Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жер туралы ғылым емтихан сұрақтары.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
82.06 Кб
Скачать
  1. Топырақтың сіңіру қасиеті

Топырақтың сіңіру қасиеті және оның түрлері. Академик К.К.Гедройц тұжырымдауы бойынша, топырақтың сіңіру қасиеті деп оның топырақ ішіндегі ерітінділірінің кейбір қосылыстарын, майда ұнтақталған минералды және органикалық қосылыстарды, микроорганизьдерді және ұнтақталмаған ірі заттарды өзіне сіңіріп, ұстап қалу мүмкіншілігін айтады. Қатты денелердің өзіне газдарды, парларды және еріген заттарды сіңіруін сорбция деп атайды.Сіңіру оның тәсілдеріне қарай бірнеше түрлерге – механикалық, физикалық, химиялық, физика-химиялық немесе алмасулық және биологиялық сіңірулерге бөлінеді (К.К.Гедройц, 1933).

Топырақтың механикалық сіңіру қабілеті деп, оның сумен немесе желмен бірге келген әртүрлі заттардың топырақ кеуектерінде ұсталып қалуын айтады. Былайша айтқанда, топырақ кеуектері арасында елгезерге еленген кездегі ұннан қалған кебектер сияқты, топырақ арқылы өткен сулардан ұсталып қалған әртүрлі заттар. Топырақтың физикалық сіңіруі деп, топырақ бөлшектерінің беткі қабатының топырақ ауасы мен ерітіндісінен кейбір молекулаларды сіңіру қасиетін (абсорбция) айтады.

Физика-химиялық сіңіру қабілеті деп қатты фазада сіңірілген катиондардың өзіне жұғысқан топырақ ертіндісіндегі катиондарға эквивалентті санына тең мөлшерде алмастыру қасиетін айтады

Топырақтың биологиялық сіңіруі деп – топырақтың тірі бөлігі арқылы микроорганизмдер мен өсімдіктер тамырлары топырақ ертіндісінен әртүрлі заттарды сіңіруін айтады.

  1. Оңтүстік Қазақстан топырақтарының су режимін реттеу.

Су режимi деп топыраққа судың енуiнiң барлық құбылыстарының жиынтығын, оның топырақтан шығынын және физикалық күйiнiң (жағдайының) өзгеруiн айтады. Топырақтың су режимiнiң сандық көрінісі, яғни ылғалдың кiрiсi мен шығынының барлық мөлшерлерінiң жиынтығы, белгiлi бiр уақыт аралығындағы оның қорының өзгеруi су теңгерiмiн бередi. Көп жылдық орташа су теңгерiмi95 топырақтың су режимiнiң сандық сипатын көрсетеді. Солтүстiк Қазақстанның топырақтарына шайылмайтын су режимi тән. Су – өсімдік тiршiлiгiнiң маңызды факторы. Өсімдік өз тiршiлiгiне керектi судың негiзгi бөлігін топырақтан алады. Топырақ ылғалды сыйғызатын, сақтайтын орын болып табылады және өсімдік тiршiлiгiнiң барлық кезеңдерiнде оны ылғалмен қамтамасыз етуге мүмкiндiгi бар. Су өсімдік тiршiлiгiнiң барлық процестерiне дерлiк қатысады. өсімдіктiң жекелеген мүшелерiндегi судың мөлшері 70-95%-ға дейiн жетедi. Су өсімдіктi қоршаған ортамен байланыстыратын буындардың бiрi болып табылады. Сонымен қатар судың табиғаттағы айналымында өсімдіктер де маңызды рөл атқарады

  1. Топырақтың жылу режимі, көрсеткіштері. Топырақ ерітіндісінің топырақ түзілуіндегі және құнарлылығындағы маңызы.

Топырақтардың дамуы мен өсімдіктердің тіршілігі үшін жылу керек. Топырақтың жылулық қасиеті де оның қажетті қасиеттерінің бірі. Топырақ жылуы белгілі бір мөлшерге жеткен кезде ғана онда өсімдіктер тамыры өсе бастайды. Жылу әсерінен микробиологиялық және химиялық процестердің қарқыны өзгереді. Топырақ жылуды негізінен күн сәулесінен, оған қоса топырақтың жоғарғы қабатынан, жердің ішкі қызған қабаттарынан, сонымен бірге топырақтағы микробиологиялық процестерден, тірі жәндіктердің тыныс алуынан, өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарының шіруінен, топырақтың құрамындағы кейбір заттардың өзара қосылысқа түсуінен, су буларының суға айналуынан, судың булануынан алады. Сонымен топырақтағы жылу режимі –90 жылудың күн сәулесінің топыраққа түсіп, оның қабаттарына еніп, жоғарыдан төмен қозғалып, қайтадан ауаға оралу процесі. Топырақтың жылулығы топырақтың температурасымен белгіленеді. Температура тәуліктік, апталық, айлық, маусымдық және жылдық көрсеткіштермен ажыратылады