- •Жұмыс бағдарламасы
- •Шымкент 2013 ж.
- •Бағдарлама:
- •2. Пән сағаттар бөлу
- •3. Тақырыптық жоспар
- •4. Пәннің мазмұны.
- •5. Білім беру және оқыту әдістері:
- •6. Білімді бағалау
- •7. Құрал -жабдықтар және жабдықтау.
- •8.Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
- •8.1 Негізгі әдебиеттер.
- •Қосымша әдебиеттер:
- •Авторлары:
- •2013 – 2014 Оқу жылына Күнтізбектік – Тақырыптық Жоспар
- •Оқу сағаттарының бөліну жоспары:
- •Бақылау мен қорытынды аттестация:
- •Теориялық сабақ
- •2 Курс, 3 семестр
- •Практикалық сабақ
- •2 Курс, 3 семестр
- •Практикалық сабақ
- •2 Курс, 4 семестр
- •Оқытушы қолы __________________________
- •Сабақтың мақсаты:
- •6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
- •7. Әдебиеттер:
- •Мейірбике ісі философиясы.
- •Сабақтың мақсаты:
- •6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
- •7. Әдебиеттер:
- •– Сабақ
- •Сабақтың мақсаты:
- •6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
- •7. Әдебиеттер:
- •5Кезең. Мейірбикелер күтімінің нәтижесін бағалау.
- •Науқасты аспаптармен және зертханалық зерттеудің алдында, оларды дайындықтан өткізе алады:
- •Мейірбикелер хәлі ауыр науқастарды күте алады:
- •4. Сабақтың мақсаты:
- •6.Материалды – техникалық жабдықталуы:
- •7. Әдебиеттер:
- •4. Сабақтың мақсаты:
- •6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
- •7. Әдебиеттер:
- •4. Сабақтың мақсаты:
- •6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
- •7. Әдебиеттер:
- •4. Сабақтың мақсаты:
- •5. Материалды-техникалық жабдықталуы:
- •7. Әдебиеттер:
- •4. Сабақтың мақсаты:
- •6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
- •7. Әдебиеттер:
- •Бактериялды және вирусты инфекцияларда «дезэфект» ерітіндісімен дезинфекциялау тәртібі.
- •Этиологиясы әр түрлі инфекицяның дезинфекциялау тәртібі
- •4. Сабақтың мақсаты:
- •6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
- •7. Әдебиеттер:
- •1. Сутегі тотыгы
- •4. Сабақтың мақсаты:
- •6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
- •7. Әдебиеттер:
- •Медициналық құрал-саймандар және жабдықтармен жұмыс істеу кезіндегі сақтану шаралары.
- •Манипуляцияны жасап болған соң медбике міндеті:
- •Науқастың биологиялық субстраттарының көздің кілегей қабығына түсуі.
- •Науқастың биологиялық субстраттарының бет және ерінге жұғуы кезінде істеу қажет:
- •Мұрынның кілегей қабығына биологиялық субстраттардың түсуі кезінде істеу қажет:
- •Өте ластанған кұрал-сайманмен қол саусақтарын жарақаттау.
- •4. Сабақтың мақсаты:
- •6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
- •7. Әдебиеттер:
- •4. Сабақтың мақсаты:
- •6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
- •7. Әдебиеттер:
- •4. Сабақтың мақсаты:
- •6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
- •7. Әдебиеттер:
- •14 Диета
- •15 Диета.
- •4. Сабақтың мақсаты:
- •6. Материалды-техникалық жабдықталуы:
- •7. Әдебиеттер:
- •Артериалды қан қысымын анықтау
- •Тыныс алу жиілігін санау. Тыныс алуды дқадағалай отырып, оның жиілігі, тереңдігін, ырғақтығын, тыныс алу түрлерін бақылау қажет
4. Пәннің мазмұны.
Кіріспе.
Типтік оқу бағдарламасында кәсіптік қарым – қатынас орнату және науқастарға қызмет көрсету мәдениетіне; күтім ісінің кіші медбикесінің және жалпы практикадағы медбикесінің құзіреттіліктерінің талаптарына енетін, аурухана ішілік жұқпаның алдын – алу, науқас пен медбикеге қауіпсіз ауруханалық ортаны қамтамасыз ету, хәлі ауыр науқастарды күту, қарапайым медбикелік манипуляцияларды игеру бойынша сұрақтарды меңгеруге ерекше көңіл бөлінеді.
Бөлім 1
«Медбике ісі негіздері» пәніне кіріспе. Медбике ісінің маңызы.
Тақырып 1.1
Медбике ісінің даму тарихы және философиясы.
«Медбике ісі » түсінігінің анықтамасы. Медбике ісінің негізгі міндеттері мен мақсаттары. Медбике ісінің даму тарихы. Медбике ісінің дамуындағы Ф. Найтингейль, В. Хендерсонның қосқан үлесі. Медбике ісі философиясының негізгі принциптері.
Тақырып 1.2
Медициналық этика, деонтология және биоэтика. Мейірбике ісіндегі қарым-қатнас.
«Этика», «деонтология», «биоэтика» терминдерінің анықтамасы. Медбикелік этика мен деонтология принциптері. Биомедициналық этиканың модельдері. Медициналық этикет және ұжымдағы өзара қарым қатнас. Медбикеге қойылатын, деонтологиялық талаптар ( И. Харди бойынша медбикелердің түрлері). Ятрогенді аурулар. Қарым қатынас түсінігі және функциясы. Қарым –қатынас тәсілдері. Қарым-қатынас тиімділігінің критерилері.
Бөлім 2
Медициналық көмекті ұйымдастыру.
Тақырып 2.1
Медициналық мекемелердің негізгі түрлері.
Әртүрлі медициналық мекемелердегі медбикелер қызметінің негізгі бағыттары. Үлгілік медициналық мекемелердің құрылымы және жұмысын ұйымдастыру. Қабылдау бөлімшесінің құрылысы және жұмысын ұйымдастыру. Аурухана және емханадағы медбикелердің лауазымды міндеттері. Күту ісінің кіші медбикесініңм лауазымды міндеттері.
Тақырып 2.2.
Қабылдау бөлімшесі медбикесінің міндеттері.
Қабылдау бөлімшесі медбикесінің этика және деонтология ерекшеліктері. Қабылдау бөлімшесінде алғашқы сағатта болған науқастың күрделі мәселелерін айқындау. Науқастарға санитарлы-гигиеналық тазартуды жүргізу: терісін, шашын, көрінетін сілемейлі қабықтарын қарау; тырнақтарын алу, қырындыру, душтын астында жуындыру, сүрту, гигиеналық ваннаны қабылдау. Битшеңдік айқындалғанда санитарлық тазартуды жүргізу. Антропометриялық өлшемдерді жүргізу.Қабылдау бөлімшесінің медициналық құжаттарын толтыру. Емдеу бөлімдеріне науқастарды тасымалдау.
Бөлім 3
Жұқпа қауіпсіздігі. Жұқпалы ауруларды бақылау.
Тақырып 3.1
Ауруханалық жұқпаның пайда болу себептері және эпидемиологиясы.
«Арухана ішкілік жұқпалы ауру» АІЖА (ауруханалық, госпиталдық, нозокомиалды) түсінігінің анықтамасы. АІЖА- таралу жолдары мен механизмі. ММ жұқпаның көздері. Ауруханалық жұқпаның резервуары, ММ микроорганизмдердің мекендейтін жерлері. АІЖА өсу себептері. Госпиталдық жұқпаның этиологиясы. Ең маңызды ауруханалық жұқпаның эпидемиологиясы және адам ағзасында бактериалды жұқпаның негізгі қоздырғыштарының мекендейтін жерлері.
Хирургиядағы , урологиядағы, акушерия және гинекологиядағы, стоматологиядағы, педиатриядағы аурухана ішілік жұқпалы ауру және онымен күресу. Аурухана ішкілік жұқпалы аурудың алдын - алу бойынша санитарлы - гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралар жиынтығы.
«Жұқпалы ауруды бақылау», «жұқпалы ауру үдірісі» түсініктері. Жұқпалы ауруды бақылау тобынын құрылымы, мақсаттары, міндеттері. Санитарлы-эпидемияға қарсы тәртіп бойынша негізгі нормативтік құжаттар.
Тақырып 3.2
Аурухана ішілік жұқпалы ауруды алдын - алу қауіпсіздігі және бақылау шаралары.
«Медициналық қалдықтар» анықтамасы. Медициналық қалдықтардың жіктеуі. ММ медициналық қалдықтарды жинауға, уақытша сақтауға, тасымалдауға және жоюға қойылатын санитарлы-эпидемиологиялық талаптар. Қорғаныш киімдердің қолдану ережелері. Медициналық қызметкердің қолын өндеу деңгейлері. Залалсыздандырылған қолғапты кию және шешу. Жұмыс орынындағы мейірбикенің қауіпсіздік ережелері. Жұқпа қауіпсіздігіне науқасты және оның туысқандарын оқыту.
Тақырып 3.3
Медициналық мекемелеріндегі санитарлы-эпидемияға қарсы шаралар. Зарарсыздандыру.
«Зарарсыздандыру, дезинсекция, дератизация» түсініктері. Зарарсыздандыру түрлері, әдістері және деңгейлері. ҚР және таможня союзі қатынасушы- мемлекеттері аймағында қолдануға рұқсат берілген зарарсыздандыру заттары. Зарарсыздандыру ерітінділерінің қауіпсіздігіне байланысты жіктеуі. Бөлек объектілерді зарарсыздандырғанда зарарсыздандыру заттарының шығындау нормасы. Науқастардың күтім заттарын зарарсыздандыру . Медицинада тағайындалған бұйымдарға зарарсыздандыру жүргізу жағдайына қойылатын санитарлы-эпидемиологиялық талаптар.
Тақырып 3.4
Бөлмелерді жинуға қойылатын санитарлы-эпидемиологиялық талаптар.
Палаталық , функциональды бөлмелерде, кабинеттерде, операциялық блокта, таңу бөлмесінде, босанатын залда, егу кабинетінде, манипуляциялық және залалсыздандыру бөлмелерінде қарқынды терапиялық палаталарда, асептикалық тәртібі бар бөлмелерде, жаңа және шала туған балалар , 1 жасқа дейінгі балалар палаталарында, жұқпалы аурулар бокстарында тазарту түрлерін жүргізу, олардын реттілігі. Ультрафиолетті сәулелендіргішті қолдану. Бастапқы тазартуды жүргізу ерекшеліктері. Науқастарға, босанатын әйелдерге ішкі киімін ауыстыру реттілігі. Лас киімдерді жинау және уақытша сақтау, таза киімдерді сақтау, тасымалдау.
Тақырып 3.5
Медициналық мекемелеріндегі санитарлы-эпидемияға қарсы шаралар. Залалсыздандыру.
«Антисептика», «асептика», «залалсыздандыру» анықтамасы. Залалсыздандыру әдістері. Орталық залалсыздандыру бөлімшесінің құрылысы. Медицинада тағайындалған бұйымдарға залалсыздандыруды жүргізу жағдайына қойылатын санитарлы-эпидемиологиялық талаптар. Жуушы ерітіндінің құрамы және температурасы, ұстау уақыты, қолдану реттілігі.Залалсыздандыру алдындағы тазарту сапасына бақылау жүргізу. Залалсыздандыру үшін медициналық тағайындау бұйымдарды орау. Залалсыздандыру қораптарының (бикстердің) түрлері және оларды залалсыздандыруға дайындау. Залалсыздандыру қораптарына материалдарды салу әдістері ( универсалды, түрлік).
Бөлім 4
Науқасқа және қызметкерлерге арналған қауіпсіз ауруханалық орта.
Тақырып 4.1
Жұмыс орнындағы медбикенің қауіпсіздігі. (кәсіптік қауіпсіздік).
Медбикелердің денсаулығына зиянды әсер ететін факторларды:
ауыр заттарды сонын ішінде науқастарды тасмалдаумен байланысты физикалық жүктеме;
улы заттар, сонын ішінде зарарсыздандыру заттары, кейбір фармакологиялық заттар, жуушы заттар және қолғаптар (кәсіптік дерматит)
жұқпа жұқтырған науқастармен олардың бөліністерімен, жарақат бөлінісі мен таңғыштармен, төсек орынмен жанасқанда;
радиация -әртүрлі сәулелер көздерімен жанасқанда; - рентгенаппараттары, сканерлер, электронды микроскоптар, радиоактивті изотоптармен және науқастардың радиоактивті бөліністерімен (құсық, зәр, нәжіс);
стресс және жүйкенің тозуы. Эмоционалды күю «Burnout» синдромы түсінігі.
Тақырып 4.2
Бөлімшедегі емдеу-сақтандыру тәртібі, олардың элементері, маңызы.
Емдеу- сақтандыру тәртібі туралы түсінік. Науқасқа психологиялық жайлы жағдай жасау. Емдеу бөлімшесіндегі күн тәртібі. Қозғалыс белсенділік тәртіп түрлері. Қимыл - қозғалыс белсенділігі шектелген науқастың күрделі мәселелері. Функциональды кереуетті қолдану.
Тақырып 4.3
Науқастың қаупсіздігі.
Халі ауыр науқасты қаупсіз тасымалдау ерекшеліктері; каталкаға, отырғыш каталкаға, зімбілге . Халі ауыр науқастарды ауыстырып жатқызу әдістері. Ұстау, жүргенде көмек көрсету, төсектегі қалі ауыр науқастың орнын ауыстыру. Көтеретін қосалқы заттар және көтеретін құралдар. Таяқпен , балдақпен және ходунокты қолдануды науқасқа үйрету.
Бөлім 5
Жеке бас тазалығын жүргізгенде науқасқа көмек көрсету.
Тақырып 5.1
Өзіне - өзі қызмет ету тапшылығы бар науқастарға күтім көрсету принциптері.
Емнің тиімді болуы үшін науқастың жеке бас тасалығын сақтаудың маңыздылығы. Төсекті дайындау, ақ жайманы көлденең және ұзынынан ауыстыру әдістері, төсек орынды ауыстыру, халі ауыр науқастың ішкі киімін ауыстыру. Науқастың терісіне қойылатын гигиеналық талаптар. «Пысынау», «былжырау», «ойылу» анықтамалары. Ойылудың пайда болуына әкелетін негізгі және де басқа факторлар. Ватерлоо және Нортон шкаласы бойынша ойылудың даму қауіпін сандық бағалау. Ватерлоо бойынша ойылдудың даму қауіпі кезінде қолданылатын алдын алу және қосымша заттар. Ойылуды болдырмау үшін кеңестер беру. Жатқан науқаста ойылу пайда болу қауіпі болған кездегі күтім жоспары. Ойылуды емдеу, ойылудың алдын - алу бойынша науқастар мен оның туысқандарына ереже- нұсқау құрастыру. Бұлшық еттік релаксация және арқаға стимуляциялық уқалауды қолдану. Ауыз қуысын, тісін, тіс протездерін күту, тісті тазарту. Ес-түссіз жағдайдағы науқастың ауыз қуысын күту. Науқасты қырындыру. Көзді, мұрынды, құлақты күту. Халі ауыр науқастың басын жуу, шашын тарау. Төсектегі халі ауыр науқастың аяғын жуу, қолдағы және аяқтағы тырнақты алу. Судноны, зәр қабылдағышты беру. Әйел мен ер адамның жыныс мүшелерін жуу. Науқасқа өздігімен судноны және зәр қабылдағышты қолдануына көмектесу. Зәрі және нәжісі тоқтамаған науқастарды күту.
Бөлім 6
Науқастың тамақтануы және тамақтандыру.
Тақырып 6.1
Медициналық мекемелерде емдік тамақтануды ұйымдастыру.
Науқастарды тамақтандыру.
Диетология , емдік тамақтану, диета, тамақтану тәртібі, тамақтану түрлері, емдік (диеталық) столдардың түрлері туралы түсініктер. Тамақ үлестіретін жерге, аға медбикеге және тамақ дайындайтын блокка үлестік- талапты құрастыру. Тамақ дайындайтын блокта даярланған тамақтың тәуліктік сынамасын сақтау. Аурухана бөлімшесінің буфетіне дайын тамақты жеткізу ережелері (ыдыс, тасымалдау). Дайын тамақты үлестіру ережелері (1-ші ас түрлері мен ыстық сұйықтықтар, 2 ас түрі, салқын ас түрлері және сұйықтықтардың температурасы). Ыдысты тазарту реттілігі. Халі ауыр науқасты қасықпен, су ішкіш көмегімен тамақтандыру. Буфетті , асхананы санитарлы-гигиеналық тазарту. Науқастарға келушілерді және алып келген тамақтарды бақылау. Кереует жанындағы тумбочкінің, тоңазытқыштың санитарлық жағдайын және тағамдардың сақталу мерзімінің бақылау.
Бөлім 7
Науқастың функционалды жағдайын бағалау.
Тақырып 7.1
Дене қызуын өлшеу. Тамыр соғуды зерттеу. Қан қысымын өлшеу. Тыныс алуды бақылау.
Қызуды реттеу, қызуды бөлу, қызуды шығару, термометрия туралы түсініктер. Қызба туралы түсінікті, қызбаның жіктелуі. Қолтық ойысынан дене қызуын өлшеу. Қызудың мәліметін сандық түрде қызу журналына және графикалық сызба түрінде қызу парағына тіркеу. Қызба кезіндегі көмек және күтім. Артериальды тамыр соғу туралы түсінік, оның қасиеттері және әртүрлі физиологиялық және патологиялық жағдайлардағы өзгерістері. Дені сау адамның тамыр соғу жиілігі. Тахикардия және брадикардия түсініктері. Тамыр соғуды зерттейтін жерлері. Кәріжілік артериясындағы тамыр соғуды есептеу. Тамыр соғуды зерттеу мәліметін сандық түрде бақылау парағына және графикалық түрін қызу парағына тіркеу. Венозды, артериальды қысым туралы түсініктерді, олардың эмоциялық жағдайда, күш жұмсауда, қарт жастағы адамдарда сыртқы орта жағдайына байланысты өзгерістері. Систолалық және диастолалық қан қысымының қалыпты көрсетілімдері. «Жұмысшы қан қысым» туралы түсінік. Артериалды гипертензия және гипотензия түсініктері. Иық артериясынан артериалды қысымды өлшеу. Науқасты. өздігінен қан қысымын өлшеуге үйрету. Артериальды қысымның алынған нәтижесін сандық түрде бақылау парағына және графикалық түрін қызу парағына тіркеу. Тыныс алу туралы түсінік. Тыныс алу түрлері. Тыныс алудың мүмкін болатын өзгерістері. Тыныс алудың патологиялық түрлері. Ересек адамның тыныс алу қозғалысының жиілігі (әйелде, ер адамда, жатқан қалыпта, тұрған қалыпта). Тыныс алудың өзгеруіне әкелетін факторлар. Тыныс алу қозғалысының жиілігін, тереңдігін, ритмін анықтау.
Бөлім 8
Қан айналысына әсер ететін шаралар.
Тақырып 8.1
Қарапайым физиотерапиялық емшараларды қолдану.
«Физиотерапия» түсінігі. Қарапайым физиотерапиялық емшаралардың ағзаға әсер ету механизмі туралы түсінік. Қыша қағаздарын, қыздыру, дәрілік, салқын және ыстық компрестерді қою, жылытқыш пен мұзды қабықты мұзбен беру, термокөрпені қолдану мақсаттары, қолдану көрсетілімдері және қарсы көрсетілімдері.
Бөлім 9
Науқасты лабораториялық зерттеулерге дайындау және биологиялық материалдарды алу.
Тақырып 9.1
Науқасты лабораториялық зерттеу әдістеріне дайындау және зәр мен нәжісті жинау.
Лабораториялық зерттеу әдістері туралы түсініктер, зерттеу мақсаты мен маңызы, лабораториялық зерттеулерге арналған биологиялық материалдардың түрлері. Науқасты зерттеуге дайындау, биологиялық материалды жинау үшін ыдысты дайындау. Әртүрлі лабораториялық зерттеу түрлеріне жолдама жазу. Науқасқа және оның туысқандарына амбулаториялық жағдайда зәр мен нәжісті жинау ережелерін үйрету. Зерттеуге зәрді жинау: жалпы клиникалық сараптамаға, Нечипоренко әдісі бойынша, Зимницкий әдісі бойынша. Зерттеуге нәжісті жинау: копрологияға, жасырынды қанға, іш құртының жұмыртқасына. Зерттеу үшін биологиялық материалды дұрыс сақтау және клиникалық лабораторияға тасымалдау. Биологиялық материалға (зәр, нәжіс) зарарсыздандыруды жүргізу. Науқастың қолданған күтім заттарына құралдарына, ыдыстарына зарарсыздандыруды және залалсыздандыру алдындағы тазартуды жүргізу.
