аталып, үш сатыдан өтеді:
- •Метаморфтық жыныстар түзілу жолдары сипаттамасы.
- •Топырақтың физико-механикалық қасиеттері.
- •Топырақтың органикалық бөлігінің пайда болуы және құрамы.
- •Топырақтың қарашірігі құрамы
- •Топыраққа енген органикалық қалдықтар
- •Топырақ ылғалы
- •Топырақтың негізгі су қасиеттері.
- •Топырақ коллойдтары, пайда болу жолдары, құрамы, құрылысы, қасиеттері
- •Топырақтың сіңіру қасиеттері және оның түрлері
- •Топырақ сіңіру кешені құрылысы
- •Топырақ реакциясы
- •Топырақтың микробиологиялық қасиет
- •Топырақтың химиялық құрамы
- •Минералдар генезисі.
- •Эндогенді генезис.
- •Жердің пайда болуы мен құрылысы
- •Топырақтың су қасиеттері мен су режимі.
- •Топырақ түзілу процесінің негізгі стадиялары.
- •Адамзаттың өндірістік әрекетінің топырақ түзілу процесіне әсері.
- •Қарашірік түзілу процесстері туралы қазіргі көзқарастар.
- •Топырақ коллоидтары құрылысы мен қасиеттері. Топырақ қышқылдығы, сілтілігі, буферлігі.
- •Жер қыртысының құрамы
- •Топырақтың сіңіру қасиеті
- •Оңтүстік Қазақстан топырақтарының су режимін реттеу.
- •Топырақтың жылу режимі, көрсеткіштері. Топырақ ерітіндісінің топырақ түзілуіндегі және құнарлылығындағы маңызы.
- •Жер бедері және оның формалары.
- •Топырақтың тотығу-тотықсыздану процесстері: маңызы. Тотығу тотықсыздану режимі, режим типтері.
- •Топырақ құнарлылығын қалыптастыру, толық емес, жай, кеңейтілген.
- •Топырақтың физикалық қасиеттері
- •Топырақтың физико-механикалық және технологиялық қасиеттері
- •Топырақтың пісіп жетілуі
Топырақтанудың бөлімдері.
Топырақтанудың ең маңызды бөлімдері: 1) Топырақтың дамуы (генезис) мен қалыптасуы туралы ілім; 2) Сыртқы ортамен қарым-қатынаста болатын бүтін кеңістіктің түзіліс ретінде топырақ бүркеуі туралы ілім; 3) Топырақ құнарлылығы мен топырақ бүркеуі (жабыны) және агротехникалық мелиоративтік тәсілдер мен оларды реттеу принциптері туралы ілім. Осы аталған басты бөлімдермен қатар топырақтану құрамында топырақ массасы қасиеттеріне байланысты негізгі бөлімдерін айырады (топырақ физикасы, топырақ химиясы, топырақ биологиясы т.б.) және қолданбалы бөлімдер (агрономиялық, ормандық және мелиоративтік топырақтану). Ерекше бөлім топырақ классификациясы ол барлық бөлім материалдарын пайдаланып топырақ картографиясы, сипаттау және оларды комплексті бағалау, мемлекеттің тұтас жер кадастрын құру және математикалық өңдеу мақсатында мәліметтер жинау үшін тұтас таксономиялық жүйе болуы қажет.
Топырақтанудың зерттеу тәсілдері
Топырақтанудың зерттеу тәсілдері жүйесі. Салыстырмалы-географиялық тәсіл. Салыстырмалы-аналитикалық тәсіл. Стационарлық-тәсіл. Топырақ процесстерімен режимдерін моделдеу тәсілдері кіреді.
Топырақ туралы білімнің жиналуы адамзат жабайы өсімдіктерді терімшілдіктен оларды танаптарда өсіруге ауысып, топырақты өңдеуден басталады. Топырақ туралы жиналған білімді жалпылаудың алғашқы талаптары ежелгі дәуірде жатады. Ежелгі грек философтары Аристотель мен Теофраст еңбектерінде топырақтарды керемет, жақсы, құнарлы, қанағаттанымды, тозған, кедей, т.б. деп бөлу кездеседі. Бірақ топырақтанудың ғылым ретінде дамуы көп кейін басталды. 18 ғасырдың аяғы 19 ғасырдың бірінші жартысында батыс европада топырақ туралы екі көзқарас қалыптасты: агрогеологиялық және агродақылдық химиялық.
Жердің құрылысы, көлемі, ауданы, температуралық режимі.
Жер үш осьті эллипсоид айналымды пішінді, оның кіші осьі оның экваторлық радиусы 6378,2 км, полярлық 6356,9 км, яғни экваторлық радиус 21,3 км ұзын. Оның беткейінің ауданы 510,1 млн. км2 жердің көлемі1083204 млн. км3 . Жер массасы 5,98*10 27г, орташа тығыздығы –5,52 г/см3 . Жердің температуралық режимі беткейінде жылудың негізгі екі көзімен анықталады: 99,5 процент жылу күн сәулесінен алынады, 0,5 процент планетаның қойнауынан көтерілетін жылу. Күн сәулесі жылуы 30 м тереңдікке дейін ғана енеді, 30 м тереңде тұрақты температуралы пояс орналасады, сол жердің орташа жылдық температурасына тең. Жердің ішкі құрылысы: жер қыртысы А, жоғарғы мантия қабаты В, аралық қабат С, төменгі мантия қабаты Д, сыртқы ядро, ішкі ядро. Минералдар – бұл әртүрлі физико-химиялық процесстер нәтижесінде туындайтын, табиғи химиялық қосындылар немесе жеке элементтер. Қазіргі уақытта табиғатта 2500-нан астам минералдар белгілі. Тау жыныстарының түзілуіне маңызды үлес тек бірнеше ондаған минералдарға ғана тиесілі, бұлар жыныс түзуші деп аталады. Түзілу жағдайларына қарай топырақ түзуші минералдар бастапқы және туынды болып бөлінеді. Бастапқы минералдар жыныспен бір уақытта жер қыртысының терең қабаттарында түзіліп өзгеріссіз сақталған. Бұларға магмалық және метаморфтық минералдар жатады. Оливин, дала шпаттары, авгит, роговая обманка, кварц, слюда, т.б.
