Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
med_is_neg_2k_kz.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
311.14 Кб
Скачать

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтикалық Академия

Техникалық және Кәсіптік Білім Беру Факультеті

Мейірбике ісі кафедрасы анестезиология және

реаниматология курсымен

Бекітемін

ТжКББФ деканы

_____________ М.Ә. Отыншиев

«______» ____________ 2013 ж.

Жұмыс бағдарламасы

Пән: «Мейірбике ісі негіздері»

Мамандығы: 0302000 - «Медбикелік ісі»

Біліктілігі: 0302033- « Жалпы практикадағы медбике»

Курс: 2

Семестр: 3, 4

Cағат саны: 178

Шымкент 2013 ж.

Жұмыс бағдарламасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 492 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес құрылды.

Кафедра мәжілісінде қаралды.

«____» _____ _____________ 2013 ж. Хаттама № _______

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., доцент А.Ә. Әлдешев

Әдістемелік кеңес мәжілісінде бекітілді.

«____» ______ ___________ 2013 ж. Хаттама № _______

Әдістемелік кеңес төрайымы Н.Р. Джуманкулова

Дайындаған оқытушы Л.М.Тагабаева

Бағдарлама:

  1. Алғы сөз

Медбике ісі (ДДСҰ) – халықтың денсаулығын нығайтуға, аурулардың алдын алуға, физикалық және психикалық аурулары бар адамдарға, сондай ақ еңбекке жарамсыз науқастардың барлық топтарына психо – әлеуметтік көмекті және күтімді көрсететуге бағытталған денсаулық сақтау жүйесінің бір бөлігі.

МЖБС сәйкес осы үлігілік оқу бағдарламасын жүзеге асыруда 0302000 «Медбикелік іс» мамандығында II семестрде «Медбикелік ісі негіздері» пәні бойынша қорытынды аттестациялауды II кезеңмен жүргізу қарастырылды:

I кезең теориялық – тестілеу, II кезең практикалық – практикалық тапсырмаларды орындау. Емтихан қорытынды аттестациялауға бөлінген мерізімде өткізіледі.

Құзыреттілік аймағы тізімі оқыту үшін міндетті болып табылады және оларды азайтуға болмайды, бірақ оқитын құзыреттілікті тереңдетіп өзгертуге және кеңейтуге болады.

Жұмыс оқу бағдарламасын құрастырғанда білім беру мекемесі құқықты:

  • оқу уақытын игеруге бөлінген жалпы оқу уақытының көлемін сақтай отырып, үлгілік оқыту жоспарында пәнге бөлінген оқыту уақытын 25 % өзгертуге.

Пәннің мақсаты: болашақ маманға кәсіптік құзыреттілікті қалыптастыру.

Пәннің міндеттері:

Дағдылар мен іскерлікті игеру бойынша:

  • науқастардың жалпы күтімі;

  • медициналық мекемелердегі жұқпа қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

  • науқастармен және оның туысқандарымен әсерлі қарым – қатынас орнату;

  • науқастарды тамақтандыру;

  • науқасты қауіпсіз жылжыту, төсекте науқасты әртүрлі қалыпта жатқызу;

  • науқасты лабораториялық зерттеу әдістеріне дайындау;

  • қарапайым физотерапиялық әдістерді қолдану;

  • науқастың функциональды жағдайын бағалау;

Пәнді оқытудың соңғы нәтижелері (құзыреттлікттері)

Модуль: НЕГІЗГІ МЕДБИКЕЛІК КҮТІМ

Стандартта және білім беру бағдарламасында жоспарланған оқыту нәтижелері

Үлгілік оқу бағдарламасында жоспарланған нәтижелер

Студент келесі құзыреттіліктерді иигерулері тиіс:

Базалық:

БҚ-2 Этика.

БҚ-2.2 Этикалық принциптер. Кәсіптік этикалық принциптер жолын ұстануын көрсетеді;

БҚ-2.3 Эстетика. Жұмыс ортасының этикасын бағалайды және қолдайды.

БҚ-3 Коммуникация және командада жұмыс істеу.

БҚ-3.1 Коммуникациялық дағдылар. Жағдайды есепке ала отырып әртүрлі адамдармен әсерлі қарым-қатынасты көрсетеді.

БҚ-3.2 Командамен жұмыс істеу. Әртүрлі топпен жұмыс істей отырып, жауапкершіліікті көрсете алады.

Кәсіптік

КҚ-2 Қауіпсіздік және сапа

КҚ-2.3 Стандарттар: Қауіпсіздікті және медициналық қызмет сапасын қамтамассыз ету үшін стандарттарға сәйкес ем шараларды орындайды

Пәнді оқып білу нәтижесінде студент тиіс:

Білу:

-Мейірбике ісі философиясы мен тарихын;

- медициналық этика, деонтология және биоэтика негіздерін;

- медициналық мекемелер түрлерін және мейірбикелердің жұмыс жасау принциптерін;

- медициналық мекемелерде санитарлы-эпидемияға қарсы тәртіп ережелерін қамтамасыз етуді;

- ауруханада емдеу-сауықтыру тәртібін ұйымдастыру ережелерін ;

- өзіне-өзі қызмет ету тапшылығы бар науқасты күту принциптерін;

- хәлі ауыр науқасты қауіпсіз тасымалдау ережелерін;

-медициналық мекемелерде емдік тамақтануды ұйымдастыру принциптерін;

- қарапайым физиотерапиялық емшараларды жүргізу ережелерін;

- науқастарды лабораториялық зерттеу әдістеріне дайындау ережелерін:

Істей білуі:

- медициналық мекемелер бөлімшелеріндегі жұмысты ұйымдастыруды;

- медициналық мекемелерде жұқпа қауіпсіздігін қамтамасыз етуді;

- емдік тамақтануды ұйымдастыруды және науқастарды тамақтандыруды;

- науқастардың функциональды жағдайын бағалауды;

- қарапайым физиотерапиялық емшараларды орындауды;

-хәлі ауыр науқастарға гигиеналық емшараларды жүргізуді;

- жұмыста кәсіптік этиканы сақтауды;

-науқаспен және оның туысқандарымен әсерлі қарым-қатынасты қолдануды;

- науқасты қауіпсіз тасымалдауды, ауыстыруды және жатқызуды орындауды;

- науқастарды лабораториялық зерттеу әдістеріне

- дайындауды және биологиялық материалды алуды.

Пәннің пререквезиттері және постреквезиттері

Пререквезиттер: анатомия, физиология, латын тілі, фармакология негіздері, психология және коммуникативті дағдылар негіздері.

Постреквезиттер: клиникалық пәндерге кіріспе.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]