Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
med_is_neg_2k_kz.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
311.14 Кб
Скачать

Науқастың биологиялық субстраттарының бет және ерінге жұғуы кезінде істеу қажет:

  1. Стерильді 2 лотокты, стерильді корнцанг, апат кезінде қолданылатын аптечканы дайындау.

  2. Аптечкадан таңу материалдары бар крафт-пакетті алып, лотокқа қою.

  3. Аптечкадан 70° спирт немесе калий перманганатының 0,05 % ерітіндісін алу.

  4. Стерильді марля шарикті 70° спиртке немесе калий перманганатының 0,05 % ерітіндісіне батырып, бет терісінен және еріннен науқастың биологиялық субстратын шымшып алу. Қолданылған таңу материалын лотокқа тастау

  5. Бет терісін және ерінді 70° спиртке немесе калий перманганатының 0,05 % ерітіндісіне батырылған стерильді марля шарикті қайта өңдеу.

  6. Ауыз қуысын 70° спиртке немесе калий перманганатының 0,05 % ерітіндісімен шайқау.

Мұрынның кілегей қабығына биологиялық субстраттардың түсуі кезінде істеу қажет:

Медицина қызметкері мұрынның кілегей қабығына биологиялық субстраттардың түсуі кезінде істеуі қажет:

  1. Стерильді 2 лоток. Стерильді корнцанг, апатта қолданылатын аптечканы дайындау.

  2. Пипеткалар бар крафт-пакетті және таңу материалдары бар крафт- пакетті алып, лотокқа қою.

  3. Крафт-пакеттегі пипетканы протарголдың 1% ерітіндісін тамызып, басын төмен түсіру. (мұрыннан лотокқа ағады)

  4. Мұрынға стерильді марля шарик қою.

Ескерту: Лотокты қолданғаннан кейін хлораминнін 3% ерітіндісімен 60 мин дезинфекциялау, қолданылган таңу материалдарын ыдысқа салып, хлорлы әктің 3% ерітіндісін құйып, 6О мин ұстау.

Өте ластанған кұрал-сайманмен қол саусақтарын жарақаттау.

Өте ластанған құралдармен қол саусақтарын жарақаттау кезінде істеу қажет:

  1. Апатта қолданылатын аптечканы, стерильді биксті, 2 лотокты, стерильді корнцангты дайындау.

  2. Резеңке қолғапты шешпей тұрып, жарақаттанған жердің қанын шығару, сосын резеңке қолғапты шешіп, хлораминнін 3% ерітіндісі бар ыдысқа салу.

  3. Таңу материалдары бар крафт-пакетті аптечкадан алып, лотокқа қою.

  4. Аптечкадан 70° этил спиртін, йодтың 5% ерітіндісін ал.

  5. Жарақаттың бетін 70° этил спиртіне батырылған стерильді шарикпен өндеп, қолданылған материалдарға арналған лотокқа тастау.

  6. Сабынды сумен жуу.

  7. Жарақат бетін стерильді шарикпен құрғатып, шарикті лотокқа тастау.

  8. Жарақат бетін 70° этил спиртімен қайта сүртіп, йодтың 5% ерітіндісімен өңдеу.

9. Жарақат бетіне бактерицидті к пластырь қою. 10. Кейін резеңке саусаққап, одан кейін резеңке қолғап кию.

11 Ұсынылған инструкцияға сәйкес қолданылған заттар және таңу материалды дезинфекциялау.

12.Стерильді резеңке қолғап кию.

ІЗ. Резеңке қолғаптарды ыдысқа салып, дез. ерітіндімен (хлораминнің 3% ерітіндісі) құйып, 6Омин қою.

Ескерту: Қолданылған таңу материалдарын хлорлы әктің 3% ерітіндісі бар ыдысқа І сағ салып қою. Жуынды сулары бар ыдысқа құрғақ хлорлы әкті І сағ қою. Лотокты дез. ерітіндісі бар ыдысқа салу. Экспозицияны таңдалған дез. ерітіндіге байланысты.

АИТВ (адамның иммунтапшылық вирусы) жуқтырған немесе ЖИТС-мен (жүре пайда болған иммунтапшылық синдром) ауыратын науқасқа көмек көрсеткеннен кейінгі инфекциялық қауіпсіздік.

АИТВ-ын жұқтырған немесе ЖИТС-мен ауыратын науқасқа көмек көрсеткеннен кейін мед.қызметкерлері:

  1. Хлораминнің 3% ерітіндісі бар ыдыста резеңке қолғапты шешпей жатып қолын өңдеу;

  2. Резеңке қолғаптарды шншіп, осындай ерітіндісі бар басқа ыдысқа салып, дез. ерітіндімен толтыру;

  3. Таза резеңке қолғап кию;

  4. Қолданылған резеңке қолғаптарды дез. ерітіндімен толтыру;

  5. Халатты шешіп, сыртын ішке қаратып орау;

  6. Халатты ластанған киімдерге арналған қапқа салу;

  7. Резеңке қолғапты шешу;

  8. Масканы шешу;

  9. Аяқ киімді ауыстыру;

10. Ағынды су астында қолын 2 рет сабынмен жуып сүлгімен сүрту.

Манипуляциядан кейін:

  1. құрал-сайманды келесі дез. ерітіндіге салу: хлораминнің 3% ерітіндісіне - экспозициясы - 6Омин; сутегінің асқын тотығының 4% ерітіндісіне - экспозициясы - 6Омин; виноның тотығының 4% ерітіндісіне - экспозициясы – 10 мин.

  2. стерилизациядық тазалау және стерилизацияны «медицинада қолданылатын заттарды зарарсыздандыру және дезинфекциялау әдістері, қүралдары, тэртіптері» Сан Пи Ну №9 01-001-76; «АИТВ эффективті күресудегі зарарсыздандыру және дезинфекция әдістемелері бойынша нұсқаулар» БДЦСҮ инструкциясы, СПИД сериясы №2 1989ж сәйкес орындау.

  3. манипуляциядан кейін жұмыс столының бетін хлораминнің 3% ерітіндісіне малынған жөкемен 2 рет өңдеу.

  4. жуып болған соң резеңке қолғапты дез. ерітіндімен шешу.

  5. резеңке қолғапты дез. ерітіндісі бар ыдысқа салу.

  6. халат, масканы шешіп, ластанған киімдерге арналған резеңке қапқа салу.

  7. Ағынды су астында қолын 2 рет сабынмен жуып сүлгімен сүрту. Ескерту: Қанмен ластанған жұмыс столын манипуляция уақытында тез арада сутегінің асқын тотығының 4% ерітіндісіне және 15мин кейін 0,5% жуу ерітіндісіне малынған жөкемен өңдеу, жұмыс аяқталғаннан кейін стол бетін хлораминнің 3% ерітіндісіне малынған жөкемен 2 рет өңдеу. Кейін жөкені хлораминнің 3% ерітіндісі бар ыдысқа салу.

10. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)

Тақырып бойынша қажетті материалдарды дәптерге конспект ретінде жазып отыру.

11. Жаңа тақырыпты бекіту. 9 мин (10%)

ТЕСТ

1. Қол саусақтарын өте ластанған құрал-сайманмен жарақаттау кезіндегі шаралардың тәртібін анықтау:

  1. жарақат бетін 70% спиртпен өңдеу

  2. жарақаттан қанды шығару

  3. резеңке қолғапты шешу

  4. бактерицидтік пластырь қою

  5. йодтың 5% ерітіндісімен өндеу

2. Арнай киім қанмен ластанғанда:

  1. ағынды сумен жуу

  2. хлораминнің 3% ерітіндісіне салу

  3. сутегі асқын тотығының 3% ерітіндісіне салу

3. Беткейдің қан және басқа да биологиялық сұйықтықтармен ластануы кезінде залалсыздандырады:

  1. І сағ хлораминнің 1% ерітіндісімен

  2. І сағ хлораминнің 3% ерітіндісімен

  3. сутегі асқын тотығының 3% ерітіндісімен

  4. сутегі асқын тотығының 6% ерітіндісі

  5. 70% этил спиртімен

4. Биологиялық сұйықтықтардың мұрынның кілегей қабығына түсуі кезінде:

  1. мұрынды фурациллин ерітіндісімен жуу

  2. мұрынға протарголдың 1% ерітіндісін тамызу

  3. калий перманганаттың 0,05% ерітіндісімен мұрынды жуу

  4. мұрынға 70° этил спиртін тамызу

5. Биологиялық сұйықтықтардьщ көздің кілегей қабығына түсуі кезінде:

  1. көзді фурациллин ерітіндісімен жуу

  2. көзге протарголдың 1% ерітіндісін тамызу

  3. калий перманганаттың 0,05% ерітіндісімен көзді жуу

  4. көзге 70° этил спиртін тамызу

6. Егу бөлмесіндегі сақтану ережелеріне жатпайды:

  1. мүмкіндігінше 1 рет қолданылатын құрал-саймандар қолдану

  2. қанмен ластанған құрал-саймандар жойылады

  3. манипуляциялар латексті қолғаптармен жүргізіледі

  4. қолын жөкемен жууға болмайды

  5. апаттарда қолданылатын аптечкалар болуы керек.

7. Жұмыс орындарындағы медбике қауіпсіздігінің жалпы шараларына жатпайды:

  1. қолды жуу деңгейін сақтау

  2. биологиялық сұйықтықтармен жұмыс істегенде резеңке қолғап кию

  3. резеңке қолғапты шешкеннен, қолды жуу

  4. қолданылған құрал-саймандардың дезинфекциясы

  5. ЖИТС-мен ауыратын науқастың қанымен жұмыс істеу кезінде респираторды қолдану

Ситуациялық есептер

  1. Медбике вирусты гепатит В-мен ауыратын науқасты егу кезінде саусағын шаншып алды. Мұндай жағдайда не істеу керек?

  2. Медбике егу бөлмесінде биохимиялық тексеруге науқастан қан алды. Жолдама бланкісін пробиркаға салды. Медбике дұрыс істеді ме?

  3. Медбике биохимиялық тексеруге алынған қанды зертханаға апарды. Бара жатқан кезде сүрініп қалып, пробиркадағы қанның тамшылары көзіне түсті. Мұндай жағдайдағы медбикенің іс-әрекеті.

  4. Қабылдау бөлмесіне науқас артериалды қан кетумен түсті. Шұғыл көмек көрсету кезінде медбике бетіне және еріндеріне қан жұғып кетті. Мұндай жағдайдағы медбикенің іс-әрекеті.

12. Сабақты қорытындылау. 2 мин (2%)

Оқытушымен кері байланыс, теориялық сабақ барысында туындаған қателіктер мен қиыншылықтар талқыланады. Әр оқушыға сабақта алған бағасы хабарланады.

13. Үйге тапсырма беру. 2 мин (2%)

Н-1, 1 - бөлім, 4 – 154 бет

11 - сабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Бөлімшедегі емдеу – сақтандыру тәртібі, оның элементтері, маңызы.

2. Сағат саны: 2 (90 мин - 100%)

3. Сабақ түрі: теориялық

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]